Активті алмастыру құны – бұл активтің жалпы пайдалы әлуетін алмастыру үшін қажет құн.
Активтің құнсыздануы – ішкі немесе сыртқы факторлардың әсерінен туындаған активтің елеулі арзандауы.
Активтің құнсыздануынан болатын шығын – оны алмастыратын құннан асатын активтің баланстық құнының сомасы.
Активтің өтелетін құны – сатуға және оның тұтыну бағасына (пайдалану құндылығын) жұмсалатын шығындарды алып тастағанда активтің әділ құнының ең көп мәні.
Актуарий – сақтық (қайта сақтындыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қар жылық тұрақтылығының қажетті дең гейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру жəне қайта сақтандыру келісімшарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің, сақтық сыйлықақысы мөлшерлемелерінің экономикалық-математикалық есептеулер ін жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізіп жатқан жəне жүргізуді жоспарлап отырған сақтандыру түрлерінің пайдалылығы мен табыстылығын бағалауды жүргізетін, уəкілетті органның лицензиясы бар жеке тұлға.
Акционерлік қоғам– жарғылық қоры акционерлердің арасында таратылған акциялардың белгілі бір санына бөлінген заңи тұлға, акциялардың саны олардың пайдадан өзінің үлесін (дивидендтерді) алу құқығын куəландырады.
Ақша – сатып алу-сатуда құн өлшемі болып табылатын жəне тауарларды айырбастау кезінде жалпыға ортақ балама рөлін атқаратын метал немесе қағаз белгілер, ерек ше тауар.
Ақшалай балама – ақшалай қаражаттардың белгілі сомасына оңай айырбасталатын және құндылықтың өзгеруінің елеусіз тәуекеліне ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді инвестициялар.
Ақшалай (монетарлы) баптар – иелікте бар ақшалай қаражат, алуға немесе тіркелген немесе анықталған сомада төлеуге жататын активтер мен міндеттемелер.
Ақшалай емес (монетарлы емес) баптар – ақшалай болып табылмайтын баптар.
Ақшалай қаражаттар – кассадағы жəне ағымдағы шоттағы ақшалар.