Кіріспе. 1990 жылдан бастап халық ағарту саласында болып жатқан өзгерістер


Тарих сабақтарында заманауи әдіс-тәсілдер мен тиімді педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру



бет28/28
Дата06.01.2022
өлшемі430 Kb.
#16745
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Тарих сабақтарында заманауи әдіс-тәсілдер мен тиімді педагогикалық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.


Кіріспе

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді.  Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың инновациялық технологиялары пайда болуда.


Білім беруді ақпараттандырудың қағидалары:
-    қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
-    жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-    білім мен тәрбиенің бірізділігі;
-    жалпы компьютерлік сауаттылық;
-    оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.
Нәтижелері:
-    Инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;
-    Инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;
-    Инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;
-    мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуалдық  лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
-    отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;
-    Республикалық білім беру мекемелерін басқарудың біртұтас ақпараттық желісін құруға негіздеп, білім берудің басқару салаларының ақпараттық желісін құру.
Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұғалім ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен жоғары құзырлықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.
Инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған. Компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауына мүмкіндік береді. 

Негізгі бөлім

Инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын дамыту

I Инновациялық технологиялар


Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Инновациялық технология есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, электрондық күнделік жүйесін, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Оқушылардың жаңа технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, жаңа жағдайда психикалық функциялардың басқа жақтары да қайта қарастырылуы тиіс. Осының бәрі жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялар жасау саласында, білім парадигмасын құруда тың инновациялық жұмыстар жүргізуді талап етеді. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.

II Оқушылардың тарих сабағына деген қызығушылығын оятудағы сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі.



Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының бабына сәйкес мұғалімдер білім алушылар мен тәрбиеленушілер және тиісті мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, шеберлік пен дағды алуын қамтамасыз етуге міндетті. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық саласы технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Білім саласына еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал казіргі заманның оқушысы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне үлкен мән береміз. Өйткені, оқытудың әр түрлі технологиялары зерттелініп, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп мектеп өміріне енуде. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Бағдарламаның негізгі мазмұны жеті модуль түрінде қарастырылады. Осыған орай оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқытудың жаңа технологияларын  жетік меңгеріп қана жетуге болады.
Олар үшін:
-  білім алуды қамтамасыз етуге даярлауы тиіс;
-  оқушыларға үздіксіз білім алуды үйрету керек;
-  мұғалім оқушылардың білімге деген құштарлығын дамытуға көңіл бөлуі керек;
-  оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқытудың мазмұны шектелмеуі тиіс;
-  оқытудың өз тәжірибесі, оқытудың негізі, оқыту барысында болжам, қиял, ойлап табу пайдалануы қажет;
-  сезу, ойлау шығармашылық қасиеті ретінде қарастырылуы тиіс;
Мектепте білім беруді жақсарту мұғалімге байланысты екені сөзсіз. Сондықтан да қазіргі мұғалімдердің білім сапасын арттыруға көп көңіл бөлуде. Соған орай білім берудің жаңа технологияларын (білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, өздігінен дамыту т.б.) мақсатқа сай қолдана білу қажет.
Оқытудың заманауи технологиясын жете меңгеріп, оны оқушылардың жас және психологиялық ерекшелігіне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Педагогикалық инновациялық технологиялар іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Педагогикалық жүйе-жеке, дара тұлғаны жетілдірге, қалыптастыруға бағыттау мен белгілі бір мақсатқа жету жолындаы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы.
Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады.
Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден - бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болына ықпал ететін нұсқа  сол  сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ. Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге  келді.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани және де көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруына көмектеді. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде  пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының  жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат-мүддесіне  байланысты өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына  деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Жаңа техногияның өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Мұғалімдерге шығармашылық еркіндік берілуі. Әр сабақтың сапалы болып, оның тиімділігін арттыру-ізденімпаз, шығармашылығы шыңдалған ұстаздың қолында.
Осындай оқытудың жаңа технологияларының біріне-сабақты, дәрісті өткізуді «Сыни тұрғыдан  ойлау бағдарламасы» бойынша ұйымдастыру жатқызылады. Бұл әдісте талданып отырған мәселе бойынша әр бір оқушы өз топшылауын, өз пайымын білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, олардың мәнді, мағыналы жақтары жөнінде өз пікірін, өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқуыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Тарих - мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана - сезімді және адамгершілік этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным - әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалармен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс - тәсілдері негізінде іске асады. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу. Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері өте көп.
Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыларға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды. Мұндай  әдістер,  әсіресе, табиғатынан тұйық , өз ойын тәптіштеп  түсіндіруге  шалағай, өздеріне сенімсіздеу, талданған мәселелерден,  баяндалған тақырып мазмұнынан  тиісті байлам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын  оқушыларға пайдасы  ұшан теңіз екеніне көзіміз жетті. Сабақ барысында шәкірт тердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға, байқалған, баяндалған мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жасауға мүмкіндік береді, шығармашылық белсенділігі жоғарылайды, ұжымдық ойласу, ұжымдық тұжырымдар жасауға белсене атсалысады, ұжымдық қорытындыда  өз үлесі бар екенін сезіп, қуаттана марқаяды, келесі мәселелер түйінін шешуге еркін араласады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді. Тақырыптың негізігі өзегін, бағытын, мән-мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын қысқа, мазмұнды, мағыналы, дәлелді баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығы артады, ғылым негіздерін игеру әдістерін меңгереді , сөйтіп өзін келесе мәселені талдауға дайындайды.
Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді. Біздің міндетіміз- оқушыға оны бойында жасынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Оқушы бұрын тек тындаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады.
Бұл стратегия сабақ жүйесінде іштей үш кезеңге бөлінеді:
Қызығушылықты ояту:
Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс амалдары қарастырылады. Сондай-ақ оқушыларды қалай қызықтыру керек деген сұраққа жауап деп қарауға болады;
-   шын мәніндегі мәселені ұсыну және оқыту мақсатын бірлесіп дайындау;
-   оқушының бұрынғы тәжірибесімен байланыс орнату;
-   жаңа идеяны түсінуге дайындау;
Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Бұл кезеңде  «Ассоциация» , «Топтау», «Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау», «броундық қозғалыс», «стикердегі диалог»  әдістерін пайдалануға болады.
Мағынаны тани білу-жаңа білімді игеру кезеңі:
Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады. Тақырыпты мұғалім түсіндіріп оқып бермейді. Тақырып бойынша оқушылар өздері жұмыс істейді және топпен жұмыс жасап белсенділік көрсетуге жағдай жасалады. Оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде, оны зерттеу, талдау, жауап табу үшін жеткілікті материал болу керек, ол үшін:
-материалды меңгеру;
-белгілі және жаңа білімді бөлу;
-сұрақ қою;
-барлық мүмкін байланыстарды өткізу; «Өзара оқыту әдісі», «Кең ауқымды лекция» әдісі, «Инсерт» әдісі, «Білемін, білгім келеді, үйренемін», т.б. әдіс-тәсілдерді қолдану оқушының өздігінен білім алу, шығармашының іс-әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда , өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.
3. Ой толғаныс:
Жаңа алынған білімді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу керек:
-оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу;
-өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу;
-болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу;
-жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуге осы білімді қолдану;
Толғануды тиімді етуге лайықталған:
«Бес жолды өлең», «Вен диаграммасы», «Кейіпкерге хат», «Кубизм», «Т кестесі» т.б. әдіс-тәсілдер әр сабақтың ерекшелігіне ауыр-жеңілдігіне қарай лайықты қолданылады. Бұл әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы шарт:
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
Оқушыларға өз ойын ашық, еркін айтуға  рұқсат беру.
Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
Кейбір  оқушылар қолайсыз жағдайға түсіп қалса, әжуаламау, келеке етпеу.
Сын тұрғысынан ойлауды бағалау, оқушылар арасында сенімділікпен жұмыс жасау, бар ынтасымен оқуға берілу, пікірлерді тыңдау, құрметтеу, өз пікірін ашық білдіруін талап ету.
Балалар шешімі мен осы мәселе туралы не ойлаймын жаңа мазмұнды алынған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес келе ме? Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті.
СТО-өз алдына сұрақтар қойып жауап іздеу. Берілген сұрақтарға  «Ал егер бұлай болса»-деп өз пікірін айтқызуға оны дәлелдей білуге үйрету басқалардың келтірген  аргументтерінің қисынын зерттейді. Білімді меңгеру үшін қажетті дағдыларды өз бетімен қолдануға үйрету. Оқушы бойында білуге деген құштарлықты дамыту.Ізденіс жасауға арналған стратегияларды, білім алу стратегияларын үйренуге деген құлшынысты қалыптастыру.
Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?-деген сұраққа американдық профессор  Дэвид Клустер, сыни деп айтуға келмейтін құбылыстарға тоқтала отырып, сыни тұрғыда ойлауды  анықтайтын үш пункті ұсынады:
Біріншіден, сыни тұрғыдан  өзіндік жеке ойлау болып табылады дейді мысалы сабақ барысында әр оқушының өз ойлары мен пікірлерін басқалардан тәуелсіз құруы.
Екіншіден, сыни ойлауды тудыратын білім дәлелдемелері екеніне тоқталады.
Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып шешімін табуды қажет ететін мәселені  анықтаудан басталатындығы.

III Оқушылар қызығушылығын тудыруда ақпараттық білім беру ортасының құзырлығын дамыту мүмкіндіктері



Орта білім беру жүйесіндегі технологияның рөлі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым – қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық технологияны қалыптастырудағы, сондай-ақ оның әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Ғылыми – техникалық прогресс заманында білім беруді демократияландыру мен ізгілендірудің басты факторларының бірі - оны ақпараттандыру.                                                                                                                                                        Ғылыми-техникалық прогрестің  қарыштап дамуы мен қоғамның ақпараттануы оқу-тәрбие процесінде оқушының өзіндік таным  қызметін атқара білу әдіс-тәсілдерін меңгеруін,өзгермелі ситуация жағдайында шапшаң  бағдарлай білу, компьютер тәрізді таным құралдарын  пайдалана білуін талап етеді. Басты мақсат - өзіндік таным қызметін жасай алатын тұлғаны тәрбиелеу.
Біріккен  Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ  ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.  Қазақстан Республикасында ғылыми техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезең енді. Қоғамды ақпараттандыру экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты роль мектепке жүктеледі. Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам ол технология ауысуына әне нарық талабына сай терең білімді,әрі жан-жақты адам.                                                                 
Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі - тек біліммен қаруланып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының бірі - «Білім - бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім - бүкіл өмір бойына» қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады. Қазіргі білім беру ісінің шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу бағыттарын өзінің таңдай білуі деп есептеледі.Біздің ойымызша , ақпараттық білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.Ақпараттық пәндік орта ақпараттар ішінен керектісін іздеуге және сонымен өз саласында жұмыс істеуге бағытталған ақпараттық білім беру ортасының бір түрі. Оқу әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесінде тұтастай  ақпарат технологиясын дамытуға үлесін қосты. Жалпы педагогика,әдістемелер және компьютердің түйісуінде жаңа бағыт оқытудың ақпараттық технологиялары дүниеге келді.Оқу арқылы ақпараттың 10%, тыңдау көрнекі құралдар арқылы 20% ұштастырылса,40-50% оқыту процесінде оқушы белсенділігін арттыратын мүмкіндіктер жасалса, білімнің 70% есте сақталады екен. Нағыз өмір шындығымен ұштастырылған ақпараттың бала ойында қалу дәрежесі 90 %. Олай болса мәліметті есте сақтау қолданылатын әдіс-тәсілге байланысты.Сол әдіс-тәсілдің бірі әр сабақта компьютерді пайдалану. Компьютер арқылы түрлі суреттер, графикалық сызу, дыбыс, музыка тыңдау, мұғалімнің тақтаға жазы түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Оқу үрдісінде компьютерді қолдануға негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты қолданылуы қажет. Кейбір жағдайда оқушылардың сұранысын терең ұғыну  қажет болса, кей жағдайда пәндік саладағы білімді талдау маңызды роль атқарады.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:
1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір-бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол           жеткізуге болады.
3. Оқытудың жүйесі көп деңгейлі жетілдіруі олардың  таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады.
Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге  мүмкіндік алады.
Компьютерлер көрнекі, бейнелі ойлауды, қозғалыстың ауызша қарым-қатынас машықтары мен әрекеттерді және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндіктер туғызатыны туралы дәлелдеп көрсетеді.
Компьютер оқытуда қолданудың екі негізгі бағытын көрсете кетелік:
1. Оқу курсындағы жаттығуларды арнайы жасалған ортада орындау.
2. Оқушылар ақпараттық технологиялар негізінде басқа пәндерді  өздігінен меңгереді.
Ақпараттық технологияларды пайдалану, компьютерлік оқыту бағдарламаларын құру және қолдануды білдіреді. Ол бағдарламаларда дәстүрлі оқытудан ерекше педагогикалық үйретушілік логикасы жүзеге асырылады. Мектептегі сабақтар жаңаша ұйымдастырылады және мұғалімнің қызметі мен рөлі өзгереді.

Қорытынды



Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.
Сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлау бағдарламаса бойынша жүргізілген сабақтар іздеудің мән-жайына қаныға, білімді тереңінен айтуға төселеді, дәлелдер келтіру, дәлелдеу тәсілдеріне жаттығады, теория мен практиканың бірлігін игереді, жеке және топпен бірлесіп мәселе түйінін шешу жолдарын табуға жаттығады, өз жолдастарының пікірімен санасуға, өткір сындарды тыңдап одан тиісті қорытындылар жасай білуге машықтанады.
Бұл бағдарламаны өз сабақтарымда әдіс-тәсілдерін қолдану барысында түсінгенім оқушылардың бірін - бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретуі, бұрын үндемей отыратын балалардың сабақ барысында қызу араласуы сабақтың ерекше, олардың еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге мүмкіншілік туғызады. Бұндай әрекет сабақтың барлық үш кезеңінде байқалып отыратындығы сөзсіз. Осы «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы арқылы оқытудың тиімді екенін атап айтуға болады.
Білім беру процесі - ақпараттық қоғам жайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процестер болуы қажет.Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор.Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игерумен тығыз байланысты.

Тарихнамадағы пәнаралық байланыс 09 Тамыз 2013 6788 Пәнаралық - бұл біздің заманымыздың сипатты көріністерінің бірі, білімнің әлеуметтік және саяси интеграциясы. Ғылым мен техника дамыған қазіргі  ХХІ ғасырда белгілі бір ғылымды жеке оқып- үйрену, зерттеу мүмкін емес екендігіне көз жеткізіп келеміз. Дамудың интеграциясы және жаһанданудың ықпалы қоғамның барлық салаларынан, соның ішінде білім беруден, ғылымнан да көрініс беруде. Жаһанданудың етек алуы, жаңа технологиялардын өрістеуі терең білімді мамандарды дайындауды талап етеді. Бәсекеге қабілетті, сапалы мамандар даярлауда оқытудың қазіргі заманға сәйкес технологияларын, оқытудағы интерактивті әдіс-тәсілдерін, пәнаралықты кеңінен пайдалану қажеттілігін тудырып отыр.[1] Соңғы уақыттарда елімізде оқытудың жаңа технологияларына ден қойылып, оқып-үйренудің дербестігіне, өз бетінше ізденістер жүргізуге жіті мән берілуде. Сонымен қатар кез- келген пәнді, ғылымды жеке дара емес өзге де ғылымдардың, пәндердің көмегімен, пәнаралық байланыста оқыту мен оқып- үйрену заман талаптарына сәйкес іске асырылуда. Осы орайда тарихнамадағы пән аралық жайлы айтып өтуді жөн көрдік.   Пәнаралық байланыстар туралы пікірлер ертеректе туған. Оның  төңірегінде көптеген пікір - таластар өрістеген. Нәтижесінде ғалымдардың көпшілігі оның қажеттілігін дәлелдеп берген. Кез-келген ғылымды терең әрі жан-жақты тану үшін оны өзіне жақын, яғни туыстас ғылымдармен байланыстыра отырып  жүргізу ғылыми жетістіктерге әкеледі.   Пәнаралық байланыс ұғымы соңғы уақыттарда кең етек жайып, осы негізде ғылыми зерттеулер жүргізу өзекті проблемаға айналуда.   Пәнаралық - бұл біздің заманымыздың сипатты көріністерінің бірі, білімнің әлеуметтік және саяси интеграциясы. Көпжақтылы ұғымда пәнаралықтың  бірпәнділіктен айырмашылығы оның әртүрлі пәндер, білім салалары арасында өзара әрекет етуі түрінде түсіндіріледі. Оның дамуы барысында идеялар мен көзқарастардың, терминдері және зерттеу тәжірибесінің интеграциясы, айырбасы  жүреді. Осындай өзара ықпал етудің нәтижесінде ғылыми білімнің өзекті міндеттерін шешудің бағыты қалыптасып, ақырында зерттеу объектсінің мазмұны  толығып, байи түседі.   Пәнаралыққа қатысты тағы да мынадай пікір орын алған: пәнаралық бір білім саласы элементтерінің екінші салаға өтуімен сипатталады. Мұнда ғылыми  теориялар мен жалпы методологиялық принциптер осындай элементтер ретінде саналады. Пәнаралық өзара әрекет ететін жекелеген проблемалардың бір пәндік деңгейінде жан-жақты зерттеліп, нәтижеге жеткен жерінде ғана жүреді.   Пәнаралықтың дамуы білімді белгілі бір ғылым салаларынан екінші ғылым салаларына жеткізуден көрінеді. Мұның өзі жаңа сапалы білімге қол жеткізу үшін жасалады. Ғылымның пән аралық сипаты аралас және өзге де ғылым өкілдерінің бірігуін, олардың зерттеу аппараттарының интеграциялануын талап етеді. Осындай бағытта зерттеу пәнінің жаңа мүмкіндіктері ашылады. Бұл бағыт соңғы уақыттарда өзінің алғашқы табыстарына қол жеткізуде. Мәселен, отандық тарихшылар тарих ғылымында соңғы уақыттарда математикалық тәсілдерді қолдануға көше бастады.   Пәнаралықтың пайда болуы ғалымның методологиялық жұмыстарын  күшейту, сапалы білім алудың жаңа деңгейінде  зерттеу процесін өрістету қажеттіліктеріне байланысты деген пайымдау бар.[2] Осылайша пәнаралық феномені ғылыми білімді дамытудың қозғаушы күштерінің біріне айналады. Алайда пәнаралық өзара әрекет  методологиялық талдауды алмастыра алмайды, алмастыруы тиіс те емес.   Пәнаралықты тарихнамада қолдану мүмкіндігі оның теориялық және гносеологиялық дәстүрлерімен, методологиялық жетілдірудің бағыттарымен байланысты бірқатар фундаменталды  негіздерінен шығады.   Пәнаралық өзара әрекет тарихнамада бірнеше сатылар арқылы анықталады; зертте упроблемасының қойылымы, оның мақсаты мен міндеттерін айқындау, материалды талдауда жалпы ғылыми және басқа да ұғымдардытаңдау.   Тарихнамадағы пәнаралық оның өзіндік әлеуеті алып тасталғанда өзара әрекет етуі ахуалының орын алғандығын  білдірмейді. Бұл өзара әрекет көшбасшылық деңгейдің орнына емес қол жеткізілген бір пәнділіктің методологиялық мүмкіндіктерімен бірге өмір сүреді. Методологияның пәнаралық сипатындағы зерттеудің ерекше бір құндылығы  теориялық қорытудың негізінде ғана емес, ғылымның әртүрлі саласында қолданылатын тәсілдердің жолымен синтездің көмегімен жаңа нәтижелерге қол жеткізеді. Бұдан өзге бүкіл тарихнама ғылымындағы зерттеудің қайта құрылыуы мен бір мақсатты деңгейінің тура мүмкіндіктері ашылады. Тарихнамадағы пәнаралық өзінің “жариялығының” арқасында методологиялық арсеналына білімнің жетістіктерін енгізу, әдіснамалық дәйектерді тарихнамадан  алыс ғылымдардан  іздеу мүмкіндіктерін тудырады. Методологияның пәнаралық мүмкіндіктерінде тағы бір маңызды элемент - тарихнаманы  адамзат қоғамы тарихының заңдылықтары туралы білім жүйесінде зерттеу орын алған. Пәнаралық тұрғыда жинақталған тарихнамалық фактлердің құрылымы және мазмұны, оларды талдау мен баға берудің критерийлері туралы мәліметтер фактлерге терең еніп қана қоймай, қосымша тәсілдер, соның ішінде жүйелеп талдау әдісі бойынша білімнің жинақталу тенденцияларын, олардың одан ары дамуын және жаңа  ғылыми зерттеулерді болжауды  айқындауға жағдай жасайды. Мұндай жетістікке қол жеткізу пәнаралықтың эмпирикалық тәсілдерін теориялық қағидалармен біріктіре алатын қабілетінің негізінде мүмкін болады.   Пәнаралықтың  әмбебаптығы нақты тарихнамалық материалдан көрінеді. Мәселен, тарихнаманың мәнін маңызды методологиялық міндетретінде тану қажеттілігі туралы мәселенің қойылымы оны әртүрлі ғылымдардың көмегімен іске асыруды талап етеді. Белгілі бір тақырып бойынша даулы мәселелердің шешімін проблеманы философиялық таным тұрғысында, сондай-ақ оның мәнін ашуға септесетін өзге де қоғамдық және арнайы ғылымдарды тарту арқылы табуға болады.   Пәнаралықтың зерттеудің мақсатын, оның өзектілігін зерделеудегі маңызы зор. Тарихнамалық жұмыстың  мақсаты мен міндеттері дұрыс таңдапалынған және негізделген тақырыптың мазмұнын ашу ғана емес, сонымен қатар қарастырылатын проблеманы тарихнама ғылымының заңдылықтары мен ерекшеліктері, танымы қоғамдық ғылымдардың алдындағы зерттеулердің болашағын көре білудегі негізгі міндеттер болып табылады. Сонымен қатар тарихнамалық  проблеманың  өзектілігін анықтаудың бағыты зерттеудің алдыңғы және соңғы сатыларында, яғни тақырыпты таңдауда, қорытынды жасауда ғана емес тарихнамалық фактлерді талдау процесінде анық көрінеді. Әсіресе осы “орта” сатыда пәнаралықтың қажеттілігі айқын сезіледі, себебі проблеманың әлеуметтік мәні, оның тәжірибелік міндеті өзгеде ғылымдармен  байланысты орнатуды  талап  етеді.   Тарихнамадағы пәнаралықтың қажеттілігі онда бірқатар басқа ғылымдарда біршама қарастырылатын проблемалар шешіледі. Шешілуге тиіс проблемалар методологиялық арсеналды қарастыруда жалпы методологиялық тарихилық, әлеуметтік принциптерді айқындауда, жалпы ғылыми және т.б. әдістерді қолдануда пайда болады. Оны шешудегі ортақ проблема және ортақ әдістер - бұл ғылымдардың потенциясын біріктіруші ерекше биіктік. Ол әртүрлі  пәндердің көрінісін бір нүктеге тоғыстырады.   Тарихнамадағы методологиялық проблемаларды оқып - үйренудегі пәнаралық процестің көп қырлылығы қоғамдық  ғылымдардың  мемлекеттегі саяси жүйемен, билікпен, саясатпен байланысты, өйткені тарих ғылымындағы оқиғалар мен құбылыстарды зерттеуде ізденушілер өздері өмір сүрген қоғамдағы идеологияға, саяси биліккетәуелді болады. Осыған орай тарихи саяси процестердің ықпалында дүниеге келген еңбектерді талдау да тарихнама ғылымдағы өзгерістерді айқын көрсетіп отырары хақ.   Пәнаралық бағыт және зерттеу тәсілдерін ұйымдастыру, жалпы ғылыми, өзге де әдістерді пайдалану пәндік генетикалық сәйкестіктен тәуелсіз, алайда ол теоретикалық ойлау қабілетін еселендіріп, нақты және синтездік ғылыми білімге негізделген тарихнамалық зерттеу проблемасын барынша күрделі әрі маңызды етеді. Осы тұрғыда тарихнама білімнің нақты салаларына жақындай түседі.   Пәнаралық өзара әрекет проблемаларын оқып - үйренуде басқа ғылымдардың мәліметтерін пайдаланған зерттеуші тарихнамашының құзырлығы жөнінде мәселе туындайды. Осы орайда айта кетерлік бір жайт,  жоғары білікті тарихшы ғана тарихнамашы бола алады. Ол қазіргі заманғы тарих ғылымының жағдайын жан - жақты білуі, сонымен бірге аралас әрі әртүрлі пәндердің білімдерін пайдалана алуы тиіс. Мұның өзі тарихнамашы әртүрлі ғылыми білім салаларының негіздерін игеру үшін үнемі жұмыс жүргізуі тиіс дегенді білдіреді.[3]   Тарихнаманың пәнаралық білімі дүниеге келтірген методологиялық аспектлерінің мақсатын сәтті шешу үшін ғылыми жетістіктерді, әсіресе аралас немесе ғылыми пәндерден алыс ғылымдардың түсіндіруші аппаратын пайдалану қажет.   Тарихнама үшін тарихи оқиғалармен процестерді қарастырған экономика, құқық, философия,т.б. ғылымдарыбойыншадайындалғанеңбектердіңмаңызы зор. Мұндай зерттеулерді қажет жағдайларда тарихшылар кеңінен пайдаланады. Тарихнамашының атқаратын маңызды міндеттерінің бірі жазушы, тілші, суретші, тағы сол сияқты өнер қайраткерлерінің тарихи көзқарастарын зерттеу болып табылады. Осыған орай айта кетерлік жайт, тарихнаманың зерттеу нысаны өте кең, соған сәйкес оның қызмет шеңбері де ауқымды.   Пәнаралылықта тарихнама тарих ғылымының методологиясы мен тығыз байланыс орнатады, өйткені ол аталмыш саланың аса маңызды теориялық мәселелерін көтереді. Тарихнаманың пәні ғылыми тарихи білімнің пайда болуымен жинақталуын, тарихи ойдың дамуын, тарих ғылымының қалыптасуын, даму эволюциясын, тарихи таным мен ойдың әртүрлі сатыларының заңдылықтарын айқындау болғандықтан тарихи білімнің методологиясын терең зерттеу ғылым үшін аса маңызды рөл атқарады.Сондықтан да тарихнаманы тарих ғылымының методологиясынсыз  қарастыру  мүмкін  емес.   Тарихнама мен деректану ғылымы өте тығыз байланысты, себебі  тарихнамалық деректерден өзге тарихнама тарихи зерттеулердің деректік негіздерін, тарихшылардың деректерді пайдалану сипатын зерттейді. Іргелі тарихнамалық зерттеулерде мәселенің деректік негіздерін талдауға жеке тараудың арналатындығы кездейсоқ құбылыс емес. Соңғы уақыттарда отандық тарих ғылымында дайындалған кандидаттық, әсіресе докторлық диссертацияларда ізденушілер өздері таңдап алған тақырып бойынша деректанулық талдаулар жүргізген. Алайда  олардың көпшілігі талдаудан гөрі сипаттауға көбірек ұқсайды. Мұның өзі отандық ғылымда деректану саласы бойынша ғылыми мектептің қалыптаспағандығын, зерттеушілердің біліктіліктерінің, білім деңгейлерінің төмендігін байқатады. Бұл мәселеге баса назар аударудың қажеттілігін уақыттың өзі дәйектеп отыр. Деректанулық талдаулардың ғылыми деңгейін көтеріп қана қоймай, болашақта деректаудың тарихнамасынан іргелі зерттеулер дайындауымыз керек.   Тәжірибе көрсеткендей, соңғы уақыттарда тарихнама ғылымы бойынша жарияланған, жазылған зерттеулер құжаттық жарияланымдарды талдауды назардан тыс қалдырған. Ізденушілер тарихнамалық зерттеулерінде көбінесе тарихи еңбектерді таразылаумен шектелген. Құжаттық жарияланымдар тәуелсіздікке қол жеткізген тұста да, кеңестік кезеңде де аз жарық көрмеген. Айта кетерлік жайт, тарихнамашы үшін құжаттық жарияланыммен  қоса  тарихшының шығармашылығынан хабар беретін естеліктердің, күнделіктердің, хаттардың, т.б. деректердің маңызы зор. Ал мұрағат құжаттарын талдау ғылыми тарихи мекемелердің, зерттеу институттарының қалыптасуы мен дамуын жүйелі түрде көрсетуде айтарлықтай рөл атқарады.   Келесі тарихнама ғылымы мен тығыз байланыста болатын қосалқы тарихи пән - тарихи библиография, өйткені библиографиялық ізденусіз тарихнамалық зерттеу жүргізу мүмкін емес. Тарихи библиография тарихшы - зерттеушіні библиографиялық ақпаратпен қамтамасыз ететін ғылыми тәжірибелік қызмет. Ғалымға библиографиялық құралдар түрлі көрсеткіштер, анықтамалар, каталогтар, әдебиеттерге  шолулар, тізімдер аса қажет.   Тарихнамашы үшін отан тарихы бойынша дәуірлер мен кезеңдерге бөлініп жасалған кешенді библиографиялық көрсеткіштердің тигізер көмегі орасан. Оларға Қазақстан тарихының қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерінде және кеңестік, тәуелсіздік жылдары жарияланған, мерзімдемелік ретке қойылған барлық монографиялар, ғылыми мақалалар, ұжымдық зерттеулер, туралы қысқаша мәліметтер енгізілген. Бұл библиографиялық анықтамалардың ерекшеліктері ізденушіге сол еңбектердің катологтарда сақталуы туралы мәліметтер қоса беріліп, шифрлары көрсетілген.[4]   Ретроспективті библиография тарих ғылымында қорытындылаушы функция атқарады, ғылымның жай - күйі мен тәжірибесін зерттеуге септеседі. Ал ағымдағы мемлекеттік библиография бүгінгі күнде тарих ғылымында белгілі болған білімді куәландырады.   Тарихи библиография мен тарихнаманы оларға ортақ материал тарихи әдебиет жақындастырады. Екеуіне де ортақ міндет - әдебиеттерге сыни бағыт, көзқарас таныту. Оларға материалды баяндаудың түрі - әдебиеттерге шолу тән. Егер тарихнамалық шолу ғылыми әдебиеттерге сыни талдау беріп, оларда баяндалған тарихи тұжырымдамалардың, заңдылықтардың мәнін ашып, дамуы қозғалысын, ауысымын көрсетсе, библиографиялық шолу әдебиеттің тақырыбын,  мазмұндық құндылығын және оның басылымын айқындайды. Библиографиялық еңбектерге ғылыми зерттеулерден басқа танымал шығармалар, анықтамалық басылымдар, тарихи құжаттардың жарияланымдары және тарихи әдебиеттердің өзге де түрлері енгізіледі.   Тарихнамалық зерттеулер жүргізуде тарихи географияныңалар орны  айтарлықтай. Тарихи география тарихнамашыға тарихи оқиғалар мен процестердің географиялық ортасын айқындауда ғана емес, топонимикаға сүйене отырып, жер су атауларын дәл анықтауда қажет. Тарихилық принципіне негізделген тарихнамашы тарихшының келтірген жер-су атауларының  зерттеліп отырған кезеңге сәйкестігін, яғни өз заманында дұрыс аталуын тексеруі тиіс. Берілген топонимикалық атаулардың қазіргі кездегі атауларын жақшаның ішінде көрсету тәрізді ғылым талабының бар екендігі естен шығарылмауға тиіс.   Тарихнамашыға тарихи зерттеулердің құжаттық негіздерін түсінуде дипломатиканың маңызы елеулі. Дипломатикалық әдісті қолдана отырып, тарихнамашы тарихи зерттеулердің тарихи-саяси, тарихи-экономикалық, тарихи-заңдық, тарихи-географиялық тұрғыдағы құжаттық негіздерін талдап, тарихшының сәйкесінше сол материалдарды пайдалану дәрежесін анықтай алады.   Тарихнамашының шежіре тарқатудағы білімі мен біліктілігі ауызша тарих айтудың, яғни дәстүрлі тарихи  деректерін талдауда қажет болады. Себебі еліміз егемендік алғалы бері ауызша тарих айтудың деректері ғылыми айналымға түсіріліп, солардың негізінде тың тұжырымдар жасалуда. Дегенмен ұзақ уақыт бойы төл деректерден қол үзген зерттеушілер оларды пайдаланудың ғылыми әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген деп айту қиын. Десек те алғашқы еңбектер жарық көріп, дәстүрлі  тарих айту деректерінің негізінде тарихи оқиғалардың шынайы мазмұны ашылуда. Әйтсе де ауызша тарих айтудың деректеріне сын пікір білдірушілер де жоқ емес. Сыншылар шежіре мен тағы сол сияқты дәстүрлі деректердің деректік маңызын жоққа шығарып, оларды аңыз-әңгімелер ретінде санап, құндылығына шек келтіруде. Ал ақиқатына келсек, төл тарихымызға қатысты аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар, ертегілер, шежірелер, мақал-мәтелдер, тағы басқа сол тәрізді деректердің қайталанбас ерекшеліктері бар екендігі ғылымда айтылып, дәлелденуде. Расында да бұл деректер өз заманының куәгерлері ретінде бойларына құнды мәліметтерді жинақтаған. Сонымен қатар олар өз бойларына басқа деректерде кездеспейтін бірегей мәліметтер мен ақпаратты сақтаған.   Тарихнама археография, мұрағаттану ғылымдарымен де тығыз байланыс орнатады. Археографиялық әдісті пайдалану құжаттық басылымдардағы ақтаңдақтарды, қателіктерді, олқылықтарды айқындауға септеседі. Мұрағаттанулық нұсқаулар, құралдар тарихнамашыға тарихи зерттеулердегі жаңа, ғылыми айналымға тұңғыш рет ендірілген материалдарды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар болашақта зерделенуге тиіс мәселелерге нұсқаулар беруде де елеулі рөл атқарады.   Тарихнама ғылымы қосалқы тарихи пәндермен, соның ішінде хронологиямен, тарихи метрологиямен, палеографиямен, нумизматикамен де тығыз байланысады. Мәселен, хронологиямен танысу тарихнамашыға тарихтағы аса маңызды проблемалардың бірі мерзімдеменің күрделі тұстарын, яғни тарихи дәуірлеуді дұрыс жүргізудің, дәуірлерге, замандарға, кезеңдерге, сатыларға бөлудің методологияллық ұстанымдарын меңгеруге жол ашады. Сондай - ақ талданып отырған әдебиеттегі тарихи оқиғалардың мерзімдерін тарихшының  дәл көрсетуін анықтауға көмектеседі әрі әртүрлі кезеңдердегі тарих ғылымының дамуы сатыларына баға беруде де елеулі рөл атқарады. Бұдан өзге көпшілік жағдайда тарихнамалық еңбекте жекелеген мәселелердің әртүрлі кезеңдерде зерттелуін ашып көрсету міндеті туындайды. Міне, осы тұста хронологияның тарихнамаға тигізер ықпалы зор.   Тарихнама философия ғылымен де етене жақын қарым - қатынас орнатады. Тарихнамалық талдаулар жүргізуде философиялық категорияларды пайдаланудың маңызы зор. Әсіресе логикалық, салыстырмалы, нақты талдаулар жасауда философияның жалпы, жалқы, т.б. категориялары басты рөл атқарады.   Сонымен қатар тарихнама мәдениеттану, саясаттану, әлеуметтану ғылымдарымен пәнаралық байланыстар орнатады.    Осылайша тарихнама өзінің зерттеу ауқымын кеңейтіп, тереңдетуде бірқатар ғылымдармен  байланыс орнатады. Алайда барлық байланысатын ғылымдарымен бірдей дәрежеде қарым - қатынас орната алмайды. Олай болуы да мүмкін емес, өйткені әртүрлі ғылым салаларының өзіндік ерекшеліктері және тарихнамалық зерттеулердегі алатын орны әр алуан.   Соңғы уақыттарда тарихнамадағы пәнаралық проблемаларын зерттеу міндеттерін шешу көкейкесті бола түсуде. Сондай міндеттердің қатарына мыналар жатады; тарихнамаға бірқатар ғылымдардың, мәселен, тарих, философия, әлеметтану, саясаттану, психология және т.б., әрекетін, сондай - ақ жаратылыс тану ғылымдарының нақты және көпқырлы  өзара байланысы мен өзара әсерін оқып - үйрену. Мұны әртүрлі ғылыми деңгейлер мен бағыттарда  қоғамдық білімнің жалпы әлеуметтік және идеологиялық функциялары, диалектикалық дамудың жетістіктері, жалпы ғылыми ұғымдар мен түсініктер арқылы шешуге болады. Тарихнамадағы пәнаралық проблемаларды шешуге көмектесетін ғылымның өзіндік ұғымдарын, әдістерін және тәсілдерін қарастыру міндеті де өзекті. Тарихнамаға қатысты “методологиялық міндет”, “методологиялық талаптар”, “методологиялық әдістер”, “методологиялық реттеу” тәрізді ұғымдардың қатаң  ғылыми анықтамаларын шығару қажет.   Пәнаралық байланыс көпжақты процесс. Ол бір ғана тарихнаманың методологиялық негіздеріне, осы саланың біліміне пайдаланатын құралға айнала алмайды. Пәнаралық - барлық ғылым салаларына тән ғылыми зерттеу тәсілі. Дегенмен оның тарихнамамен өзара әрекеті ғылымтанудың теориялық - методологиялық  проблемаларын зерттейтін басқа ғылымдардың, соның ішінде ең алдымен тарихнаманың өзінің  дамуына  игі әсер етеді.

Тарихи дерек негізінде мұрағат құжаттарын пайдалану бағыттары 25 Қыркүйек 2013 11677 мемлекеттің және қоғамның саналы өкілдері өткен тарихи кезеңдердегі деректерді болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында сақтап қалдыру жауапкершілігіне ерекше мән беріп, біршама іс-шаралар жасауда. Қоғамдық қатынастардың дамуы ақпараттық ресурстарға деген сұраныстарды арттырып отыр. Ақпараттық ресурстардың қоғам өміріндегі шынайы мәні, зор ақпараты бар құжаттардың үлкен жиынтығын сақтайтын мұрағат мекемелері екені рас. Мұрағат дегеніміз – тарихи деректік құжаттар сақталатын алтын қазына. Онда ата-бабамыздың әулеттік шежіресі сақталып, өткен өмірдің айнасына айналуда. Мұрағатта әр кезеңдегі тарихи оқиғалар, дипломатиялық қарым –қатынастар, қоғамның саяси-әлеуметтік, экономикалық бағыттары жөнінде құнды құжаттар сақталады. Сондықтан да мекемелер мен кәсіпорындарында, оқу орындарында іс қағаздарын жазғанда бекітілген номенклатура негізінде ұқыпты, нақтылы, дәлелді, мазмұнды жазып, болған іс-шараны ешқандай қоспасыз көрсете жазу шарт. Әр жыл соңында мекемелердегі іс қағаздар бекітілген сараптау комиссиясының шешімімен құжаттарды сараптау, жүйелеу негізінде сол мекеменің ведомствалық мұрағатына өткізіледі. Ал жарамсыз деп есептелінген құжаттар сараптау комиссиясының шешімі бойынша тізбе негізінде жойылады. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен мемлекеттің мәртебесінің өсіп өзгеруімен, саяси, экономикалық жағдайдың тұрақтанып, жақсаруымен мұрағат ісінде де біршама өзгерістер жасалынды. Бұрынғы одақтық республикалардың мұрағат мекемелерімен қалыпты байланыстың орын алған қиындықтарына қарамастан, құжаттармен қамтамасыз ету саласында «Ұйымдастырушылық -өкілдік құжаттарды ресімдеуге қойылатын уақытша талаптар» жасалынды және олар іс жүзіне асырылуда. Мұрағат ісінде міндеттерді атқарудың құқықтық негізі жасалынды. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22-желтоқсандағы «Ұлттық мұрағаттық қор және мұрағаттар туралы» заңы және «Мұрағат» жөніндегі түсінік бекітілді. Онда мемлекеттік мұрағаттар, олардың атқаратын негізгі қызметтері мен міндеттері айқындалды. Мемлекеттік мұрағаттардың түрлері анықталды. Ұлттық мұрағаттық қордың құжаттарын жіктеу белгілеріне сәйкес мемлекеттік мұрағаттар жүйесі құрылды. Облыстық мемлекеттік мұрағаттар және олардың филиалдары, қалалық, аудандық, ведомствалық арнайы мемлекеттік жеке мұрағаттар тиісті ережелерге, талаптарға сәйкес өз жұмыстарын атқаруда. Әр мұрағат қызметкердің этикалық кодексінің негізгі принциптері бекітілді. Ол бойынша әр қызметкердің міндеті: Мұрағаттық құжаттардың тұтастығын қорғау және олардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету; Құжаттардың құндылығын сараптап, іріктеу бір жүйеге келтіру; Мұрағаттық құжаттардың түпнұсқалылығын қорғап, сақтай отырып, оларды мемлекеттік, коммерциялық, жеке құпияларды, конфиденциалды ақпаратты сақтай отырып пайдалану; Қызмет көрсету барысында заң шеңберіндегі іс-шараларды іс жүзіне асыру; Әр мұрағат қызметкері басқа мамандық өкілдерімен ынтымақтаса отырып, әлемдік құжаттық мұраладың сақталуын қамтамасыз ете отырып оны тиімді пайдалану деп көрсетілген. Мұрағат құжаттары тарихи дерек ретінде Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуына тигізер әсері мол. Өйткені өткен тарихи кезеңдерді зерттеп білу үшін мұрағат құжаттарына сүйенеміз. Мұрағат құжаттарын тиімді пайдалану арқылы Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерін ашуға мүмкіндік туады. Тарихи зерттеулер мұрағат құжаттары негізінде жинақталып жазылатындықтан бұл мәселе қазіргі таңда өзекті болып отыр. Мұрағат құжаттарын мәдени- ағарту және насихаттық мақсатта пайдаланудың барысында: көрмелер ұйымдастырып, теле және радио хабарлар даярлап, лекция мен экскурция өткізіп және мерзімді басылымдарда мақалалар жариялап, түрлі құжаттық көрме ұйымдастыру болып табылады. Көрме құжаттарды насихаттау үшін жасалады. Көрмеде арнайы таңдалып алынған құнды, әрі қызық (хаттар, естеліктер, фотосуреттер, брошюралар, плакаттар т.б.) құжаттар қойылады. Көрменің тақырыбы елдің қоғамдық – саяси өміріне белгілі мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлерге, республика тарихына арналуы мүмкін. Мұрағат құжаттарының көрмелері уақытша және тұрақты болып келеді1. Тұрақты көрмелер ұзақ уақыт бойы жұмыс жасайды. Мұндағы экспонаттар жартылай немесе толық ауыстырылып отырады. Ал уақытша көрмелер белгілі бір мерзімге дейін жұмыс жасайды. Қай жерде және қалай орналасуына қарай көрмелер стационарлық және көшпелі болып келеді. Көрменің мақсаты тақырып мазмұнын жоғары ғылыми деңгейде ашып, құжаттық экспонатты жан-жақты көрсету болып табылады. Бұл мақсатта жұмыс екі кезеңге бөлінеді, яғни көрменің экспозицияларын ғылыми даярлау және көрмені безендіру2. Көрменің экспозициялық құжаттарын ғылыми даярлауда әдетте тақырыпқа байланысты әдебиеттерді зерттеуден және библиография жасаудан тұрады. Көрмеге қойылатын құжаттар тексіне фото және ксерокөшірме жасалады. Сонымен қатар безендіру материалдары да (сурет, гравюра, акварель) тек түпнұсқа түрінде көрсетілді. Мұндай көрмелердің тақырыбы заман талабына сай болуы шарт. Жылжымалы көрмелердің ерекшелігі оларды бірнеше түрде жасап, әртүрлі қалаларға жіберуге болады. Көрменің ашылғаны жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және мерзімді баспасөз беттеріне мәлімет беру көп жағдайда көрменің табысты өтуіне себепші болады. Фотоальбом жасау әдістемесі көрме әдістемесіне жақын. Тек фотоқұжаттармен жұмыс жасау ерекшелігін ескерген жөн. Мысалы, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты 1985 жылы Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне «Мұрағат халық игілігі» атты үлкен көрме ұйымдастырды3. Бұл көрменің негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының даму тарихын және оның қоғамдық қызметін көрсетуге арналды. Мерзімді баспасөз беттерінде мақала жариялау, теле және радио хабарлар ұйымдастыру құжаттарды мәдени – ағарту және үгіт насихаттық жұмыста пайдаланудың кең тараған түрі. Мерзімді басылымдар  беттерінде жарияланған мақалалардың тақырыбы әртүрлі. Көбінесе олар белгілі бір мұрағаттың құжаттар құрамы мен мазмұнына арналады. Сонымен қатар белгілі бір тақырып бойынша құжаттардың мазмұнына және мұрағат ісі жөніндегі негізгі сұрақтарға арналады4. Мұрағат материалдары негізінде ғылыми – көпшілік кітапшалар шығару, мұрағат қойнауында жатқан ең қызықты құжаттарды көпшілікке танымал етудің тиімді түрі. Мұрағат құжаттарын танымал етуде радио хабарларының атқаратын орны зор. Мұрағат құжаттарын насихаттауда бірнеше радио хабарлардың түрі қолданылады. Олар: тақырыптық әңгімелер, баяндамалар, лекциялар және мұрағатта табылған және жаңадан келіп түскен құжаттар жайлы хабарлар ұйымдастырылады5. Әңгімелік, лекциялық және баяндамалық радио хабарларының ұзақтығы 30 минут болуы шарт. Ал соңғы хабарда берілетін радиолық ақпараттар көлемі бір беттен аспауы қажет. Радиолық ақпараттың оқылу ұзақтығы 3 минуттан аспауын ескерген жөн. Әдетте радиорепортаждарда құжаттар жайлы және оның ғылымды, халық шаруашылығын, мәдениетті дамытудағы ролі жөнінде айтылады6. Мұрағат құжаттары негізінде даярланған телехабардың көрерменге әсері зор. Телехабарларда белгілі оқиғаға байланысты құнды құжаттардың түпнұсқасын және оқиға куәгерлерімен даярланған телехабарлардың көрерменге әсері зор. Телехабарларда белгілі оқиғаға байланысты құнды құжаттардың түпнұсқасын және оқиға куәгерлерімен қатысқан адамдарды көрсетуге болады. Сонымен қатар фото-кино құжаттарды пайдалануға, хабарға музыка мен ән қосу тиімді. Мұрағат құжаттары негізінде әзірленген телехабарлар өзінің көлемі жағынан әртүрлі болып келеді. Бір түрі тележурналдық болып келсе, екіншісі мұрағат құжаттары негізінде жасалған арнайы телефильм. Телехабар үшін мазмұны қызықты құжаттар таңдалынып алынады. Телехабар текісін көрермендер тиісті дәрежеде қабылдауы үшін автор сөзімен қатар құжаттардан үзінді келтіріп, оқиғаға қатысқан адамдарға сөз беріп, көркемдік шығармадан үзінді келтірген жөн. Мұрағат құжаттарын мәдени- ағарту мақсатта пайдаланудың тағы бір түрі- кездесулер ұйымдастыру, экскурсия мен лекция оқу болып табылады. Бұл кездесулерде мұрағат қорының құрамы мен мазмұны жөнінде және мұрағат қорын ғылым, мәдениет саласында пайдаланудың маңызын көрсетеді. Құжаттарды танымал етуде, мұрағаттың мәдени – ағарту саласындағы жұмыстың бір түрі – экскурсия. Экскурсияның мақсаты мен тақырыбы әр түрлі болып келеді. Мысалы, мұрағаттардың қызметкерлеріне мұрағатты құжаттармен толықтыру, сұрыптау жұмысы, құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру, каталогтарды құру т.б. мақсатта экскурсия өткізілсе, студенттерге, мұғалімдерге т.б. мамандық иелеріне мұрағат құжаттарымен таныстыратын экскурсия өткізіледі. Көпшілікті мұрағат құжаттарымен таныстырудың тағы бір тиімді жолы – лекциялар мен баяндамалар оқу. Баяндамаларда мұрағат құжаттарының маңызы жөнінде немесе мәдени және шаруашылық өмірінде пайдаланудың маңызы айтылады. Баяндамалар барысында құжаттар көрсетіліп, қысқаша мазмұны айтылуы тыңдаушы студенттердің есінде жақсы сақталады. Сондай-ақ лекция барысында «Қазақ даласында болған» атты құжаттық фильмнің көрсетілуі тыңдаушыларға үлкен әсерін тигізеді. Мұрағат құжаттарын пайдаланудың дәстүрлі түрі оқырман залдары арқылы зерттеушілерге құжаттар және ақпаратпен қамтамасыз ету. Зерттеушілердің құжаттарды толық және жан-жақты жақсы пайдалануы үшін оқырман залдарында ғылыми анықтамалық ақпараттар бар. Олар: путеводительдер (жол нұсқағыштар), шолулар, каталогтар т.б. Оқырман залының меңгерушісі зерттеушілерге берілетін құжаттарды қарап шығады. Пайдалану парақтарындағы жазбаларды тексереді, зерттеушінің тақырыптарын есепке алу картотекасын жүргізеді7. Зерттеушілерге барлық іс қағаздарының, баспасөз материалдарын және микрофильмдер беру арнайы жазба талаптар бойынша іске асырылады. Зерттеушілердің 52 пайызы жоғарғы оқу орындарынан келеді8. Олдардың көбі мұғалімдер мен диплом жұмысын жазушы студенттер. Құпия қорлармен жұмыс жасау Қазақстан Министрлер Кеңесі жанынан құрылған бас архив басқармасының «Құпия құжаттармен жұмыс жасау тәртібі» бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Әйтсе де құпия қорлар мен құжаттар әлі күнге дейін құпия түрінде қалуда. Сондықтан оқырмандар залында зерттеушілердің санын көбейту үшін және құпия қорлар мен құжаттардың сырын ашу бүгінгі тарих ғылымының ашылмаған құпияларын зерттеуге мүмкіндігін тигізер еді. Мұрағат құжаттарын ғылыми мақсатта пайдалануда құжаттық жинақтар шығарудың ролі зор. Құжаттық басылымдар тақырыптық, қораралық, жеке адамдардың құжаттары болып келеді. Қораралық басылымдар ғылыми типке ғана жатады. Олар тек бір қордың немесе бір коллекцияның құжаттарын өзіне қосады, ал тақырыптық басылымдарға белгілі тақырыппен әртүрлі қордан алынған деректер жатады. Жеке адамдардың басылымдарына осы адамның өзінің творчествалық өмірі барысында жинаған құжаттары енгізіледі. Құжаттық жинақтардың түрі: ғылыми, ғылыми-көпшілік, оқулық болып үшке бөлінеді9. Орталық мемлекеттік мұрағат қызметкерлері құжаттық жинақтар шығаруда ғылыми институттар, мекемелер және жоғары оқу орындарымен біріге отырып шығарады. Жинақты дайындау барысында құрастырушы мүшелері мен редактор тағайындалады. Басылымның жоспар бағдарламасында құжаттық жинақты шығару қажеттілігі, оның саяси және ғылыми өзектілігі, мақсаты көрсетіледі. Құжаттық басылымдардың кең тараған түрі-тақырыптық. Ол белгілі бір тақырып бойынша жасалады. Жинақты даярлау барысында керекті құжаттарды іріктеп алу тарихи принциптер негізінде жүргізіледі. Құжаттарды іріктеп таңдау үшін әдістемелік ереже және ғылыми анықтамалық аппарат құрастыру өте тиімді. Жинақтың деректік негізін мұрағат құжаттары, мерзімді басылымдар, мемлекеттік қорлар құрайды. Фотосуреттер, кинокадрлар, плакаттар, құжат жинағының тақырыбына тығыз байланысты болуы шарт. Ал белгілі бір оқиғаға байланысты құжаттар әртүрлі болып келеді. Олар: хаттама, қаулы, мерзімді басылым, тарихи естеліктерден тұрады. Ал құжаттық – публикациялық жинақта құжаттармен қатар очерктер, поэзиялық шығармалар, естеліктер, көркемдік материалдар болады. Жинақта іріктелініп алынған тарихи деректер өзінің тақырыптық, салалық, хронологиялық, авторлық, географиялық белгілері арқылы жүйеленеді. Құжаттарды жүйелеу басылымдардың мақсаты мен сол құжаттардың сипаттарымен айқындалады. Хронологиялық жүйелеу оқиғаны, құбылысты бағалауға мүмкіндік берсе, географиялық жүйелеу құжаттардың аймақтық, губерниялық екендігін білу үшін пайдаланылады. Ғылыми – көпшілік жинаққа археографиялық мінездеме беру, яғни оқырманға тарихи деректің бір түрі құжат жөнінде мәлімет беру. Жалпы құжаттық жинақ тарих ғылымын және мұрағат ғылымын насихаттайтын құрал болып табылады. Сол себептен де құжаттық жинақтарға археографиялық өңдеу жасалады. Ғылыми – анықтамалық аппараттың міндеті- жарияланған құжаттың ғылыми, саяси түсінуіне көмектесу және басылыммен жұмысты жеңілдету. Ол тақырыпқа, жинақтың түріне байланысты әртүрлі болып келеді. Газеттік құжаттарға, жинақтарға алғы сөз ретінде, көрсеткіштер, тізбелер ретінде енеді. Тақырыптың өзекті мәселесі мұрағат құжаттарын пайдалану барысында істелетін жұмыстар мен пайдалану мақсаттары көрсетіледі. Жалпы мұрағат құжаттары 5-мақсатта: халық шаруашылығында, ғылымда, мәдени-ағарту және насихаттау, идеологиялық және оқу мақсатында пайдаланады. Айталық, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты ғылыми зерттеу институттары және жоғарғы оқу орындарымен біріге отырып 100-ден астам құжаттық жинақ шығарды. Қорыта айтқанда, құжаттарды пайдалануды ұйымдастыруда мынадай түрлері бар: мұрағат материалдары жайлы ғылыми дерек беру; құжаттарды жариялау; көрмелер ұйымдастыру; мақалалар жариялау және құжаттық фильмдер жасау; кездесулер және мұрағаттарда экскурсия ұйымдастыру; лекция мен баяндамалар даярлау; мұрағаттық анықтама беру т.б. Жоғарыда баяндалған мәселелер іс жүзіне асырылса әр азамат тарихи деректерде көзімен көріп, талдауға мүмкіндік алатыны сөзсіз. Сонымен қатар құжаттарды пайдаланудың схемалық түрін ұсынып отырмыз. (таблица 1-7)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет