А Аваль – вексельдік кепілдік, оны жасаған тұлға вексель бойынша міндетті тұлға үшін вексель бойынша төлемді жүзеге асыру жөнінде (толық немесе ішінара) өзіне міндеттеме қабылдайды.
Автоматтандырылғанақпараттықжүйе – жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақылық активтерді жəне жинақталған қаражатты есепке алуды жүзеге асыруға қажетті жəне ақпараттың сенімділігін, сақталуын жəне оны рұқсатсыз кіруден қорғауды қамтамасыз етілуі.
Ағымдағықалпынакелтіруқұны – есептеме күніне активті сатып алу нәтижесіне мемлекеттік мекемеде туындауы мүмкін шығындар.
Айлықесептіккөрсеткіш (АЕК) – Қазақстан Республикасы заңнамасына сəйкес жəрдемақыларды жəне өзге əлеуметтік төлемақыларды есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа төлемдерді қолдану үшін Республикалық бюджет туралы заңда жыл сайын белгіленетін көрсеткіш.
Айырбасталатыноперациялар – бұл операцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме алынатын активтерге (қызметтерге, өз міндеттемелерін өтеуге айырбасқа шамамен құнға тең баламаны тапсырады (негізінен ақшалай қаражаттар, көрсетілетін қызметтер немесе қолдануға басқа активтерді ұсыну түрінде).
Айырбасталмайтын операциялар – айырбастаулы болып табылмайтын операциялар. Айырбасталмайтын операцияларды жүзеге асырғанда мемлекеттік мекеме не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей тапсырусыз басқа ұйымнан құн алады не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей алусыз басқа тарапқа құнды тапсырады.
Аккредиттеу– уəкілетті органның мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңи тұлғаның заңда белгіленген көлік құралын пайдалану нəтижесінде жəбірленушінің мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды жүргізу жөніндегі талаптарға сəйкес келетінін растауы.
Активтер – болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлуетті қамтамасыз ете алатын, өткен оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік мекеме бақылайтын ресурстар.