Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні



бет54/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76

Дұрыс жəне бұрыс бөлшектер


Алымы бөлімінен кіші болатын бөлшекті дұрыс бөлшек деп атайды. Алымы бөлімінен үлкен немесе тең болатын бөлшекті бұрыс бөлшек деп атайды.
Алымы 1-ге тең дұрыс бөлшектер аликвоттық бөлшектер деп аталады. Кез келген аликвоттық бөлшек 1-ден кіші болады.
«Шамалар жəне оларды Өлшеу» тақырыбының мазмұны жəне оны оқытудың əдістемесі.
Бастауыш сыныптарда мынандай шамалар қарастырылады: ұзындық, аудан, масса, сыйымдылық, уақыт т.б. Оқушылар бұл шама жəнінде нақты түсініктер алуы тиіс, олардың өлшеу бірліктерімен танысуы, шамаларды өлшей білу шеберлігін меңгеруі, өлшеу нəтижелерін түрліше бірліктермен өрнектей білуге үйренуі, атаулы сандарға арифметикалық амалдар қолдана білуі тиіс. Шамаларды оқып үйренудің маңызы зор, өйткені шамалар математиканың ең бір маңызды ұғымы болып табылады. Әрбір оқып үйренілетін шама – бұл бізді қоршаған дүниедегі шынайы объектілердің белгілі бір жалпыланған қасиеті. Өлшеулерге берілген жаттығулар кеңістік түсініктерді дамытады, оқушыларды өмірде кең түрде қолданылатын маңызды практикалық дағдылармен қаруландырады. Демек, шамаларды оқып үйрену – бұл оқытудың өмірмен байланыс құралдарының бірі. Шамалар І сыныптан ІІІ сыныпқа дейін бүтін сандарды жəне бөлшектерді оқып үйренумен тығыз байланыста қарастырылады: өлшеулер жасай білуге үйрету санай білуге үйретумен байланыстырылады. Жаңа өлшеу бірліктерді санау бірліктері қарастырылған соң енгізіледі. Атаулы сандардың пайда болуы, жазылуы жəне оқылуы дерексіз сандар нумерациясымен қатар қарастырылады, дерексіз сандарға жəне атаулы сандарға арифметикалық амалдар қолданылады. Өлшеу жұмыстары мен графиктік жұмыстар есеп шығарғанда көрнекі құрал ретінде
пайдаланылады. Сонымен, шамаларды оқып үйрену математика курсының кӛптеген мəселелерін меңгеруге көмектеседі. Кесіндінің ұзындығы: нəрселердің қасиеті ретінде ұзындық жӛнінде балалардың алғашқы түсініктері мектепке дейін көп бұрын пайда болады. Мектепке алғаш келген кезде, əдетте, балалар сызықтық өлшемділікті айыра біледі (нəрселердің ұзындығын, енін, биіктігін, олардың ара қашықтығын).
Олар қатынастарды дұрыс тағайындайды: ұзынырақ-қысқарақ, кеңірек- тарырақ, қашығырақ-жақынырақ т.б., егер бұл жағынан алғанда айырмашылығы айқын кӛрінсе, ал басқа қасиеттері жөнінен ұқсас болса (мысалы, формаса бірдей болса, бірдей материалдан жасалған болса т.б.). Мектепте оқытудың алғашқы күндерінен бастап балаларда кеңістіктік түсініктерді айқындай түсу мəселесі қойылған. Бұған нəрселерді өлшемділігі жəнінен салыстыру жаттығулары көмектеседі, мысалы: «Қай кітап жұқарақ? (кітаптар бірінің жанына бірі қойылады), Кім аласарақ? (балалар қатарласып тұрады), Қайсысы терең: бұлақ па əлде ӛзен бе? (көз алдына елестету арқылы)». Осындай жаттығулар процесінде нəрселерді ұзындығы жӛнінен салыстыру шеберлігі қалыптасады, сондай- ақ салыстырылып отырған қасиеті жалпыланады. Келесі кезеңде оқушылар кесінділерді өлшеудің алғашқы бірлігімен таныстырылады. Кесінділер жиынынан бір кесінді бөлініп алынып, бірлік ретінде қабылданады. Балалар оның атауын біліп алады да осы бірліктің көмегімен өлшеуге кіріседі. Өлшеу бірлігінің қайсысын бірінші енгізу жӛнінде əртүлі көзқарастар бар. Балалар өмір тəжірибесінде бəрінен де метрмен өлшеуді жиі бақылайды. Метр – ұзындықтың негізгі бірлігі. Метр жеке эталон (өлшеуіш) түрінде бар. Оның көмегімен мұғалімге өлшеу процесін көрсету оңай. Сондықтан кейбір əдіскерлер алғашқы өлшеу бірлігі ретінде метрді ұсынады.Алайда метрді қарастырған кезде əрбір оқушы жұмыс істеу үшін өлшеу процесінің өзін түсінуге өте қажетті жаттығулардың жеткілікті мӛлшерін жүргізу қиын. Екінші бір əдіскерлер өлшеудің алғашқы бірлігі етіп сантиметрді енгізуді ұсынады (бағдарламада да солай берілген), бұл əрбір оқушының партада отырып өлшеу бойынша көптеген жұмыстар орындауына мүмкіндік береді. Бұл дайындық кезеңінде балалрдың өмірдегі бақылауларына сүйене отырып, матаны, лентаны, жиек бауды т.с.с. қалай жəне немен өлшейтінін еске түсіруін, мысал үшін 2-3 м бауды немесе тақтаның ұзындығын өлшеу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Метр мен сантиметр арасындағы қатысты тағайындамай тұрып, осыдан кейін, ұзындығы метрден кіші, шағын кесінділерді өлшеудегі өлшеуіш ретінде сантиметрді енгізуге болады. Балалар сантиметр жөнінде көрнекі түсінік алу үшін , көптеген жаттығулар орындаған жөн. Мысалы, олар өздері сантиметрдің моделін
жасауы (клетка қағаздың жіңішке жолағынан ұзындығы 1см жолақ қиып алады), дəптерлеріне ұзындығы 1см кесінділер салуы (клеткалар бойынша), шынашақтың ені шамамен 1смге тең екенін өздерінің табуы пайдалы. Әрі қарай оқушылар кесінділерді өлшеумен таныстырылады. Балалар өлшеу процесін жəне өлшеу нəтижесінде алған сандар нені көрсететінін анық түсінуі үшін, сантиметр модельдерін салудың жəне оларды есептеудің қарапайым əдістерінен анағұрлым қиынына - өлшеп салуға біртіндеп көшкен жөн. Тек сонан кейін ғана, өлшейтін кесіндіге сызғышты тиістіріп қойып, өлшеу тəсіліне кіріскен жӛн. Көптеген əдіскерлер (Н.С.Попова, П.С.Исаков, А.М.Пышкало жəне басқалар) алдымен балалар өздері клетка қағаздан жасаған сызғышпен пайдаланғандары жөн екенін айтады. Бұл сызғыштарда сантиметрлік бөліктер жасалады, бірақ цифрлар жазылмайды. Ол сызғышты пайдалана отырып, балалар кесінділерді өлшейді, жолсыз қағазға кесінділер сызады, ұзындығы берілген кесіндіні сызғыштың өзінен көрсетеді. Бұл жағыдайда балалар əр кезде сантиметрлерді (оларды қарындашпен «адымдап» көрсете отырып) санайды. Өздері жасаған сызғышты пайдаланып, балалар жаттығуларды неғұрлым көп орындаса, соғұрлым кəдімгі масштабтық сызғыштың көмегімен өлшеуді ойдағыдай меңгеретін болады. Масштабтық сызғышпен жұмыс істегенде өлшеу кезінде сызғышты дұрыс қоюға кӛңіл аударылады (кесіндінің басы сызғыштағы нольдік бөлікке сəйкестелуі тиіс). Балаларды өлшеу нəтижелерін дөңгелектеуді орындауға үйреткен жөн: егер сантиметр 5 рет өлшеп салынып, тағы да сантиметрдің жартысынан кіші кесінді болса, онда оны қалдырып кетіп, кесіндінің ұзындығын былай атайды:
«5см-ден аздап артық», «5см-дей»; егер сантиметрдің жартысына тең немесе одан үлкен кесінді болатын болса, онда ол бір бүтін сантиметрге саналады жəне өлшеу нəтижесін былай атайды: «6см-ден аздап кіші», «6см-ге жуық». Өлшеу дағдыларын қалыптастыру үшін алуан түрлі жаттығулар жүйесі кірістіріледі. Бұл – кесінділерді өлшеу жəне сызу; мынандай сұраққа жауап беру үшін кесінділерді салыстыру: бір кесінді екінші кесіндіден неше сантиметр ұзынырақ (қысқарақ); кесінділердің ұзындығын бірнеше сантиметрге арттыру жəне кеміту. Осы жаттығулар процесінде оқушыларда ұзындық ұғымы берілген кесіндіде реттеліп салынған сантиметрлер саны ретінде қалыптасады. Кейінірек, 100 көлеміндегі сандарды оқып үйрену кезінде жаңа өлшеу бірліктері – дециметр, ал соңынан метр енгізіледі.
Жұмыс сантиметрмен таныстыру кезіндегіше өткізіледі. Сонан кейін өлшеу бірліктерінің арасындағы қатынас тағайындалады (1дм-де, 1м-де неше сантиметр бар, 1м-де неше дециметр бар). Балалар əртүрлі екі өлшеуіштің көмегімен өлшеуге жаттығады, нəтижесінде құрама атаулы сандар алады, мысалы: тақтаның ұзындығы 2м 8дм. Осы уақыттан бастап сəйкес кесінділерді
салыстыру негізінде атаулы сандарды салыстыруға кіріседі. Одан кейін атаулы сандарды түрлендіруді – ірі бірліктерді ұсақ бірліктермен алмастыруды (3дм 5см = 35см) жəне ұсақ бірліктерді ірі бірліктермен алмастыруды (48см = 4дм 8см) қарастырады. Оқушылар біртіндеп ұзындықтың сан мəні өлшеу бірлігін таңдап алуға байланысты екенін байқайды (бір ғана кесіндінің ұзындығы 3дм деп те, 30см деп те белгіленуі мүмкін). ІІ сыныпта ұзындықтың өлшеу бірліктерімен таныстыруды əрі қарай жалғастырады: балалар миллиметрмен, ал кейінірек километрмен танысады. Миллиметрді енгізу 1см-ден кіші кесінділерді өлшеу қажеттілігімен түсіндіріледі. Миллиметр жайындағы кӛрнекі түсінікті балалар кəдімгі масштабтық сызғыштағы бөліктерге қарап немесе миллиметрлік бөліктері бар қағаздарға қарап көреді. 1см-де неше миллиметр бар екндігі бірден анықталады жəне балалар миллиметрге дейінгі дəлдікпен өлшеулерге кіріседі. Мұнда балалар сызғыштың шкаласындағы бӛліктер мен кесінділердің ұштары дұрыс келетіндей жағдайға көздерін дұрыс жаттықтыруы тиіс.
Өлшеу дағдыларының қалыптасуы үшін өлшеу жаттығулары тек математика сабақтарында ғана емес, басқа сабақтарда да бірге қарастырылады. Көзбен мөлшерлей білуді дамыту үшін, берілген кесіндіні өлшеуден бұрын, олардың ұзындығын көзбен шамалап анықтатқан пайдалы. Берілген есептер жəне геометриялық фигуралардың периметрін өлшеуге жəне есептеуге, көрсетіліп берілген өлшемдері бойынша кесінділерді жəне тік төртбұрыштарды салуға жаттықтырулар өлшеу, график салу жəне есептеу дағдыларын бекітудің жақсы құралы болып табылады. Километрмен таныстыру кезінде, осы өлшеу бірлігі жӛніндегі түсінікті қалыптастыру үшін, жер бетінде практикалық жұмыстар жүргізген пайдалы. Көбінесе балалар мұғаліммен бірге 1км ара қашықтықты жүріп өтеді (осы аралықты қанша уақытта жүріп өткенін белгілеп отырған пайдалы).
Жүріп өткен ара қашықтықты не адыммен, не өлшеуіш баудың көмегімен өлшейді. Осы тұста балалар белгілі бір аралықты көз мөлшерімен анықтауға жаттығады. Егер мүмкіндік болса, жақын жердегі елді пункттер мен қалалаға дейінгі қашықтықтар жөніндегі мағлұматтарды білу үшін автобус немесе темір жол вокзалына экскурсия жасайды. Бұл материал кейін сабақтарда есеп құрастыруда пайдаланылады. ІІІ сыныпта оқушылар барлық оқып үйренілген ұзындық бірліктерінің жəне олардың қатыстарының таблицасын құрастырады жəне жаттап алады. Таблица кӛп қайтара жəне үнемі мынандай жаттығулар процесінде меңгеріледі: 1км-де неше метр бар? Метр дициметрден неше есе артық? 1метр 1см- ден неше сантиметр артық? т.с.с. ІІ сыныптан бастап балалар есеп шығару процесінде ұзындықты табудың жанама жолымен танысады. Мысалы, бір сыныптаң ұзындығын жəне бір
қабаттағы сыныптар санын біле отырып, мектеп үйінің ұзындығын есептеп шығарады; бөлменің биіктігін жəне үйдің қабат санын біле отырып, үйдің биіктігін жуық түрде есептеп табуға болады т.с.с.
Кейінірек, ІІІ сыныпта, қозғалыс жылдамдығымен танысқан соң жəне жылдамдық- уақыт- ара қашықтық шамалары арасындағы өзара байланысты оқып үйренген соң, оқушылар жылдамдықты жəне қозғалыс уақытын біле отырып, қашықтықты есептеп табуға болатынын біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет