Конспект алғЫСӨз монографияда білім беру зерттеулерінің үш негізгі типін ұйымдастырудың ұстанымдары мен ерекшеліктері көрсетілген: сандық, сапалық және аралас (құрамдастырылған). I бөлім


Талдаудың негізгі нәтижелерін жинақтау үлгісі (Karabassova, 2018)



бет19/21
Дата30.01.2023
өлшемі62,5 Kb.
#63853
түріКонспект
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Талдаудың негізгі нәтижелерін жинақтау үлгісі (Karabassova, 2018)
Хатнер (2013) бастаған ғалымдар тобының австриялық колледж оқытушыларына жүргізген зерттеуінде тілдік емес пән мұғалімдерінің «CLIL табиғи орта қалыптастырады» деген пікірі атап көрсетілген, олардың пікірінше, CLIL студенттерге тілді «тәжірибеде қайталай отырып» үйретеді, яғни тілді қаншалықты пайдалансаң, оған соншалықты үңіле түсуге болатындай табиғи орта қалыптасады» (275-б.). CLIL-де тілді табиғи жолмен үйрену керек деген пікірді Ұлыбританиядағы бастауыш мектеп мұғалімдері де қолдады. Пікірден бірінші тіл секілді «испан тілін де табиғи жағдайда түсінбей-ақ үйренуге» (Gilford, 2013, 32-б.) болады деген ой байқалады. Сол сияқты Скиннари мен Бовеллан (2016, 153-б.) да «тілді табиғи жолмен үйрену» ұғымын анықтады. Олар CLIL мұғалімдерінің өз пәндерінде тілдің рөлін әрдайым түсіне бермейтінін және тілге назар аударуды «жанама өнім» немесе «жанама әсер» ретінде сипаттайтынын айтады (153-б.).

Идеяларды жинақтау «зерттеу көрсетті», «қолдау тапты», «осылайша» секілді бірліктердің көмегімен жүзеге асырылды. Жинақтаудың негізгі түйіні – зерттеліп отырған құбылысқа жаңашыл көзқарас ұсына алатын идеялар мен концептілерді біріктіру болып табылады, ол өз кезегінде сіздің ғылымға қосқан үлесіңіз деген сөз. Әрине, бұл үлес сіздің тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізге байланысты, оған тек мұқият әрі тереңдете оқудың нәтижесінде ғана қол жеткізуге болады. Сонымен бірге бұрыннан бар әдебиеттерді толыққанды қарастырмайынша, тақырып немесе теория туралы мерзімінен бұрын болжам жасап, қорытынды шығарудан аулақ болған абзал (Hart, 1998).


2-тапсырма.


Идеяларды талдап, жинақтау және шолу нәтижелері
• Сіз зерттеп отырған мәселе қалай пайда болды және оны ғалымдар қалай анықтайды?
• Аталмыш тақырыпқа қатысты қандай негізгі теория, концептілер, идеялар бар?
• Аталмыш тақырып төңірегінде қандай ғылыми талқылаулар, дәлелдер мен проблемалар бар?
• Аталмыш тақырыпқа қатысты бүгінгі күнге дейін қарастырылған негізгі мәселелер қандай?
• Қандай өзекті мәселелер толыққанды немесе мүлдем қамтылмаған




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет