Клиникаға кіріспе



бет53/61
Дата23.09.2023
өлшемі227,6 Kb.
#109897
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61
Медбикелік деонтология – медбикелік этиканың бөлігі болып табылатын медицина қызметкерлерінің профессиональді өздерін ұстау, науқас және қауым алдындағы парызы туралы ғылым.
Этика-қауым ішінде рольдер, нормалар, принцип, моральді философиялық оқу және дамуы туралы ғылым.
БҮЙРЕК. REN. (грекше nephros), несеп жасап шығаратын ішастардың артында іш қуысының артқы қабырғасында жататын жұп экскреттік мүше . Бүйректер омыртқа жотасының бүйір жақтарында соңғы арқа және екі жоғарғы бел омыртқа деңгейінде орналасады. Оң жақ бүйрек сол бүйректен орташа 1-1,5см төмендеу жатады. Бүйректің жоғарғы ұшы онбірінші қабырға деңгейіне
жетеді , төменгі ұшы мықын қырқасынан 3-5 см қашықтау тұрады. Бүйрек бобовидті пішінді келеді. Бүйректе қыртыс затын , милы затын ажыратады. Қыртыс заты мүшенің шеткі қабатын алып
жатады, қалыңдығы 4 мм-ге жуық . Ми заты бүйрек пирамидалары деп аталатын конус пішінді түзілістерден құралады. Пирамидалардың кең табандары мүшенің бет жағына , ал төбелері синус жаққа қарайды. Төбелері екеуден немесе одан көбіректен
бүртіктер деп аталатын дөңгелектенген қыраттарға бірігеді, сирек жағдайда бір төбеге жеке бүртік сәйкес келеді. Барлық бүртіктер саны орташа алғанда 12-ге жуық . Әрбір бүртікте ұсақ тесіктер
бар. Foramina papillaria арқылы несеп жолдарының бастапқы бөлігіне (тостағаншаларға) шығарылады. Бүйректің маңызды физиологиялық рольі -гомеостатикалық: клетка аралық сұйықтықты (осморегуляция) және қан сарысуында осмосты активті заттардың концентрациясы үнемі бір қалыпта ұстап тұруға, көлеміне қарай (волюморегуляция), липидтердің, көмірсулардың және ақуыздардың метаболизм процестеріне , токсикалық заттардың организмнен шығуын, жүйелі гемодинамиканы реттеуге бүйрек қатысады .
Несепағар - ұзындығы 30 см жуық түтік . Диаметрі 4-7 мм . Несепағардан түбектен тікелей іштік аржағынан төмен және медиальді кіші жамбасқа , сол жерден қуық түбіне келіп, оны қиғаш бағытта тесіп өтеді .
Несеп қуығы - зәрдің жиналуы және зәрдің организмнен шығарылуы . Қуық адамда біреу , іштің төменгі бөлігінде қасаға артында орналасады , қуық зәр көлеміне байланысты үлкейе де және кішірейе де алады. Қуықта 250-ден 500 мл зәр жинала алады . Қуықта максимальді зәр жиналған кезде адам жедел зәрді шығарғысы келеді . Қуықтан зәр шығару каналы басталады . Оның қызметі зәрді шығару болып табылады.
Зәр шығару каналы әйелдердікі ерлердікінен ерекшеленеді. Ерлерде зәр шығару каналы ұзын және қысқа (ұзындығы 20-40 см , ені 8 мм ), ал әйелдерде қысқа және енді ( ұзындығы 3-4 см , ені 1-1,5 см ) . Зәрағар каналының қабынуы кезінде ерлерде зәр шығару кезінде ауырсыну және ашу болады, ал әйелдерде білінбейді ( себебі зәр ағар каналының қысқа болуына байланысты).
Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларының ең жиі кездесетін симптомдары мыналар: зәр шығарудың бұзылуы, дене қызуының жоғарылауы, ауырсыну, ісіну және артериальді гипертензия белгілері болып табылады.
Зәрағар және бүйрек зақымдалуы кезіндегі ауырсыну- бел аймағында, зәрағар жолы бойымен және қасаға үстінде локализацияланады. Ауырсынудың түріне қарай сыздап, тез және ұстама тәрізді болады. Зәршығару бұзылыстары (дизурия) екі түрде болуы мүмкін: зәршығарудың жиіленуі-поллакиурия және зәршығарудың қиындауы-странгурия. Зәршығарудың жедел тоқтауы кезінде ишурия (еркін зәршығара алмағанынан зәрдің жиналуы) болуы мүмкін.
Денісау адам күніне 4-7 рет зәршығарады,ал түнде 1 реттен көп емес. Әр порциясы 200-ден 300 мл зәрге дейін, тәулігіне 1000-2000 мл. Зәршығарудың жиіленуі физиологиялық көрініс болуы мүмкін (сұйықтықты көп қабылдаған кезде, суықтау, эмоциональді күш түсіру) немесе патологиялық жағдайдың салдары болуы мүмкін.
Зәршығарудың қиындауы көбінесе ерлерде простата безінің ісігі, операциядан кейінгі кезеңде байқалуы мүмкін. Созылмалы зәр тоқтау кезінде науқастар бір минут күшеніп зәрін қиналып шығарады. Зәр аз мөлшерде кейде тамшы боп ағуы мүмкін. Бұл кезде науқастың қуық аймағында қатты ауырсыну, қиналу тенезмдері болады.
Жедел зәр тоқталу дегеніміз- операциядан кейін қуық бұлшықетінің жүйке регуляциясы бұзылуынан және де уретра обтурациясының нәтижесі . Ануриядан айырмашылығы анурия кезінде қуық бос және кіші дәретке отырғысы келмейді , ал жедел зәр тоқталу кезінде қуық толып тұрады және кіші дәретке жиі отырғысы келеді..
Аденома , қуық асты без рагі , босанудан кейін және операциядан кейін жедел зәр тоқталу пайда болады .
Зәр шығару рефлексін краннан аққан судың шуымен немесе жыныс мүшелерін жылы сумен жуып шығаруға болады. Қасаға үстіне жылы грелка қойса жақсы әсер береді . Істеген іс-шаралар жүзеге аспаса дәрігер тағайындауы бойынша бұлшықет тонусын жоғарылататын дәрілік заттарды береді (прозериннің 0,5% 1 мл ерітіндісін немесе пилокарпиннің 1% 1 мл ерітіндісін тері астына ).
Бұл іс-әрекеттер жүзеге аспаса дәрігер тағайындауы бойынша қуыққа катетер қояды . Жедел зәр тоқталу кезінде көмек көрсету.
Науқастың жағдайына қарай оны ыстық ваннаға отырғызады , спазмолитиктерді енгізеді ( но-шпа 2-4 мл ерітіндісін немесе баралгиннің 5% 2-3 мл ерітіндісін бұлшықетке енгізу . Осы шаралар әсер етпесе науқасты урология бөліміне жатқызу қажет.
Зәр шығару каналының жарақатынан болған зәр тоқталу кезінде қуыққа катетер қоюға мүлде болмайды.
Тәулік ішінде бөлінген зәрдің жалпы мөлшерінің өзгеруі зәршығарудың бұзылысымен өтуі мүмкін.
Полиурия- зәрдің тәуліктік мөлшерінің 2литрге дейін жоғарылауы.
Олигурия- зәрдің тәуліктік мөлшерінің 500 мл-ге дейін төмендеуі.
Анурия- қуыққа зәрдің мүлдем түспей қалуы.
Бұл өзгерістер бүйрек функциясының қауіпті бұзылыстарын білдіреді.
Гематурия- зәрде қанның болуы, ет жуындысының түсі тәрізді болғанда дәрігерге тез арада хабарлау қажет.
Зәрдің еріксіз шығуы. Зәрді ұстай алмауға тән симптом- зәршығаруға отырғысы келмей ақ зәрді еріксіз жіберіп қою. Зәрді ұстай алмайтын төсектегі науқасқа шынылы астаушаны, ал әйелдерге резиналы судноны қойып қою қажет. Астаушада зәр толған кезінде зәрді уақытылы төгіп жылы сумен шаю қажет; ал зәрдің иісін кетіру үшін тәулігіне бір рет калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен өңдеу. Зәрді ұстай алмайтын науқастарда ойық көп кездеседі, зәр теріні қызартып ойып жібереді. Бұндай науқастарды ойықты болдырмаудың алдын алу қажет. Төсек және сырт киімін жиі ауыстырып тұру қажет,себебі: ластанған киім төсегі өткір аммиакты иіс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет