113
Ғалымдар көптік мағына беруші синтаксистік тәсілдің екі жолын
көрсеткен: 1) жеке сөздердің тіркесуі арқылы көптік мағынасын беру,
мысалы: мың түрлі ой, екі аяқ қымыз, үш қап бидай, бірнеше кітап,
әлденеше мотоцикл, көп адам, талай уақыт, сыпыра жұрт, өңшең кедей,
соншама алтын, қалың елім, ауыр әскер, ел болып, мемлекет болып, құс
атаулы, гүл атаулы, қаптап кетті, самсаған қол, жинаған ел және т.б., 2)
бала-шаға, қыз-келіншек, кемпір-шал, жаман-жақсы, алыс-жақын, мая-
мая шөп, қап-қап астық, сөйлей-сөйлей, келе-келе, шай-пай, сарт-сарт,
бұрқ-бұрқ т.б. [22;26-29].
Келтірілген мысалдардың барлығында көптік мағынамен қатар
жалпы мағына бар. Мәселен,
орыс, қазақ десек бір ғана бір ғана
орысты, қазақты емес жалпы ұлт атауын, көп орыс пен қазақты
айтамыз.
Тіл құрылысында көптік мағына заттың белгісіздігін беруші
тәсілдердің бірі болып табылады. Басқаша айтатын болсақ, көп зат
дегеніміз зат санының белгісіздігі. Енді осы мәселенің зерттелуіне
шолу жасау барысында есімдік, нақты айтсақ, белгісіздік есімдік
тақырыбын қозғауға тура келеді.
Тілді зерттеген ғалымдардың пікірінше, (Ә.Хасенов, М.Оразов)
жалпы тіл білімінде, әсіресе үндіеуропа тілін зерттеушілер арасында
белгілілік пен белгісіздік категориясын зерттеу бұрыннан бар нәрсе
болса, түркі тілдерінде белгілілік пен белгісіздік категориясы жоқ
делінеді. Қазақ тілінің оқулықтарында, грамматикаларында белгісіздік
мәселесі тек қана белгісіздік есімдік аясында ғана қарастырылған.
Осы мәселе жөнінде Н.М.Құрманбаев өзінің «Происхождение
грамматических категорий» (1981) зерттеуінде былай деген: «В
неопределенных местоимениях многих языков все еще узнаются их
именные основы. Часто такой основой служит имя числительное
«один» часто употребляется в смысле «некий», «некто», в казахском
неопределенном местоимении
біреу «некто» содержится числительное
Достарыңызбен бөлісу: