Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция



Pdf көрінісі
бет21/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   113
 
Қолданылған әдебиет: 
1. Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы 
«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998жыл VIII том 
2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: 
Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
3. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 
2006. - 384 бет


6 лекция 
Тақырыбы: Тұлғаның рухани негізі ретінде құндылықтар, мүдделер мен 
нормалар 
 
Сабақтың жоспары: 
1. Мен әлеументтік әлемдемін. Мен-ұғымын. Өзін-өзі таныстыру.
2.Адамдар өміріндегі құндылықтар.
3. «Құндылық» түсінігін зерттеу.
4.Тұлғаның маңызды психологиялық ресурсы ретіндегі құндылықтары.
5.Тұлғаның рухани әлеументтенуі. 
Мен әлеументтік әлемдемін. Мен-ұғымын. Өзін-өзі таныстыру
. МЕН – 
адамның шығармашылық қабілетін тереңнен қозғап, мәнін айқындайтын 
философиялық 
категория. 
“Мен” 
субьектінің 
таным 
процесіндегі 
белсенділігін көрсетеді. Сондықтан оны сезіммен, қоршаған ортаны 
қабылдап танумен байланыстыра анықтау батыс психология теорияларында 
басты орын алады. 
Шындығында “Мен” – тек “өзін-өзі тану” деген ұғыммен ғана шектелмей, 
сыртқы қатынастардан өзін бөліп, сол арқылы өзіне өзгелердің көзімен қарай 
білуді білдіреді. Адамның іс-әрекеттік байланыстары әркімнің психикасында, 
ең алдымен, субъективті рефлексияға айналады. Осы рефлексияның 
субъективтік 
бейнесі 
“Мен” 
болып 
табылады. 
Жаңа 
дәуірдегі философия тарихында “Мен” туралы мәселе айрықша орын алып, 
рационалистік философияның негізгі ұстанымына айналды. 
Оған алғаш мән берген 
француз
философы Р.Декарт еді. Оның пікірі 
бойынша, танымды іске асыратын субъект – жеке адам – яғни “Мен”. Әрбір 
“Мен” үшін ешбір шүбә туғызбайтын қағида: “Мен ойлаймын, ендеше мен 
бармын” (
Р.Декарт
). Ол ешбір дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. 
Декарттан кейін “Мен” ұғымын күрделі құбылыс ретінде ашып 
көрсеткен 
неміс
классикалық 
философиясы. И.Кант транценденталды 
субъект ұғымын “Мен” ұғымымен ұштастырады. И.Г. Фихте “Мен” – 
танымның (ғылымның) шеңберіндегі абсолютті бастау, өйткені білімнің болу 
мүмкіндігінің өзі “Меннің белсенді, өзін-өзі жасау қызметіне негізделеді” 
деді. “Меннің” ұдайы әрекеттік болмысынан “Мен емес” дүниесі туындайды. 
Фихте абсолют “Меннің” өзіне-өзі тең, сәйкес келетінін дәлелдеп, өзіндік 
ішкі дамуы бар екенін айқындады. 
Абсолют “Меннің” келесі даму кезеңі, яғни “Меннің” “Менге” және “Мен 
емеске” тең дейтін принципі таным процесінің негізгі мәнін жан-жақты, 
толығырақ ашты. Өйткені екі принциптің бірі теория, екіншісі тәжірибелік 
танымды көрсетсе, үшінші принцип олардың өзара байланысын диалектті 
негізде ашты, сондай-ақ адамдардың тәжірибелік қызметін айқындауға 


мүмкіндік 
берді. 
Неміс
классикалық 
философиясында 
осы 
ойды 
жалғастырып, әрі қарай дамытқан Ф.Шеллинг пен Г.Гегель. Философия 
тарихында “Мен” және “Мен еместің” мәнін ашу үлкен шығармалық мәнге 
ие болды. Осы принцип арқылы Шеллинг табиғаттың диалектті мәнін ашса, 
Гегель қоғамның пайда болуы мен дамуын терең зерттей отырып, теория 
ойлау процесінің мәнін ашты. Гегель “Мен” және “Мен еместің” диалектті 
мәніне сүйеніп, таным теориясын дамытумен ғана шектелген жоқ. Ол 
адамның теория және тәжірибелік даму процесі сананы, өзіндік сананы 
жетілдіретінін, ал олардың тарихи, қоғамдық даму процесі рухқа 
әкелетіндігін терең филосия оймен көрсетті. Өзін-өзі таныстыру - бұл адам 
өзінің әлеуметтік бейнесінде өз бейнесін ұсынатын және оның 
айналасындағы адамдар туралы белгілі бір адамның әсерін жасағысы келетін 
процесс. Өзін-өзі тамақтандыру адамзаттың ақыл-кеңесінде бейнелеу үшін 
пайдаланатын қарым-қатынас дағдысының маңызды бөлігі болып табылады. 
Өзін-өзі таныстырудың негізгі мақсаты - әлеуметтік және материалдық пайда 
алу. Ол әртүрлі жағдайларда, көшедегі бөтен адамдармен қарым-қатынаста 
және кеңселердегі және мемлекеттік мекемелердегі жоғары деңгейдегі 
серіктестермен аяқталатын кез келген жағдайда қолданыла алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет