К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы



Pdf көрінісі
бет6/62
Дата05.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54888
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
 
Жағдаяттық тапсырма.
Әмір осыдан сегіз жыл бұрын үйленген. Басында бәрі жақсы еді. Анасы 
қайтыс болған соң, ауылдағы әкесін қалаға, өз үйіне алып келді. 
Келіншегі Адина Әмірге тура қарап ештеңе айтпағанымен, бір-екі рет 
әкесі туралы сөз қозғалса, шытынап қалатынын байқаған. Бір күні Әмір 
жұмыстан келгенде әкесі киімдерін жинап дайын отыр екен. Баласының 
«қайда жиналдыңыз» деген сөзіне қарт әке “сендер ала таңнан қара 
кешке дейін жұмыстасыңдар, балалар балабақшада, мен жалғыз өзім 
зерігемін, сондықтан қарттар үйіне барсам, өзім қатарлас үлкендермен 
қауқылдасып, сұхбаттасып отырамын ғой” деп жауап берді. Отбасылық 
қандай мәселе туралы айтылып отыр?



2.11. Жаттығу бойынша келесі сөйлемдерді аяқтаңыз және оны өз 
сөзіңізбен толықтырыңыз. 
Отбасы - ... . Отбасы ұрпақтарға ...маңызды орын алады. Қазақ 
отбасында ... . «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген 
қазақ мақалы ... . Отбасында ұл балаға ... . Отбасында қыз балаға ... . 
2.12. Берілген бата сөздердің мағынасын түсіндіріңіз. Бата сөздерін 
жаттап алыңыз. 
Алтын сөз 
Жүйрік тілді ақын бол!
Ұсақ болма, ірі бол! 
Жақсыларға жақын бол! Өз ортаңның гүлі бол! 
Достарыңмен тату бол! Ата-анаңның көзінің 
Дұшпаныңа қату бол! 
Сөнбейтұғын нұры бол! 
(Н.Айтов) 
Сіз өз өміріңізде қандай бата сөздерді естідіңіз. Қандай бата сөздер жиі 
айтылады? 3-4 мысал жазыңыз. 
2.13. Мәтінді оқып, қазақ отбасы және қазақстандық отбасы туралы 
әңгімелесіңіз. 
Қара шаңырақ 
Қазақ отбасында кенже бала (ұл) шаңырақ иесі. Кенже бала 
отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже бала әке-шешесімен бірге 
тұрады. Кенже баланың өз отбасы болғанымен де ата-анасымен бірге 
тұрады. Кенже бала – қара шаңырақ иесі. Қара шаңырақ – үлкен үй, әке-
шеше үйі. 
1. «Қара шаңырақ» сөзіне түсінік беріңіз және мысал сөйлем келтіріңіз. 
2. Қазақ отбасындағы кенже баланың рөлі қандай екеніне мысал 
келтіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет