Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні



бет52/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76

Конспект №7


Тақырыбы: «Сандар жəне өлшемдер» бөлімінің базалық мазмұны» Қарастырылатын сұрақтар:
1.Натурал сандар жəне 0 саны. Бөлшектер (теріс емес бүтін сандар концентрлері бойынша сандарды оқу, жазу, құру жəне салыстыру; сандардың разрядтық жəне кластық құрамын анықтау; үлестерді құру, оқу, жазу жəне салыстыру; пайыз; жай, дұрыс, бұрыс бөлшектер; аралас сандар т.б.) 2.Сандармен амалдар орындау (қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары; өзара кері амалдар; амалдар компоненттері арасындағы байланыс).
3.Шамалар жəне өлшем бірліктер (ұзындық/ масса/ көлем (сыйымдылық)
/уақыт; өлшем бірліктерін қолданып шамаларды өлшеу).
Сан - о баста заттарды санаудың мұқтаждығынан пайда болған негізгі математикалық ұғымдардың бірі. Ол кейін математикалық білімдердің дамуына қарай жетілдірілді. Бұл ұғым өте ерте заманда, күллі математика ғылымы сияқты адамдардың тəжірибелік қызметінің қажеттігінен келіп туды.
Бұл ұғымның маңыздылығы туралы ғалымдар мынадай пікірлер
айтқан. Мысалы, Э.Болель (1871-1956) «Адамдардың білімі онда санның қандай рол атқаратынына байланысты Ғылым атына ие болуға лайық»,- деп жазды. Ал С.Стевин (1548-1620) «Сандардың арасында ғажайып келісімділік пен үйлесімділіктің бары соншалық, біз олардың керемет заңдылығы туралы күндер мен түндер бойы ойлануымыз керек...»,- деді.
Натурал сан ұғымының дамуы ерте заманда адамның заттар жиынтығының санын оларды санамай-ақ, яғни өзара бір мəнді сəйкестікті тағайындау негізінде қабылданумен сипатталады. Уақыт өте келе адамдар сандарды атауды ғана емес, оларды белгілеуді де, сондай-ақ олармен амалдар орындауды да үйренді. Осынау мəселелерді шешудегі көптеген қиыншылықтар Ежелгі Үндістанда сандардың ондық жазылуы мен нөл ұғымының жасалуы нəтижесінде ғана жойылды. Әуелде санның жоқтығын білдірген нөл теріс сандар ұғымы енгізілгеннен кейін ғана сан ретінде қарастырылатын болды. Натурал сандар жиынының шексіздігі туралы түсінікт біртіндеп қалыптасты. «Натурал сан» терминін тұңғыш рет римдік ғылым А. Боэций (шамамен 480-524) қолданған.
Санаудың ондық жүйесі қазіргі түрінде біздің заманымыздың шамамен VI ғасырында Үндістанда қалыптасты. Нөл үшін ерекше белгі енгізу үндістандық ғылымның маңызды жетістігі болды. Нөл енгізгеннен кейін ғана жазудың ондық жүйесі толығымен аяқталды. Теріс емес бүтін сандар жиынын құрудың теориялық – жиындық тəсілі тұрғысынан натурал сан деп бос емес шектеулі бір- бірімен эквивалентті жиындар класының ортақ қасиетін айтады. Теориялық жиындық тұрғыдан алғанда сандық (мөлшерлік) натурал сан дегеніміз шектеулі тең қуатты жиындар класының ортақ қасиеті екен. Сонымен əрбір класқа тек бір ғана натурал сан, əрбір натурал санға тең қуатты шектеулі жиындар класының біреуі ғана сəйкес келеді. Жалпы алғанда, əрбір шектеулі жиынына бір ғана натурал сан сəйкес келеді.
Теріс емес бүтін сандар жиыны ( немесе ) дегеніміз, яғни . жиынындағы
«артық», «кем», «тең» қатынастары теріс емес екі бүтін сандарды салыстырудың нəтижесін білдіреді.
«Теңдік» таңбасын ағылшынның математик мұғалімі Р.Рекорд (1510-1558), ал «артық» (>), кем (<) таңбаларын тұңғыш рет ағылшын математигі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет