М. Р. Балтымова


Ҧсынылатын әдебиет тізімі



Pdf көрінісі
бет25/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78
Ҧсынылатын әдебиет тізімі: 
1. 
Алпысбаев Қ. Тарихи шығарма: таным мен 
кӛркемдік. – Алматы, 1999. – 346 б. 
2. 
Балтымова М.Р. Қазақ әдебиетіндегі тарихи 
проза: Оқу құралы. – Ақтӛбе, 2016. – 200 бет. 
3. 
Бердібай Р. Тарихи роман. Оқу құралы. – 
Алматы: «Санат», 1997. – 336 б. 
4. 
Сыдықов Т.С. Қазақ тарихи романы. – Алматы: 
Ер-Дәулет, 1996. – 252 б. 
№7 практикалық сабақ
Тақырыбы.  Тарихилық проблемасы 
Жоспары:
1. Әлем әдебиетіндегі тарихилық проблемасының зерттелуі 
2. Қазақ әдебиетіндегі тарихилық проблемасының зерттелуі 
3. Оқу және талдау: Б.Жандарбеков «Саки» 
4. Оқу және талдау: Д.Досжанов «Жібек жолы» 
Әдістемелік нҧсқау. Бұл сабақ топтық жұмыс түрінде 
ӛткізіледі. Сабақта студентке тӛмендегі жұмыстарды орындау 
ұсынылады. 
Бақылау сҧрақтарына жауап беру:
1. Тарихилық ұғымына анықтама беріңіз. 
2. Тарихилық проблемасының зерттелуі туралы айтыңыз.
Глоссариймен танысу:
Кӛркемдік уақыт – әдеби шығармадағы уақыттың
суреттелуі, зейінге алыну, қабылдауының ӛзгеше сипат-
ерекшелігін түсіну үшін кӛркемдік уақыт деген ұғым 
қолданылады. Ол түсінік уақытқа байланысты. Реалды уақыт – 
бұл ӛмірдегі нақтылы қалпы. Оның басты ӛзгешелігі – 


183 
объективтілік сипаты. Реалды уақыт үздіксіз ӛтіп жатады және 
үнемі алға, біркелкі жылжиды. Ал енді осы уақыт бар да, оны 
адамның сезіммен қабылдауы бар. Бұлардың ӛзі екі түрлі сипат 
алуы ықтимал. Біздің сезінуімізде уақыт кейде ақырын, кейде 
жылдам ауысқандай болады. Ал әдебиет шығармасында 
уақыттың жылжуы уақиғаның суреттелуіне байланысты бірде 
жедел, бірде баяу болып, кейде тіпті үзіліп кетіп отыруы 
ықтимал. Ал тағы бірде уақиға аяғынан басталып баяндалса, 
жазушы уақытты кейін қарай жылжытып кӛрсетуі де мүмкін. 
Сонымен әдебиет шығармасында автордың,кейіпкерлер мен 
оқырмандардың уақытты қабылдау ерекшеліктері ескеріледі. 
Кӛркемдік 
уақыт 
әдеби 
шығарманың 
танымдық 
мүмкіншіліктерін, әсерлілігін арттыра түседі. Мысалы, «Абай 
жолы» эпопеясын алсақ, мұнда жарты ғасырға таяу мерзім 
алынған. Оқырман Абаймен алғаш кездескенде, ол 13 жаста 
болса, кітап аяқталған тұста 60-қа таяп, дүниеден қайтады. Осы 
мерзім кітапта үздіксіз суреттелмей, кейде жазушы арада 
бірнеше жылдар ӛтті деп, бір талай уақытты атап кетіп те 
отырады. Ал, бірақ кітаптағы кӛркемдік уақыттың кӛлемі 
әлдеқайда кең. Ондағы ӛткен замандағы ӛмір суреттерін еске 
алсақ, ескі аңыз-жырдағы оқиғаларды ескерсек, кітаптың 
уақыттың сыйымдылығы әлдеқайда мол екенін аңғарамыз. 
Оның үстіне, роман-эпопеяда маңызды тарихи кезең алынып 
отырғанына және назар аударсақ, әдеби шығармада бейнелі 
түрде суреттелген кӛркемдік уақыттың қаншалық мағыналы, 
әсерлі болатынын айқын аңғаруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет