Конспект алғЫСӨз монографияда білім беру зерттеулерінің үш негізгі типін ұйымдастырудың ұстанымдары мен ерекшеліктері көрсетілген: сандық, сапалық және аралас (құрамдастырылған). I бөлім



бет16/21
Дата30.01.2023
өлшемі62,5 Kb.
#63853
түріКонспект
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
2.2 Шолуды ұйымдастыру және өткізу

Қажетті әдебиеттерді іріктеудегі ең алғашқы маңызды қадамы – зерттеу жұмысына қатысты кілт сөздерді анықтап алу.


2 кезең. Кітапхана каталогтарымен және онлайн деректер базасымен жұмыс.
Әдебиеттерді іздеудегі кілт сөздерді анықтағаннан кейін кітапхана каталогтары мен онлайн деректер базасын іздеп, олармен танысу жұмысы басталады. Әдебиеттер дереккөзінің қағаз нұсқаларын қарастыру керек. Кез келген университеттің кітапханасында деректердің алуан түрлі қоры болуы тиіс. Оған қоса, магистрлік және докторлық диссертациялардың жекелеген қорлары да зерттеу жұмыстарын ұтымды жүргізуге мүмкіндік береді, өйткені шолу диссертациялық зерттеулерді қамтуы мүмкін.
Ғылыми жұмыстың түрлері мен пәндердің ғылыми жарияланымдарының толық мәтінін іздестіруде ең танымал әрі ыңғайлы іздеу жүйелерінің бірі – Google Scholar мүмкіндіктерін пайдалануға болады (https://scholar.google.com).
Дерекқорлардың немесе каталог жүйесінің бірімен жұмыс істей отырып, кілт сөздер мен терминдерді пайдаланудан бөлек дереккөз түрін (кітап, журналдағы мақала, шолу), оның жарияланған күнін, ауқымын көрсететін сүзгілерді орнату арқылы іздестіру жұмысын нақтылап, тарылтуға болады. Әдебиетке шолу барысында жаңадан шыққандарын пайдаланған жөн. Зерттеліп отырған тақырып бойынша дереккөздердің ауқымы кең болса, онда соңғы жылдардағы зерттеулерді қамтыған дұрыс. Сонымен бірге бірнеше ондаған жылдар бұрын жазылса да, белгілі бір ғылым саласының дамуына айтарлықтай үлес қосатын ірі теориялық еңбектердің болуы мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайтынын есте ұстау қажет.
Әдебиеттерді іздестірудің жоғарыда келтірілген мүмкіндіктері мен жолдарын пайдалана отырып, теориялық және эмпирикалық әдебиеттерді табу және тізімін шығаруға тырысыңыз. Зерттеу сұрағына сәйкестігіне көз жеткізу үшін әрбір материалдың мазмұнын қарап шығу да өте маңызды. Зерттеуші шолу, энциклопедия немесе оқулық секілді қосымша дереккөздерін емес, бастапқы дереккөздерді, яғни зерттеушілердің түпнұсқа жұмысын пайдалануы керек. Әдебиеттерді іздестіру барысында зерттелетін тақырып бойынша ең қажетті немесе сілтеме жиі жасалған жұмыстарды анықтап және олардың шолу тізіміне қосуда мұқияттылық таныту керек. Шолу аяқталғаннан кейін де жаңа зерттеулер пайда болған-болмағанын білу үшін дерекқорға оралыңыз. Бұдан басқа, қолмен немесе EndNote, Citation немесе Mendeley-ді пайдаланып, оларды библиографиялық тізімге бірден қосып, жұмыстың соңында дереккөздер тізімін рәсімдеу бойынша жасалатын жұмысты жеңілдетіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет