Конспект алғЫСӨз монографияда білім беру зерттеулерінің үш негізгі типін ұйымдастырудың ұстанымдары мен ерекшеліктері көрсетілген: сандық, сапалық және аралас (құрамдастырылған). I бөлім


-тапсырма. Зерттеу жұмысыңыздың тақырыбы мен мақсатын жазыңыз



бет17/21
Дата30.01.2023
өлшемі62,5 Kb.
#63853
түріКонспект
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
1-тапсырма. Зерттеу жұмысыңыздың тақырыбы мен мақсатын жазыңыз
1. Тақырыбыңызға қатысты кілт сөздер мен ұғымдарды анықтауға тырысыңыз
2. Университетіңіздің электрондық кітапханасына немесе GoogleScholar іздеу платформасына кіріңіз
3. Кілт сөздер мен терминдерді қолдана отырып, іздеуді бастаңыз
4. Материалдар ауқымды болса, дереккөздердің күні мен түріне арналған өлшемдерді енгізіңіз
5. Мазмұнның маңыздылығын бағалау мақсатында әрбір жарияланымды қарап шығыңыз 6. Қажетті материалдарды бөлек папкаға сақтаңыз немесе жүктеп алыңыз
2.3 Әдебиеттерді талдау
Зерттеліп отырған тақырыпқа қатысты қажетті әдебиеттерді жан-жақты іздестіргеннен кейін әрбір материалдың мазмұнын сыни тұрғыдан бағалауға тура келеді. Әдебиеттерді оқу мақсатты түрде жүргізілуі тиіс, яғни әдебиеттерді сараптамалық бағалау мақсатында оқу керек. Сараптамалық бағалау сыни талдау әдісін жүйелі әрі жан-жақты қолдануды талап етеді. Талдау – белгілі бір нәрсені олардың өзара байланысын сипаттау үшін жеке бөліктерге жіктеп қарастыру деген сөз. Әртүрлі материалдармен танысу барысында зерттеулердің бәріне қатысты боп келетін жалпы мәселелерді анықтап алу қажет, ол - зерттеу мәселесі, мақсаты, зерттеу сұрағы, іріктеу мәселесі, әдіснама, негізгі нәтижелер, түйіндер мен ұсынымдар болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, түрлі авторларды оқу арқылы сіз ұқсастықтар мен сәйкессіздіктерді табасыз. Әдебиеттерді оқып, талдау барысында нәтижелердің сипаттамасындағы негізгі үрдістерді, заңдылықтарды немесе қайшылықтарды жазып алуыңыз керек. Сондай-ақ қарастырылып отырған зерттеулер арасындағы байланыстарды анықтап және қандай ақпараттың жетіспейтінін барынша түсінуге тырысып, өз ізденісіңізді нақтылаңыз.
Сонымен, сіз қажетті әдебиеттерді таптыңыз. 1. Ең алдымен аса маңызды дереккөздерді оқыңыз. Әдебиеттердің жаңадан шыққандығы оларды іріктеу өлшемінің бірі десек те, жаңа әдебиеттер одан 20-30 жыл бұрын жарияланған әдебиетке қарағанда тереңірек ақпарат береді дегенді танытпайды. Сондықтан дереккөздердің маңыздылығы мен өзектілігінің: 1) дәлелдердің сәйкестілігі (бұл сапаны бақылау ретінде қызмет етуі мүмкін); 2) жарияланымның орны мен авторы (беделі жоғары журналдағы мақалалар немесе ең көп сілтеме жасалған авторлардың мақалалары).
2. Компьютерлендірілген шолу жүйесін әзірлеңіз. Бұл, мәселен, кесте түрінде жасалған Word құжаты болуы мүмкін (Karabassova, 2018). Құжатты Google дискіге жүктеп салып, динамикалық құжатта жұмыс істей аласыз, оған кез келген жерде қол жеткізуге болады. Екі бөлек кесте құру арқылы сіз эмпирикалық әдебиеттерді теориялық шолулардан бірден ажырата аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет