Лекциялар жинағы шымкент 2022 1-лекция Мектепте сандық жүйені оқыту. Натурал сандардың бөлiнгiштiк белгiлерi



бет5/128
Дата14.09.2022
өлшемі8,29 Mb.
#39063
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Байланысты:
Лекциялар жинағы -11

3. Жай және құрама сандар. Санның бөлгiштерiн табуға бiрнеше жаттығу орындағаннан кейiн, натурал сандар қатарынан төмендегiдей кесте құрып, олардың бөлгiштерiн табуға тапсырма берiледi.

Сан

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Бөлгiшi

1

1,2

1,3

1,2,4

1,5

1,2,3,6

1,7

1,2,4,8

1,3,9

1,2,5,10




Сан

11

12

13

14

15

16

17

Бөлгiшi

1,11

1,2,3,4,6,12

1,13

1,2,7,14

1,3,5,15

1,2,4,8,16

1,17




Сан

18

19

20

21

22

23

Бөлгiшi

1,2,3,6,9,18

1,19

1,2,4,5,10,20

1,3,7,21

1,2,11,22

1,23

Кестеден оқушылар натурал сандарды бөлгiштерiнiң саны бойынша екi топқа бөлуге болатындығын байқайды: бiрiншi топта екi ғана бөлгiшi бар, олардың бiреуi 1 саны, екiншiсi сол санның өзi; екiншi топта екiден артық бөлгiштерi бар сандар. 1-ге және өзiне ғана бөлiнетiн натурал сандар жай сандар деп аталынатындығы айтылады. 2,3,5,7,11,13,17,19,23,29, ... – жай сандар. Екiден көп бөлгiштерi бар болатын сандар құрама сандар.


Кестеден жай сандарды бiр қатарға, екiншi қатарға құрама сандарды терiп жазып, олардың не себептi жай сан, неге құрама сан екендiгi анықталады. Натурал сан – 1, жай санға да, құрама санға да жатпайтындығы ескертiледi. 2 – ең кіші жай сан. Натурал сан сияқты жай сан да шексiз көп. Егер берiлген натурал санның жай сан екендiгiн бiлу қиын болған жағдайда, оқулықтың фарзецiнде келтiрiлген жай сандардың кестесiне жүгiну керектiгi айтылады.
Натурал сандардың бөлiнгiштiк белгiлерiн өткеннен кейiн, үйiрме сабағында жай сандар өте ерте замандардан-ақ математиктердi қызықтырып келгендiгiн айтып, жай сандар кестесiн түзудiң ең ежелгi және қарапайым тәсiлi Эратосфен «қалбыры» туралы мәлiмет берген пайдалы.
Натурал сандардың бөлiнгiштiк белгiлерi. «Натурал сандардың бөлiнгiштiк белгiлерi» тақырыбын өтуден алдын, оқушылардың тақырыпқа көңiлiн аударатындай әңгiме жүргiзiледi. Қандай да бiр санның екiншi бiр санға бөлiнетiн не бөлiнбейтiндiгiн бiлу үшiн бiрiншiсiн екiншiсiне бөлу амалын орындадық. Математикада қандай да бiр натурал санның екiншi санға бөлiнетiн немесе бөлiнбейтiндiгiн бөлу амалын орындамай-ақ бiлуге болатын ережелер бар. Ондай ережелердi сандардың бөлiнгiштiк белгiлерi деп атайды.
Мектепте негiзiнен:

  1. қосындының және көбейтiндiнiң бөлiнгiштiк белгiлерi;

  2. натурал санның 2-ге‚ 3-ке, 5-ке, 9-ға‚ 10-ға бөлiнгiштiк белгiлерi оқытылады.

Қосындының және көбейтіндінің бөлінгіштігі
Алдымен қосындының және көбейтiндiнiң бөлiнгiштiк белгiлерi қарастырылады. Қосындының бөлiнгiштiк белгiсiн негiздеу индуктивтi әдiспен жүзеге асырылады. 48+64+96 қосындысының әрбiр қосылғышы 16 санына бөлiнедi‚ қосынды 208 саны да 16-ға бөлiнедi. Осы сияқты бiрнеше мысал қарастырылғаннан кейiн ереже тұжырымдалады:
Егер қосылғыштардың әрқайсысы қандай да бiр санға бөлiнсе, онда қосынды да сол санға бөлiнедi. Немесе, қандай да бiр сан қосылғыштардың әрқайсысының бөлгiшi болса, ол сан қосындының да бөлгiшi болады.
Бiрақ, қосылғыштардың әрқайсысы қандай да бiр санға бөлiнбейтiн болса, қосынды да ол санға бөлiнбейдi екен деп ойлап қалмау керек. Мысалы, 37+19 сандарының қосындысы 56 саны 4-ке бөлiнедi, ал қосылғыштар 4-ке бөлiнбейдi. Осыдан проблемалық ахуал туындайды: қандай жағдайда қосылғыштардың әрқайсысы қандай да бiр санға бөлiнбегенiмен, қосынды ол санға бөлiнедi.
Сәйкес бiрнеше мысалдар қарастырылғаннан кейiн оқушылардың өздерi ереже тұжырымдап айта алады: Қосылғыштардың әрқайсысын қандай да бiр санға бөлгендегi қалдықтардың қосындысы сол санға бөлiнетiн болса, онда қосынды да сол санға бөлiнедi
Нақты мысалдар қарастыру нәтижесiнде көбейтiндiнiң бөлiнгiштiк белгiлерi тұжырымдалады: Көбейгiштердiң ең болмағанда бiреуi қандайда бiр санға бөлiнетiн болса, онда көбейтiндi де сол санға бөлiнедi. Мысалы, 125 көбейтiндiсi 5-ке бөлiнедi, өйткенi көбейткiштердiң ең болмағанда бiреуi – 125 және 55 сандары 5-ке еселi. Бұл көбейтiндiде 7-ге еселi жалғыз 49 саны болғандықтан көбейтiндi 7 санына да бөлiнедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет