Кастодиан банк – бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды тіркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау жəне клиенттердің ақшасын есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын банк.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері – ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды және басқа акционерлік қоғамдарды, мемлекеттік кəсіпорындарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді кіріктіретін жарғылық капиталда мемлекеттің қатысуы болатын ұйымдар.
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржы инвестициялары – ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға және басқа акционерлік қоғамдарға, мемлекеттік кəсіпорындарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге бюджеттік қаражаттарды салу.
Кедендік баж – кеден органдары Кедендік одақтың кедендік шекарасы арқылы өтуге байланысты өндіріп алатын міндетті төлем.
Кедендік бақылау – орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген, кедендік одақтың кеден заңнамасын жəне кедендік одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары, оның ішінде тəуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, жүзеге асыратын шаралардың жиынтығы.
Кедендік мағлұмдама (декларация) – белгіленген нысан бойынша жасалған, тауарлар туралы, таңдалған кедендік рəсім туралы мəліметтер жəне тауарларды шығару үшін қажетті өзге мəліметтер бар құжат.
Кедендік төлемдер – Кедендік одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуіне байланысты Кедендік кодекске сəйкес төлеушінің бюджетке төленуіне жататын кедендік əкелім мен əкетілім баждары, кедендік алымдар.
Кезекті қаржы жылы – ағымдағы қаржы жылынан кейінгі жыл.
Келісімшарт жасасушы агент – бюджетті атқару жөніндегі уəкілетті органмен жасалатын үкіметтік қарыздарды хеджерлеу жөніндегі мəміленің тарабы.
Консулдық алым – Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкіл діктері мен консулдық мекемелерінің консулдық іс-əрекеттер жасағаны жəне заңдық маңызы бар құжаттарды бергені үшін Қазақстан Республикасының азаматтарымен заңитұлғаларынан, сондай-ақ шетел азаматтарынан жəне азаматтығы жоқ адамдардан, шетелдік заңи тұлғалардан алынатын мемлекеттік баж түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |