ҚЎлпыбаев с


Концессиялық міндеттемелер –



бет293/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

Концессиялық міндеттемелер – жасал­ған концессия келісімшарттары бойынша концеденттің белгілі бір күнге қабылдаған жəне орындамаған қаржылық міндет­темелердің сомасы бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
Корреспондент банк – корреспондент шот шартында көзделген банк операцияларын жүзеге асыратын банк.
Көтерме сауда – жеке, отбасылық, үйішілік жəне осыған ұқсас өзге де пайдаланумен байланысты емес, кейіннен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кəсіпкерлік қызмет.
Кредитор – Қазақстан Республикасы­ның бюджеттік жəне азаматтық заңнамасына сəйкес бюджеттік кредит беретін кредит шартының тарабы. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі кредитор болып табылады. Бюджеттік кредиттеу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан əрекет етеді.
Кредиттік шарт бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету жəне оны өтеу кезінде тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін, кредитор, бюджеттік бағдарлама əкімшісі жəне қарыз алушы арасындағы келісім.
Кірістер – капиталда қатысатын тұл­ғалардың жарналарына байланысты арттырудан ерекшеленетін таза активтердің/капиталдың өсуіне әкеп соқтыратын активтердің ағымы немесе өсуі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында есеп кезеңі ішінде экономикалық пайдалардың немесе сервистік әлуеттің өсуі.
Кірістерді бөлу нормативі – əр түрлі деңгейлердегі бюджеттер арасында кіріс түрлерін бөлудің пайыздық арақатынасы.
Қ
Қазынашылық міндеттеме – ерікті негізде халық арасында таратылатын мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі, ол иелерінің ақшалай қаражатты бюджетке аударғанын куəландырады жəне осы бағалы қағаздарды бүкіл иелену кезеңінде тіркелген табыс алуына құқық береді.
Қайта сақтандыру – өздерінің ара сын да жасалған қайта сақтандыру келі­сімшар­тына сəйкес бір жағынан қайта сақтанушының сақтық тəуекелдерінің бəрін немесе бір бөлігін қайта сақтандыруға беруіне жəне екінші жағынан осы тəуекелдерді қайта сақтандыру ұйымының қабылдануына байланысты туындайтын қызмет жəне оған байланысты қатынастар.
Қаржы – ақшалай қаражаттарды, қаржылық ресурстарды олардың жасалуы мен қозғалысы, бөлінісі мен қайта бөлінісі тұрғысынан алып қарайтын, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуларға, ақша айналысына байланысты туындайтын экономикалық қатынастарды білдіретін қорытындылаушы экономикалық термин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет