Күні: Пән атауы: Тіл дамыту теориясы және әдістемесі Тақырыбы


Әр түрлі жастағы балалардың сөйлеу дағдысының ауқымы



бет2/2
Дата04.03.2023
өлшемі24,31 Kb.
#71488
1   2
2. Әр түрлі жастағы балалардың сөйлеу дағдысының ауқымы.
Сәби өз дамуының сөйлеуге дейінгі кезеңінде сөйлеу алдындағы дауыстық реакция деп аталатын айқаймен: «Тамақ ішкім келеді», «Су күйі жатқым келмейді» және тағы басқа түрлі тілектерін білдіреді. Айқайға тән түрлі ырғақтар баланың дүниеге келген алғашқы аптасында-ақ пайда болады, бала күн санап өскен сайын айқай айқындала түседі де, оның мәнін анасы ғана емес, баламен қарым-қатынас жасайтын адамдар да түсіне бастайды.
Демек, сәбидің айқайы белгілі бір ара қатынастық қызмет атқарады.
Бір жарым айлығынан бастап сәби тілдің дабысын артикулдеуге талпынады.
Әрине, алғашында бұл әлі сөйлеу алдындағы дыбыстық реакция ғана: гуілдеу, ызыңдау, былдырлау, түрленген былдырлау. Сөйлеуге дейінгі реакцияның айқын бір ізділігі бар.

Баланың жасы

Дыбыстық реакциялар

1,5 айлық

Гуілдеу: а-аа, э-ээ – сәби дауысты дыбыстар шығарады.

2-3 айлық

Гуілдеу: г-г-у, ш-и, бу-у, з-и –сәби дауысты және дауыссыз дыбыстар шығарады.

4 айлық

Ызыңдау: аль-ле-е-лы-ағы-аы – дыбысты «тізбектеп» шығарады.

7-8,5 айлық

Былдырлау: ба-ба, да-да-да – сәби жеке буындар шығара ды.

8,5-9,5 айлық

Түрленген былдырлау; сәби буындарды түрлі дауыс ырғағымен қайталайды.

Баланың бұл кезеңдегі сезімталдық қарым-қатынас жасау процесі ойын сипатында болады: ересек адам мен бала кезектесіп бірін-бірі қайталайды, бір-біріне еліктейді -егер ересек адам жымиса, сәби де жымияды.


Сәби буындарды түрлендіре отырып, онымен жай ғана ойнамай, оған белгілі бір мағына беретін кез де болады. (10-12 айлығының арасында). Ол буын қандай болса да бір сөзге қатысты:

  • Ми.... дейді ол мысықты көрсетіп және растауын күтіп ересек адамның бетіне қарайды.

  • Мияу, - деп үн қатады ересек адам. Сәби де қанағаттанған сезіммен:

  • Ми, - деп қайталайды.

Бала сөйледі. Оның алғашқы «сөздері» - бұл өзіне таныс сөздердің «қа» (қаша), «толь» (стол), «кө» (көйлек) екпінді буындары, бірақ бұл буындар жеке сөзді ғанаи емес, тұтас сөйлемді де («ка» - бұл «Талғат ботқа жеп отыр» немесе «бөтелкедегі ботқа» «әжем ботқа пісіріп жатыр» дегені) білдіреді.
Бір жастан жеті жасқа дейінгі тіл дамуында мынадай кезеңдер байқалады:
Бірінші кезең – формасыз түбір – сөзден тұратын сөйлем құрау кезеңі:
1 жас 3 ай – 1 жас 8 ай. Бір сөзді буын –сөйлемдерді айта алады;
1 жас 8 ай – 1 жас 10 ай. Бірнеше буын-сөздерден тұратын сөйлемді айта алады;
Екінші кезең – сөйлемнің грамматикалық құрылымын меңгеретін кезең;
1 жас 10 ай-2 жас 1 ай. Сөйлемдерді толық, бірақ жалғауы жоқ немесе жалғауы дұрыс емес сөздерді қолданады.
2 жас 1 ай-2 жас 3 ай. Сөйлемдерде қалыптасқан сөздер қолданылады: зат есім, сын есімнің септік жалғауларын, етістіктің жіктік жалғауларын түсіне бастайды.
2 жас 3 ай -3 жас. Сөйлемдерде синтаксистік қатынасты білдіретін шылау сөздерді қолданады;
Үшінші кезең –тілдің грамматикалық жүйесін меңгеру кезеңі:
3 жас – 7 жас. Тілдің грамматикалық құрылымы мен дыбыстық жағы жетіле түседі, сөздік қоры баюының алғы шарты жасалады.
Мысалдан көргеніміздей, сәбидің тілі бірізділікпен жетілуде:

  1. сөйлемнің синтаксистік құрылысы, сондай-ақ оның дауыс ырғағының айқындығы,

  2. сөздің морфологиялық жасалуы;

  3. сөздің дыбыстық құрамы;

Үш жас пен жеті жас арасындағы кезеңде баланың тілі грамматикалық формалармен тез байиды, сөйлеу ортасының даму потенциалы жеткілікті болған кезде, бала ана тілінің грамматикалық құрылысын және оның фонетикалық жүйесін жетік меңгере алады, мұның өзі сөздік қорын жылдам байытады.

3.Бала тілінің қызметі. Бала тілінің дамуының сөйлеу ортасын ұйымдастыру деңгейімен байланыстылығы


Баланың сөзі сыртқы ортамен байланыста үш түрлі қызмет атқарады: қатынастық, танымдық, реттеушілік.
Қатынастық қызмет – ертеректегі: өмірінің тоғызыншы айынан он екінші айына дейін түрленген былдырлауынан туындайтын баланың бірінші сөзі дәл осы қызметті атқарады. Айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасау қажеттілігі баланың сөйлеуін одан ары жетілдіруге ынталандырады. Екінші жылдың аяғында бала айналасындағы адамдар анық түсінетіндей өз тілегін, бақылауын сөзбен толық жеткізе алады, өзіне тілегін, бақылауын сөзбен толық жеткізе алады, өзіне сөйлеген ересек адамның сөзін түсінеді.
Бала үш жастан аса іштей сөйлеуді меңгере бастайды. Дәл осы кезден бастап сөз ол үшін тек қарым-қатынас құралы ғана болудан қалады да, енді басқа да қызметті, ең алдымен таным қызметін атқарады: бала жаңа сөздерді және жаңа грамматикалық формаларды меңгере отырып, айналадағы өмір туралы, заттар туралы, өмірдің шындық құбылыстары мен олардың қарым-қатынасы туралы түсінігін кеңейтеді.
Балада қатынастық және танымдық қызметтердің қатар дамуымен бірге оның мінез-құлқын реттеуші ретінде сөзді меңгере бастайды. Баланың мінез-құлқын реттеуші алғашқы сөздер – болады, болмайды және етістіктің бұйрық рай түріндегі іш, жүр, сияқты сөздер.

  • Болмайды! – дейді ересек адам, пышақтың жүзіне немесе жалынға қол созған балаға үрейленген дауыс екпінімен. – Витяның қолы ауырады (ақылды болу, яғни өз қылығының неге апарып соғатынын болжай білу керек).

  • Болмайды! – дейді ол ренішті дауыспен, егер бала саусағымен оның көзін түртіп қоймаса. – Ауырады ғой. Онан да сен мені аяп, қолыңмен сипа (ешкімді ренжітпей, басқаға зияндық жасамай, мейірімді болу керек).

  • Болмайды! - дейді анасы кесімді түрде, ол жыртпақ болған кітапты қолынан алып. – Кітап Витядан кетіп қалады да: «Витя жаман екен» - дейді (бұл мәдениетсіздік, яғни саған арнап кітап шығарған адамды сыйламау, бұл сенің абыройыңды кемітеді – бәрі: ол нашар бала екен, - деп ойлайды).

Мұндай сөздер баланың санасын өздігімен оятады, (оның) еркін машықандырады, тәртіптендіреді. Жеке адамның қасиеті ретіндегі тәртіп, кейінірек болатын өзін-өзі тәрбиелеу - адамға қажетті мінез-құлық дамуының кепілі.
Әрине, болмайды деген сөз, баланың мінез-құлқын реттеуші басқа да сөздер сияқты, оның санасына дұрыс түсінікпен сіңуі керек, нақтылап айтқанда, шамамен жоғарыда келтірілген: ақылды, мейірімді, елгезек болу, айналадағы адамдардың мүддесін құрметтеп, өз адамгершілігін де сақтай білу керек деген дәлелге жақын болуға тиіс. Болмайды деген сөзді баланың санасына қорқытып-үркітудің синонимі ретінде сіңіретін тәрбиешілер орны толмайтын қателіктер жібереді. Мұндай жағдайда, жаза алу қорқынышы жалған болғанда бала «қауіпті ойынмен» ойнайды, ол тыйым салған нәрсені қасақана жалғастыра береді.
Бала бұйрық етістіктерін де, «болмайды» деген сияқты, жағымды эмоциямен қабылдауы керек. Сонда бұл сөздер баланың еркін жаттықтыру құралы болады да, ол сөзді дұрыс қабылдай отырып. өзінің мінез-құлық жасау үшін өз тілімен сөйлеуге үйренеді. Бұл – тілді меңгерудің жоғары фомасы.
Баланың қарым-қатынас жасау, өмірді тану, өзінің іс-әрекетін жоспарлау қабілеті мидың дамуына байланысты қалыптасады, бірақ даму процесі көбіне машықтануға, яғни оның осы кезге дейін меңгерген сөздеріне үнемі назар аударуына байланысты.
Әдебиеттер:

1.Баймуратова Б.Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы. А, 1991ж.



  1. Баймуратова Б.Б. Біздің кітап. А, 1991ж.

  2. Бородич А.М. Методика развития речи детей. М, 1991г.

  3. Алексеева М.А. Развития речи детей. М, 1998г.

  4. Мектеп қарсаңындағы білім концепциясы. А, 1999ж.

  5. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты. А, 2016ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет