3. Натурал сандарды оқыту. Мектеп математика бағдарламасындағы «Натурал сандар» тақырыбының негiзгi мазмұны төмендегiдей:
Натурал сандардың нумерациясы (натурал сандарды оқу және жазу), натурал сандардарға қолданылатын арифметикалық амалдар, олардың қасиеттерi (қосудың және көбейтудiң орын ауыстырымдылық, терiмдiлiк; қосу мен көбейтудiң үлестiрiмдiлiк).
Бұл тақырыптар бастауыш сыныптарда оқып-үйренiледi. Ол туралы бастауышта матаматиканы оқыту әдiстемесi пәнiнде баяндалады.
Бастауыш мектептi бiтiрген оқушылардың көптаңбалы сандарды жазу және оқи алу, ол сандарға ауызша немесе жазбаша амалдарды еркiн қолдану, амалдарды орындау ретiн бiлу дағдылары қалыптасқан болу мiндеттi.
5-сыныпта натурал сандар ұғымы жалпыланады және бір жүйеге келтіріледі, бөлгiш және еселiк, натурал сандардың бөлiнгiштiк белгiлерi, ең үлкен ортақ бөлгiш, ең кiшi ортақ еселiк, жай және құрама сандар, өзара жай сандар, натурал сандарды жай көбейткiштерге жiктеу, 2-ге, 5-ке, 10-ға, 3-ке және 9-ға бөлiнгiштiк белгiлер, қалдықпен бөлу оқып-үйренiледi.
5-сыныпта математика пәнiн оқытуда және оқу материалының баяндалуында индуктивтiк әдiске басымдық берiледi. Сонымен қатар, бұл курсты оқыту барысында iшiнара дедуктивтi әдiстi қолдану да жүзеге асырылады: кейбiр ұғымдарға анықтама берiледi; белгiлер, ережелер, заңдылықтар, қасиеттер т.б. түрiндегi, шын мәнiнде теоремалар тұжырымдалады; белгiлi қағидалар мен тұжырымдамаларға сiлтемелер жасай отырып, жаңа ұйғарымдардың дұрыстығына көз жеткiзiледi. Сондықтан да, бұл сыныпта математика курсын оқытудағы негiзгi әдiсті - индуктивтiк әдiске басымдық бере отырып, бiртiндеп дедуктивтiк әдiске көшудi жүзеге асыру деп те айтады. Әдетте, бастауыш мектеп бiтiрген оқушылар көп таңбалы сандарды жаза бiлетін және оқи алатын, оларда арифметикалық төрт амалды орындайтындай дайындықпен келедi. Дегенмен, оқушылардың бастауышта меңгерген бiлiмдерiн қайта жаңғырту, қайталап тиянақтауға тура келедi. Бесінші сыныптағы математика курсы бастауыш пен негізгі мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді.
5-сыныпта «Натурал сандар және оларға қолданылатын амалдар» тақырыбын оқып-үйренудегі негізгі мақсат – бастауыш сыныпта оқушылардың алған есептеу біліктіліктері мен дағдыларын бекіту және оны жетілдіру.
5-сыныпта арифметикалық материалдарды оқытуда мына мәселелерге ерекше назар аударылуы керек.
Көптаңбалы натурал сандарды оқып, жаза бiлу.
Натурал сандарға қолданылатын амалдардың қасиеттерін білу.
Арифметикалық төрт амалды еркiн орындау.
Арифметикалық төрт амал араласып келген өрнектердегi амалдарды қатесіз орындау.
Жақшасы бар өрнектердегі амалдарды орындау ретін білу. Натурал сандардың бөлінгіштік белгілерін оқыту