Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция


Тұлғаның мотивациялық сфераның бұзылуымен байланысты еңбек



Pdf көрінісі
бет55/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   113
4. Тұлғаның мотивациялық сфераның бұзылуымен байланысты еңбек 
тиімділігінің төмендеуі 


Тұлғаның мотивтері және қажеттіліктері өз кезегінде тұлға мотивациясының 
сферасын құрайды. Тұлғаның мотивациялық құндылық сферасы өз бойынан іс-әрекет пен 
мінез құлықты анықтайтын: өзінің қызығушылықтарын, мүдделерін, себептерін, 
құндылыұқтарын тани білу. Мотивацияның іс-әрекетке байланыстылығын іс-әрекеттегі 
мотивтердің, мағына және мақсаттың пайда болуымен түсіндіруге болады. 
Тұлғаның мотиивация сферасы- оның әлеуметтік және рухани жағынан даму 
динамикасы, оның мінез-құлқының негізгі тенденциялары көрінетін ең маңызды феномен. 
Ол үнемі әлеуметтік тұрғыда шартталады және оқу, тәрбиелеу процесінде қалыптасып, 
тұлғаның құрылымы ретінде көрінеді. 
А.Н. Леонтьев бойынша, тұлғаның мотивациясы оның мотивтерінің иерархиясы 
арқылы сипатталады, мұндағы ең маңызды, мағыналы мотив – өмірлік мақсат болып 
табылады. Ал, Б.Ф. Ломов бойынша, мотивация тұлғаның-бүкіл психикалық құрылымын 
анықтайтын жүйені қалыптастырушы құрылым ретінде қарастырады. 
К.К. Платоновтың пікірі бойынша, тұлға мотивациясының сферасы – бұл тұлға 
құрылымы, ол деңгей, кеңдік, қарқындылық, тұрақтылық сияқты ерекшеліктермен 
сипатталады және қалау, бейімділік, идеал, көзқарас және наным-сенімдер деген бірнеше 
формадан тұрады. 
Қалау – бұл саналы қажеттілік және белгілі бір құбылысқа құмарлық. Ол болашақ іс-
әрекеттің мақсаты мен оның жоспарын құруды ұштастырады. Бағыттылықтың бұл 
формасы тұлғаның тек өз қажеттіліктерін саналы ұғынумен ғана сипатталмайды, сонымен 
қатар, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдары да сараланады. 
Сфераның келесі формасы – ұмтылыс. Ұмтылыс – қалаудың құрылымына ерік-
жігер компоненті кіргенде туындайды. Сол себепті, ұмтылыс әрекет етуге белгілі 
итермелеуші ретінде қарастырылады.
Тұлға мотивациясы көрінуінің келесі формасы – бұл идеал. Идеал – бұл индивидтің 
нақты образында немесе бейімділіктерінің мақсаты болып табылады, яғни оның 
ұмтылысы мен бағдарлары. Адамның идеалдары оның көзқарастарының маңызды 
сипаттамасы ретінде көрінуі мүмкін, яғни, оның объективті әлемге көзқарасы мен ондағы 
адамдардың орны және адамның қоршаған ортасына, өзәне деген қатынастар жүйесінен 
тұрады. Көзқараста тек идеалдар бейнеленбейді, сонымен қатар, адамдардың 
құндылықтық бағдарлары және олардың таным мен әрекет қағидалары, наным-сенімдері 
бейнеленеді. 
Тұлғаның мотивациялық сферасының әрдайым қалыпты болуы өте сирек кездеседі. 
Ішкі қажеттілік пен сыртқы болып жатқан жағдайдың қарама-қайшылығынан 
мотивациялық сфераның бұзылуымен байланысты еңбек тиімділігінің төмендеуі 
байқалады. Оның көрінісі- тұлғаның өмір сүруге деген қарқындылығының төмендеуі, 
қоршаған ортамен байланысының бәсеңдеуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет