К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет63/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

С.Мұратбековтың әңгімелері  [45;8-9]. 


116 
 
Ілік  септігінің    түсіріліп  қолданылуы  сөз  мағыналарының 
белгісіздігіне,  жалпылануына  әсер    етсе,  ілік  септігінен  басқа    табыс 
септігі    де  жалғаусыз  қолданылса  абстрактілікті  немесе    белгісіздікті 
білдіреді (ұғымды нақтылау қажетсіз болған кезде ). Мысалы:  Құрғақ 
қасық ауыз жыртар  [46;167]. 
Ғалым  С.Аманжолов  табыс  жалғауының  бұл  түрі  кімді?  нені? 
деген  сұрауға  жауап  беруі  арқасында  әңгімеге  объект  болған  затты 
қадалап айқын көрсетеді дейді [47; 230]. 
Табыс септігі жөнінде  ғалым Ғ.Айдаров: “Табыс  септікте тұрған 
сөздер  ашық түрде  де,  жасырын  түрде де  келе  береді.  Табыс  септіктің 
ашық түрі нақтылы, белгілі нәрсені көрсеткенде қолданылады: Қырқ аз  
будынығ  уда  басдымыз  – Қырық аз халқын ұйқыда бастық / КТБ.,35/, 
ал  табыс    септігінің  жасырын  түрі  кейде  айқын  көрсетілмей, 
көмескіленеді”, – деген [29;94].  
С.Аманжоловтың  анықтауыш  туралы  пікірлеріне  тоқталсақ, 
анықтауыштар  жоқ  болса,  сөйлем  толық  болмайды,  ұғым  шалағай 
екендігі  негізінде  сезіліп  тұрады  деген.  Деректі  анықтауыш  –  сөздің 
дерегін  көрсете  анықтаса;  бұған    зат  есімнің,  есімдіктің  ілік,  табыс, 
құралды  жалғауларындағы  сөздер  және    сол  жалғаулардың  сұрауына 
жауап беретін шылаулы сөз кіретінен айтқан [47;242]. 
Сөйтіп,  белгілілік  және  белгісіздік  мағыналар  ілік  және  табыс 
септіктерінің  жалғаулықты  және  жалғаулықсыз  қолданылуымен 
байланысты.
 
 
Сонымен  қазақ  тілінде  белгілілік  және  белгісіздік  мағыналар 
қызметі  арнайы  зерттелмеген.  Ғалымдар  белгісіз  мағынаны  тек 
белгісіздік  есімдік  мағынасына  ғана  қатысты,  есімдіктердің 
этимологиясына,  жасалуына  сипаттама  бергенде  сөз  еткен.  Белгілілік 
мағына жөнінде ғылыми деректер жоқтың қасы.   
Тіл  біліміндегі  жақты  және  жақсыз  категориялардың  зерттелуі 
мәселесін қарастырайық.   
 Қазақ  тіл  білімінде  жақты  және  жақсыз  категориясы  жіктік 
жалғауын қабылдайтын сөз таптары төңірегінде көп айтылған, сонымен 
қатар  жақты  және  жақсыз  ұғымдарымен  тығыз  байланыста  болатын  
бір негізді сөйлем түрлері деңгейінде  де қарастырылған. 
Жақты  және  жақсыз  категория  тілдердің  басым  көпшілігіне  тән 
ортақ  категориялардың  бірі.  Жақты  және  жақсыз  категория  зат 
есімдерге,  етістіктерге,  кейбір  сын  есімдер  мен  сан  есімдерге    тән 
семантикалық  және  грамматикалық  көрсеткіштерге  аса  бай  тілдік 
категориялардың  бірі.  Қазақ  тіл  білімінде  арнайы  зерттеу  нысанына 
айналмаған. 
Ғалым  жетек  сөздің  қызметіндегі  келдім,  келдік  етістіктерінің  
м,-к жіктік жалғауы арқылы жасалуын үстірт қана айтып кетсе де, бұл 
қолданыстан  жетекші  сөз  (мен,  сен)  бен  жетек  сөз  (келдім,  келдік) 


117 
 
тіркесінен  I  жақты,  жекеше-көпше  мағынаның  бар  екенін  байқауға 
болады.  
Профессор  С.Аманжоловтың  1903–1958  жылдар  арасындағы 
таңдамалы  ғылыми  мақалалары  мен  зерттеулері  енген  «Қазақ  тілі 
теориясының  негіздері»  еңбегінде  сөз  тұлғаларын  зерттеп,  жалғау 
түрлерін  салыстыра  қарастырған.  Ол:  «….жіктік  жалғауымен  септікті 
салыстырсақ,  алдыңғының  синтаксистік  мәні  зор.  Мысалы:  кісімін 
дегендегі  –мін  мен  ілік  жалғаулы  кісінің  деген  сөзді  алсақ,  -мін 
жалғанған  сөзді  тиянақты  етіп  тұр.  Ал  ілік  жалғаулысы  тиянақсыз, 
арты ашық қалып отыр»,-дейді [47; 251]. 
Жіктік  жалғаулары  етістікке  жалғанып,  сөйлем  соңында 
қолданылып, басқа жалғау түрлерінен ойды әрқашанда тиянақтап тұру 
қасиетімен ерекшеленеді. 
Екі сыңардан тұратын, бір-біріне қарама-қарсы бұл категориялар 
туралы мәліметті ғылыми грамматикадан (1967) кездестіреміз. Ғылыми 
грамматиканы  құрастырушы  ғалымдар  жіктелу  қабілеті  бар,  адамға 
қатысты,  жіктеу  есімдіктерімен  предикаттық  қатынасқа  түсетін  зат 
есімдерді жақтылық категориясы деп атаса, керісінше жіктелу қабілеті 
жоқ  яғни  жіктеу  есімдіктерімен  предикаттық  қатынасқа    түспейтін, 
адамнан  басқа  зат  есімдерді  жақсыздық  категориясы  деп  атайды. 
Адамнан  өзге  барлық  нәрселер  мен  құбылыстарға,  жан-жануарға 
қатысты айтылатын зат есімдердің көркем әдебиетте, көбінесе поэзияда 
«адам»  ұғымындағы  зат  есімдердің  орнына  жүріп,  жіктік  жалғау 
формасында қолданылатыны туралы да ғылыми грамматикада пікірлер 
бар. Сөз болып отырған  екі категорияны бір-бірінен даралайтын басты 
белгі, бұл – кім? және не? сұрауларына жауап беру қабілеттері [23;51]. 
Грамматикалық 
категориялардың 
шығу 
тегін 
зерттеген  
Н.М.Құрманбаев  А.Н.Кононовтың,  Н.А.Баскаковтың  пікірлеріне 
сүйеніп,  жіктік  жалғауларының  және  предикативті  суффикстің  шығу 
тегін  анықтаған.  Еңбегінде  А.Н.Кононовтың:  «Тюркологтардың 
пікірлерінше,  түркі  тілдеріндегі  етістіктің  жіктік  жалғаулары  мен 
предикативті  жұрнақтары  есімдіктерден  шыққан»,  -  деген  пікірін 
берген.  Бұл  ойды  қазіргі  араб  тілінің  етістігі  туралы  жазған  тілші 
Г.Ш.Шарбатов та қуаттайды. Н.М.Құрманбаев қазіргі қазақ тіліндегі сіз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет