Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция


«Ұлттық мінез» ұғымы. Жеке тұлғаның бейімділіктері мен



Pdf көрінісі
бет20/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   113
«Ұлттық мінез» ұғымы. Жеке тұлғаның бейімділіктері мен 
қабілеттері.
Ұлттық мінез - әдеби шығармадағы кейіпкердің ұлттық 
сипатымен ерекшеленген мінез-бітімі, оның белгілі бір халықтың өкілі 
екендігін танытатын психологиялық және ойлау, сөйлеу өзгешелігі. Ұлттық 
мінез - тарихи категория. Ол қоғамдық, рухани, экономиялық және саяси 
жағдайларға сәйкес қалыптасады. Дүниені ұлттық түсінікпен қабылдау жолы 
қай адамға болсын тән қасиет. Өнерде, әдебиетте адам бейнесінен бұл қасиет 
толық көрініп тұрады. Әр халықтың өз эпикалық туындыларын олардың 
талай замандар ұлт болып қалыптасуынан бөліп қарауға болмайды. 
Сондықтан шығармада ұлттық мінез жасау үшін оның дүниетанымын, 
психологиясын, әдет-ғұрыптарын, т.б. қасиеттерін білу керек. Бұл 
жөнінде Н.В. Гоголь: "
Ақын өмірге өз халқының көзқарасымен қарап, əр 
нəрсені ұлттық психологияға сəйкес құбылыстай сезініп, толғанғанда ғана 
ұлттық сипатты бейнелеп беруі мүмкін
", - деген ой айтады.
Жеке тұлғаны 
психофизиологиялық тұрғыдан зерттеу оның психикалық және ақыл-ой 
сапаларын, болашақ мамандықтарына бейімділігін анықтап беруге және 


олардың жекелеген бөліктерін жетілдіру туралы ұсыныс-кеңестемелер беру 
үшін жүзеге асырылуы да мүмкін. 
Мамандық бойынша психодиагностикалық зерттеулердің барысына негізінен 
төмендегідей психологиялық сынақтар енеді: 
- зерттеудің бланктер толтыру арқылы жүргізілетін тәсілдері; 
- жекелей (көзбе-көз) әңгімелесу; 
Психодиагностикалық зерттеудің бланктер толтыру арқылы жүргізілетін 
сынақтарына жататын тәсілдер: 
- жеке тұлғаны көп жақты зерттеу әдістемесі (MMPI);
- Р. Кеттелдің 16-факторлық жеке сауалнамасы әдісі (16-ФЛО); 
- Равеннің «Прогрессивті матрицалар өлшемі» әдістемесі (кескіндеме 
сынағы); 
- есте сақтау қабілетін, зейінді және ойлауды зерттеу әдістері; 
- Амтхауэрдің интеллектуалдық сынағы. 
Жекелей немесе көзбе-көз әңгімелесу – психофизиологиялық зерттеулердің 
соңғы кезеңі болып табылады. Зерттелушінің типологиялық және 
мінездемелік ерекшеліктерін бағалаудың және сараптаудыу мен талдаудың 
қосымша бір тәсілі болып табылады, сонымен қатар толтырылған бланктер, 
сауалнамалар, сынақтар бойынша зерттеулер нәтижесінде алынған 
мәліметтерді нақтылауға, айқындауға көмектеседі. Әңгімелесу мен 
бақылаудың, психодиагностикалық қорытындының мәліметтері, жеке 
тұлғаның психикалық сапалары мен қасиеттері бойынша ұсыныстарды 
психолог өзіндегі психофизиологиялық зерттеу хаттамасына енгізіп отырады. 
Тұлғаның негізгі, басты-басты жеке сапалары мен типологиялық 
ерекшеліктері сипатталған қысқаша тұжырым шығарылып, оның жалпы 
тұлғалық мінез-құлық және ақыл-ой ерекшеліктері туралы арнайы 
қорытынды жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет