Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет5/41
Дата05.03.2023
өлшемі1,17 Mb.
#71623
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Спорттық гимнастика түрлері
2. Ерлер спорттық гимнастикасы
3. Әйелдер спорттық гимнастикасы
4. Көркем гимнастика
5. Спорттық акробатика


ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі:
Қосымша:
Лекция №3
Тақырыбы: Жеңіл атлетиканың түрлері, тарихы және дамуы
1. Жеңіл атлетиканың түрлері
2. Жеңіл атлетикадағы негізгі қағидалар


Жеңіл атлетика спорттың негізгі түрлерінің бірі. Ол жүру, жүгіру, секіру және лақтыру жаттығуларын біріктіреді (тастабақ, жебе, балға, граната, ядро лақтыру). Жеңіл атлетика құрамына жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларының түрлерін қарастыратын көпсайыс та кіреді (екісайыс, үшсайыс, бессайыс, онсайыс). Жаттығулар сипатының көптүрлілігі жеңіл атлетиканы дене шынықтырудың құнды құралы етеді. Жеңіл атлетиканың пайда болу кезеңін белгілеу нақты емес, шамамен 2500 жыл бұрын пайда болған делінеді. Бізге жеткен ежелгі мәдениет ескерткіштеріне қарағанда б.д. дейін мың жыл бұрын адамдар табиғи және қолайлы қимылдар – жүгіру, секіру, лақтыру түрлерінен жаттығып, сайыстар өткізген. Қазіргі кезде жеңіл атлетика спортының құрамына біріктірілген түрлер көнеден жеткен олимпиадалық, дельфиялық және басқа сайыстардың негізін қалаған. Осыған дейінгі мыңдаған жылдар бойы дене жаттығулары көптеген өзгерістерге ұшырады (спорттық сайыстарға тиым салынды және қайтадан пайда болды, жарыстар мен спорттың жаңа түрлері пайда болды) және сонымен қатар жеңіл атлетика да өзгерді. Секіру мен лақтырудың біршама деңгейде жасанды, жаңа түрлері пайда болды және жеңіл атлетикалық жабдықтар жетілдірілді. Қашықтыққа жүгірудің көптеген түрлерінің көбеюі жүгірушілердің барынша нақты мамандануын ендіруге әкелді.
Ұзақ уақыт бойы жеңіл атлетикада әлем чемпионаты өткізілмеді. Сондықтан Олимпиада ойындары әлемдік жарыс болып саналды. 1960 ж. ХӘЖАФ Олимпиада чемпионын жеңіл атлетикадан әлем чемпионы деп есептеуге шешім қабылдады. Ашық және жабық ғимараттардағы әлем чемпионаттары 1987 ж., Еуропа чемпионаты 1934 ж., Еуропа Кубогі 1965 ж., жабық ғимараттардағы Еуропа чемпионаты 1966 ж., Әлем Кубогін ойнату 1997 ж. бастап өткізіле бастады. Халықаралық әуесқойлар жеңіл атлетика федерациясы – ХӘЖАФ 1912 жылы құрылды. Жеңіл атлетикалық жаттығулар негізі адамның табиғи қимылдары болып табылады, олар: жүру, жүгіру, лақтыру, секіру, ядро итеру. Жеңіл атлетика жаттығуларымен шұғылданғанда адам жан-жақты дамып, күшін, шапшаңдығы мен төзімділігін, ептілігін жетілдіреді, өзінің батылдық, шешімталдық, тапқырлық сияқты ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеп, өз күшіне сенімділігі пайда болады. Жүгіру, лақтыру, секірумен айналысу адам ағзасының дұрыс дамып қалыптасуына көмектеседі.
Жеңіл атлетикалық түрлердің көптүрлілігі оқу сабақтарын ұйымдастыру мен жүргізуді қиындатады. Бұл жағдайда оқушылардың белсенді және сапалы мінез-құлқы мен өзара көмегі үлкен мәнге ие болады.
Оқушылардың бір-біріне көмектесуі жеңіл атлетика түрлерінің тәсілдерін үйренуде жүгіруден, секіруден және лақтырудан дағдыларды қалыптастырудың табыстылығын қамтамассыз етеді.
Топтық сабақтар, іс-әрекеттің ұжымдылығы оқушыларға жақсы ықпал етеді.
Жеңіл атлетика сабақтары стадионның спорт залының, манеждің және жергілікті орынның жағдайына қарай жүргізіледі. Әрбір сабақ орны сабақты немесе жеке сабақты ұйымдастырудың ерекшелігін талап етеді, бірақ барлық жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет. Әсіресе лақтыру мен секіру сабақтарында қауіпсіздік сақтауы тиіс.
Қарама-қарсы лақтыруды жүргізу, оның ішінде жабдықтарды кездестіру лақтыру да дұрыс емес.
Жабдықтың қону аймағында ешкім де болмауы керек. Секіру сабақтарының алдында қону мен тебілу, биіктікке секіруде белдеу мен ұстынның орнын қарап шығу қажет. Өзіндік сабақтарда оқушылар өте сақ болуы тиіс.
Жүгіру айналымдық дене жаттығуы түріне жатады. Жүгіру айналымы оң және сол аяқпен орындалатын екі жүгіру қадамынан, екі тірек кезеңінен және екі ұшу кезеңінен тұрады. Тірек кезеңі алдыңғы тірекке тік тұру кезеңімен және итерілу бөлінеді. Тік тұру кезеңі деп жалпы дене салмағының (ЖДС) орталығы тірек алаңының үстінде болу жағдайын атайды.
Алдыңғы тірек кезінде бұлшық ет дене қозғалысын төмен қарай тежейтін бағыныңқы қызмет атқарады. Бұнда жүгірушінің дене қозғалыс жылдамдығын алға қарай төмендету жүргізіледі. Тік тұру кезеңінен тірек аяғын тіктеу мен дененің ЖДС қозғалысын алға – жоғары жылдамдату басталып, жүгіру тәсіліндегі ең маңызды бөлік кері тебілу болады. Итерілу барлық буындарда аяқ тіктеліп және бөксені сәл артқа жіберумен аяқталады.
Ұшу кезеңінде алда тұрған аяқ тіктеліп, кезекті итерілуге дайындалу үшін түсіріледі, келесі аяқ тізе буынында тұрады. Бұл кері тебілуде сермеуді шапшаң орындауға көмектеседі. Аяқты шапшаң және белсенді түсіру алдыңғы тірекке көлденең жылдамдықты тежеу төмендеген сайын дене ЖДС-н жолға жақын қоюды қамтамасыз етеді.
Жүгіру қадамында бел тірек аяғының бел-бөксе буыны айналасында бірнеше рет бұрады. Бұл қадамды ұзартады. Бұнда тұлғаның тепе-теңдігін сақтайтын иық – бел белдеуінің (толықтырушы қимыл) қарсы айналымы болады.
Жүгіру кезеңінде қолдар кеуде алдында алға – артқа бағытталып, өзара қиылысу жазығымен қимылдайды. Қолды алға қозғағанда шынтақ буынындағы бүгілу бұрышы азаяды, ал қолды артқа қозғағанда оңың тік жағдайы кезеңіне оның жазылу түрлері де кездеседі. Бұдан кейінгі қимылдарда бүгілу бұрышы сақталады немесе біршама азаяды. Қол мен аяқ қимылының қиылысу дәлдігі олардың қозғалысының өзара байланыстылығы аяқ жұмысын барынша жоғары қарқынға жеткізуге пайдаланылуы мүмкін. Қол қимылы қарқынын арттыру арқылы жүгіру қарқынын үдетуге немесе бірқалыпта ұстауға мүмкіндік береді.
Жүгіру кезінде тұлға өзгермелі сәл алға еңкею қалпында болады. (6-8 0 тік қалыптан). Итерілу кезінде иілу жазылу аяғының күшінің әсер етуінен белді артқа жіберу есебінен азаяды, ал ұшу кезеңінде иілу ұлғаяды.
Аяқтар табанның сыртқы қырымен жолға бастапқы тиюмен табанның алдыңғы бөлігінде бір сызықта тұрады. Дене салмағының күші әсерінен өкшенің жолға жақындауы, кей жағдайда жанасуы мүмкін. Аяқты табанның алдыңғы бөлігіне қою жақсы, кері тебілуді, алдыңғы тіректің тежегіш әсерін азайтып, бұлшықеттердің серпімділік қасиеттерін жақсы пайдалануды қамтамасыз етеді. Жаңадан бастаушылар әдетте аяқты табанның алдыңғы бөлігіне қоюды өкшені биік қойып, аяқ ұшында тұру деп түсінеді. Бұл тартыншақтыққа, жүгіру жылдамдығының төмендеуіне әкеледі.
Мәре және сөре бөліктеріндегі жүгіру тәсілдері. Сөренің негізгі 2 түрі бар: жоғарғы және төмен. Төмен сөре қысқа қашықтыққа, ал жоғарғы сөре – орта және ұзақ қашықтыққа жүгіруде қолданылады. Төменгі сөре де оқушы сөре сызығынан түрлі алшақтықта орнатылған тіреуішке аяқпен тіреледі, ал қолымен сөре сызығы жолағына тіреледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет