Адам әр түрлі жеке қасиеттерімен мемлекеттік әсер етудегі тікелей объект ретінде болады. Онда да мақсат жаңа адамдар ұрпағын тәрбиелеу болып табылады, олар «өз ұрпақтарының жауапты әрі энергияға толы өкілдері болады, олар жоғары білімді олардың денсаулықтары жақсы. Олар қазіргі заманғы нарық жағдайында жұмыс істеуге дайын, сонымен қатар олар өз ата-бабаларының дәстүрін сақтайды. Олар қазақ тілін, орыс және ағылшын тілін жетік біледі. Олар бейбіт, алдыңғы қатарлы дамыған әлемге танымал елдің отансүйгіш өкілдері болады».
Жеке тұлға басқарудағы тұтас, жүйелік объект ол адам қасиеттерінің биологиялық, әлеуметтік және рухани бірлігі. Осыған байланысты басқару әсерінің тікелей құралы ол азаматтардың әрекеті болады, ол сыртқы бақылауға түседі және реттеледі, яғни ол адамдардың ерікті түрдегі (саналы) әрекеттері3. Басқа әрекеттер (инстинтивті және т.б.) басқарушылық әсер ету аясынан шығып кетеді. Алайда ол мемлекет санаға, адам әрекетіне әсер ету барысында адамның биологиялық табиғатын естен шығарады деген сөз емес. Еңбекті қорғау мысалы арқылы органикалық байланысты көруге болады және адам дамуындағы әлеуметтік және биологиялық факторлардың байланысын көруге болады. Ол жұмысшылардың жұмысқа қабылдану барысындағы еңбекті қорғау құқықтарына кепілдік беруді анықтау арқылы көрінеді, сонымен қатар жұмыс істеу барысындағы құқықтарына кепілдікті көрсетеді (денсаулықтарына теріс көрсетулері бар адамдары жұмысқа қабылдауға тыйым салынған; зиянды жұмысқа қабылданатын тұлғаларды міндетті медициналық қарау; жасөспірімдерді, мүгедектер мен әйелдерді және т.б. жұмысқа қабылдау барысындағы кепілдіктер мен жеңілдіктер).
Азаматтарға мемлекеттік реттеу объектісі ретінде және субъектісі ретінде құқық нысандарының жалпы санаттары қолданылады: жас ерекшелігі, еріктілік, әлеуметтік. Аталған жағдайда адамның нақты мүмкіндігі туралы айтып отырмыз.
Еріктілік санаты адам қоғамдық-пайдалық қызметтегі мүмкіндігінің еріктілік жағдайымен байланысты. Азаматтың рухани аурулары және еріктілік мүмкіндіктері оның заңды міндеттерін орындауға қарсы (статусты және арнайы) оның мінезін қадағалауға қарсы болады. Сот арқылы рухани ауру немесе ессіз деп немесе әрекет етуге қабілетсіз деп танылған тұлға құқық субъектісі бола алмайды. Аталған критерий Конституцияда бекітілген. Атап айтқанда ол сайлауға және сайлануға құқығы жоқ, сонымен қатар азаматтардың республикалық референдумына қатыса алмайды.
Әлеуметтік критерий барлық азаматтарды тең құқық субъектісі ретінде танумен байланысты. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Мемлекет тарапынан реттеу әсеріне ұшырайтын объекті шетел азаматтары да бола алады, сонымен қатар азаматтығы жоқ азаматтар да бола алады. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.
Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғалар өзінің шығу тегін дәлелдей алмаған тұлғалар азаматтығы жоқ азаматтар болып саналады. Контракты бойынша жұмысқа шетел азаматтарын тарту тәжірибесі бірлескен кәсіпорын ашу барысында шетел инвестициясын Қазақстан экономикасына тарту барысында және басқа да жағдайларда мүмкін болады. Олар басқа елде жұмыс істеуші азаматтар, олар республика аумағында уақытша тұрып жатқан елшіліктегі және миссия жүргізуші тұлғалар болуы мүмкін.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар республикада құқықтар мен міндеттерді және еркіндікті пайдаланады, сонымен қатар республика азаматтарына анықталған жауапкершіліктерді пайдаланады, егер басқасы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Конституциясында және халықаралық келісімдерде қарастырылмаған болса.