Студенттерге саясат ұғымы, оның пайда болуы, қоғамның саяси саласының ерекшеліктері,саясат элементтері,билік,субъектілер,саяси ұйымдар,саяси сана,саяси қатынастар,саяси,мәдениет,саясаттың негізгі түрлері экономикалық,әлеуметтік,демографиялық аграрлық,мәдени,техникалық, әскери, ұлттық, халықаралық, т.б.түрлері, саясаттың функциялары: басқару және реттеу, қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері туралы түсінік беру.
Лекция мәтіні:
1. Саясат ұғымы және оның пайда болуы. Саясат ұғымы – саясатты анықтаудың мейлінше кеңінен тараған әдісі « саясат » терминінің шығу тегіне жүгіну болып табылады, ол көне грек тілінде « мемлекетті басқару өнері » дегенді білдіреді. Саясатты осылайша анықтау саясаттың орталық элементі ретінде мемлекетті көрсетеді, ал мемлекеттің өзін саясат туралы ғылымының орталық санаты ретінде қарастырады, ол өзінің ресми бастауын Аристотельден алған, ол саясатты мемлекеттпен тығыз байланыстырып, бұл терминді ғылыми айналымға енгізген.
Оның анықтауы бойынша, саясат - бұл « ортақ игілікке » және « бақытты өмірге » қол жеткізуге қызмет ететін қауымның өркениетті нысаны.
Қазіргі заманғы өлшемде саясатты осы тәріздес түсіндіруді баяндауда екі негізгі үрдіс туралы айтуға болады:
а) мемлекет пен саясатты таптық санаттарда ( марксизм ) түсіндіру;
б) мемлекет пен саясатты үкімет қызметі санаттарында ( американдық « саясат туралы ғылым » және франсуздық « саясат ғылымы » ) түсіндіру.
Маркстік теорияда саясат мемлекетпен және мемлекеттегі билікпен байланысты таптар күресінің саласы ретінде анықталады. Саясат туралы ағылшын тілді және франсуздың саясат туралы ғылымында саясат термині мемлекеттік басқару мен басқару қызметін жүзеге асыратын адамдар қызметімен бір мағынада байланыстырылады. « Саясат ғылымы » - бұл мемлекеттің, сондай – ақ оның үкіметінің сипаты мен қызметтері туралы ғылым, үкімет органың көмегі арқылы мемлекет өзінің билігін жүзеге асырады.
Саясатқа мұндай түсінік беруге саясатты әлеуметтану тұрғысынан ұғыну қарсы тұрады. Саясат саласында әңгіме жиынтық әлеуметтік субьектілер – ұлттар, таптар, ірі қоғамдық қозғалыстар туралы болуға тиіс. Атап айтқанда, олар істің шын мәнде, « сайып келгенде » саясат субьектілері болып табылады және саяси партияларға, одақтарға, т.т. ұйымдасқан өздерінің өкілдері арқылы жария өмірге қатысады.