Ақшалайқаражаттардың ағыны – ақша мен олардың баламаларының ағындары (түсімдері) мен шетке кетуі (төлемдер).
Ақшалай қаражаттардың баламалары – алдын ала белгілі ақшалай қаражаттар сомасына тез айналатын жəне олардың құны шамалы тəуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.
Ақшалай қаражаттардың қозғалысы –ақшалай қаражаттар мен олардың баламаларының түсімдері жəне төлемдері.
Амортизация – пайдалы қолдану мерзімі ішінде актив құнының жүйелі бөлінуі.
Аннуитет – белгілі жылдар саны ішінде жүйелі төлемдер арасындағы тең аралықтағы, бір бағыттағы төлемдердің ағыны;дүркін дүркін төленетін ақшалай сома (жарна, рента немесе табыс). Сақтық ісінде ол рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру бойынша төлемдердің шамасын (мөлшерін) көрсетеді.
Аннуитеттің болашақ құны – аннуитетке енгізілген әрбір жеке төлемнің немесе түсімнің болашақ құндарының сомасы.
Арнаулы мемлекеттік жəрдемақы – əлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге жəрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай төлем.
Ассистанс –сақтандыру ұйымдарының, заңи тұлғалардың сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) саяхатта не тұрғылықты жерінен алыста жүрген уақытта қиын жағдайға душар болғанда сақтық жағдайының басталуы салдарынан оған техникалық, медициналық жəрдемдесу арқылы ақшалай жəне (немесе) натуралдық-заттай нысанда көмек көрсетуі.
Аффилиирленген тұлғалар –тікелей жəне (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға жəне (немесе) əрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімге ықпал етуге, соның ішінде жасалған мəмілеге орай, мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау жəне қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңи тұлғалар.
Ə Әділ құн – актив айырбастала алатын сома, ол бойынша жақсы хабардар, мұндай операция жасауға ниетті, тәуелсіз тараптар арасында операциялар жасағанда міндеттеме өтеле алатын сома.