М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет15/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78
 
Бақылау сҧрақтары: 
1. Тарихи туындылардағы характер жасаудың кӛркемдік 
ерекшелігі неде? 
2. Тарихи романдарда батырлардың қаһармандық сипаты 
қалай бейнеленген? 
3. Әдеби қаһарман мен тарихи тұлғаның айрмашылығы 
неде? 
 
 
 
 
 
 
 


122 
13-дәріс. Фольклорлық жанрлар – рухани қҧндылықтар 
негізі 
 
Фольклордың қызметі күрделі әрі кең. Ол халықтың ӛткен 
ӛмірі туралы мәлімет ретінде ӛткен заман ойларын қазіргі 
кезеңнің дүниетанымына ұластыруға кӛмектеседі. Сонымен 
қатар фольклор кейіпкерлердің мінездемесін жасауда, оны ӛзі 
ӛмір сүрген дәуірдің қаламымен бейнелеуге қолданылады. 
Әпсаналар мен аңыздар, эпикалық баяндаулар, тарихи әндер 
мен бәйіттер халық ӛмірін қоғамдық арнада мейлінше толық 
кӛрсететін 
әрі 
халықтың 
ауызекі 
поэтикалық 
шығармашылығының 
биік 
дамуын 
кӛрсететін 
негізгі 
фольклорлық жанрлар, бұлар фольклорлық тарихилықтың 
ерекше түрі болып табылады. Фольклорлық тарихилықтың 
әрқилы типтері халық санасының әртүрлі жақтары мен 
деңгейлерін бейнелейді. Тарихи әпсаналар туралы пікірлер кӛп 
жағдайда, біріншіден, халықтық әпсаналардың жанрлық 
ерекшеліктерін түсінумен, екіншіден, аңыздардың, ән-
әпсаналардың, ән-аңыздардың, кейде батырлық эпостардың 
жанрлық ерекшеліктері туралы түсініктермен анықталады. 
Фольклорлық жанрлар тарихи романдардың кӛркемдік ӛзегі 
ретінде қолданылып жүр. Әпсаналар мен аңыздар, эпикалық 
баяндаулар, тарихи әндер мен бәйіттер – бұлар қоғам ӛмірінің 
танымдық арнасын мейлінше толық кӛрсететін халық ауыз 
шығармашылығының жоғары дамуын кӛрсететін негізгі 
фольклорлық жанрлар және фольклорлық тарихилықтың ерекше 
түрі болып табылады.
Фольклорлық тарихилық – белгілі бір дәуірдің тарихи 
санасын 
халықтың 
поэтикалық 
шығармашылығының 
құралдарымен және мүмкіндіктерімен кӛркем бейнелеу. Оның 
әрқилы типтері халық санасының әртүрлі жақтары мен 
деңгейлерін бейнелейді. Тарихи әпсаналар туралы пікірлер кӛп 
жағдайда, біріншіден, халықтық әпсаналардың жанрлық 
ерекшеліктерін 
түсінумен, 
екіншіден 
аңыздардың, 
ән-
әпсаналардың, ән-аңыздардың, кейде батырлық эпостардың 
жанрлық ерекшеліктері туралы түсініктермен анықталады. 
Жалпы бұл жанрлар бір жүйеге жатады, сондықтан жекелеген 


123 
жанрдың ерекшелігін айқындау үшін осы жүйедегі жанрлардың 
жалпы қасиетін, түрлерін қарастырып, негізгі белгілерін
анықтау қажет.
Демек фольклордың қызметі күрделі әрі кең. Ол халықтың 
ӛткен ӛмірі туралы мәлімет ретінде кӛне заман ойларын қазіргі 
кезеңнің дүниетанымына ұластыруға кӛмекетеседі. Сонымен 
қатар фольклор кейіпкер мінезін жасауға, оны ӛз дәуірінің 
қаламымен бейнелеуге қолданылады. 
Бұл ретте тарихшы Е.Бекмаханов ӛзінің «Қазақстан ХІХ 
ғасырдың 20-40 жылдарында» атты зерттеуінде: «Тарихи ірі 
оқиғалар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отырған халықтың 
ауызша шығармашылығы: дастан, ӛлең, қисса, батырлар жыры, 
ертегі, аңыз тағы басқалар арқылы қазақ халқының есінде 
сақталған. Осы фольклорлық материалдарда қазақтардың 
қоғамдық және әлеуметтік құрылысы, тұрмысы мен әдет-ғұрпы 
және ақырында, халықтың ӛміріндегі аса маңызды тарихи 
оқиғалар айқын бейнесін тапқан», – дейді.
І.Есенберлиннің «Кӛшпенділер» трилогиясында кеңінен 
қолданылған фольклорлық мотивтер және этнографиялық 
материалдар тарихи роман жазуда маңызды орын алады. 
Жазушы қазақ халқының бұрынғы салт-дәстүрлерін жаңғыртып, 
түркі, монғол халықтарының ӛте ертедегі тұрмыс кӛріністеріне 
тоқталады, бұл баяндау тәсілін жандандырып, романтикалық 
рух береді де, тарихи роман жанрын қызықты етеді. Трилогияда 
кеңінен қолданылған мифологиялық ертегілер, аңыз-әпсаналар 
оның кӛркемдік, танымдық құндылығын арттыра түседі.
Фольклорлық үлгілерді қолдана отырып, жазушы тарихты 
суреттеудің шебер үлгілерін жасап кетеді. Әбілқайыр ханның 
ұлы Шах-Будақтың қайтқанына жыл толғанда берілген ас 
кезінде Асан Қайғы тӛрелік еткен Қотан жырау мен Қазтуған 
жыраудың айтысы арқылы қазақтың арғы-бергі тарихына шолу 
жасайды. Қазтуған жырау сонау Сақ елінің тарихынан бастап 
Қыпшақтардың 
шежіресіне 
тоқталса, 
Қотан 
жырау 
Арғындардың ата-тегіне шолу жасайды. Асан Қайғы жеңісті 
Арғындардың жыршысы Қотан жырауға бергенімен, қашанда ел 
еркесі саналатын ақындар емес пе, Қазтуған жыраудың да 
меселін қайтармай Қыпшақтардың ерліктерін жырлауға 


124 
мүмкіндік береді... Шығармада сирек кездесетін пейзаж суреті 
жазушының шығарма жібін әрі қарай тарқатуына қызмет етіп 
тұр. 
Автор фольклордың ауызекі сӛйлеу, баяндау секілді 
қарапайым қызметін, кӛріктеу, кӛркемдеу секілді күрделі 
қызметін, этнографиялық материалды беру әдісін ұтымды 
қолданады, яғни фольклор жанрлары кӛркем әдебиеттің кәсіби 
құралы ретінде пайдаланылып отыр, бұл жазушының үлкен 
эрудициясын кӛрсетеді. Сонымен қатар қаламгер фольклор 
мәтіндерін ӛмірлік шындыққа айналдырып отыр. Ертегілерді 
қолдана отырып, фольклордың эстетикалық, аңыз-әпсаналар 
арқылы танымдық, ғибраттық функцияларын кӛрсетіп кетеді. 
Кӛркем әдебиеттің бір тірегі сӛз болса, оның құрылыс 
материалы фольклорлық үлгілер екені белгілі. Фольклор 
үлгілері халықтың бай мұрасы ретінде ғасырлар бойы 
жинақталып келеді. Бұл туралы фольклортанушы ғалым 
Ә.Молдаханов «Әуезов және фольклор» атты монографиясында: 
«Фольклорлық дәстүр халқымыздың ежелден келе жатқан 
рухани қазынасы. Оған ұлттық рух, мінез-құлық, дүниетаным, 
эстетикалық талғам, әдет-ғұрып, салт-сана, тұрмыс-тіршілік: 
оның жӛн-жосық, жол-жоралғылары, болмыс-бітім, т.б. жатады. 
Фольклорлық дәстүрдің жоғарыда аталған басты белгілері 
қазақтың ғасырлар бойы есте жоқ ескі заманнан бері ӛзімен 
жасасып келе жатқан осы халықтың бүкіл болмыс-тіршілігінің, 
рухани ӛмірінің кӛркем шежіресі болып табылатын ауыз 
әдебиетінде, оның сан түрлі жанрларында анық кӛрінеді», – 
дейді (26-б.). 
Трилогияда мақал-мәтелдер, қанатты сӛздер, бата сӛздер, 
шежірелер, шешендік толғаулар, ғұрыптық фольклор үлгілері 
(киім үлгісі, қыз ұзату, ӛлімді естірту, кӛңіл айту, жоқтау)
кездеседі.
Халқымыздың ерекше қастерлейтін рухани мұраларының 
бірі, шежірелер легі Қазтуған мен Қотан жыраулар айтысында 
молынан кездеседі, сонымен қатар жазушы ақын-жыраулар 
ӛлеңдеріндегі шежірелерді, М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди», 
«Орыс шежірелерінің толық жинағы», Рашид ад-Диннің, 


125 
Джувейннің т.б. еңбектері секілді екі жүзден аса дерек 
пайдаланған. 
Трилогияда тарихи романға тән ерекшелік ретінде тарихи 
ӛлеңдер қолданылған. Тарихи ӛлеңдер – белгілі оқиғалар 
негізіне құрылған кӛлемді жырлар. Бұл санатқа Қотан 
жыраудың баласы Ақжол би ӛлгенде айтқан жоқтауы, «Ақтабан 
шұбырынды, алқакӛл сұламадан» кейінгі қаралы халық 
жағдайын бейнелейтін «Қаратаудың басынан кӛш келеді», 
«Елім-ай» ӛлеңдері жатады.
Трилогияда жиі қолданылған ұсақ жанрлардың бірі мақал-
мәтелдер шығарманың кӛркемдігін арттыра түседі. Жазушының 
оқиға орайына қарай қолданған әрқилы мағынадағы мақал-
мәтелдері, нақыл сӛздері, ғибратты тіркестері шығармаға 
ерекше ӛң беріп, жарасымды орын тапқан. Бұл сӛз 
оралымдарында адам мінезінің күрделі иірімдеріне бойлау, адам 
санасының тереңіне сүңгу, адам қиялының қиянына самғау 
байқалады, туындыдағы мақал-мәтелдерді билік, ерлік, 
батырлық, адамгершілік, шешендік, тәрбиелік т.б. тақырыптарға 
топтауға болады.
Қазақ халқында айтыс ӛнері – импровизаторлық үлгідегі 
жыр маржандарының тізбегі. Тумысынан дала романтикасына 
бойлап ӛскен халқымыз сӛзге шешен, ойға жүйрік, сергек 
жаратылған. Айтыс ӛнері арқылы халықтың небір шешендері
ӛздерін шаршы топта танытып, нағыз ділмарлары халық 
құрметіне бӛленген.
Аңыз бен шежірені тарих тізбегін, үлкен тарихи идеялар
мен ірі қаһармандар мінезін мүсіндеу талабына жұмсай
білуі тарих пен кӛркемдікті айырғысыз тұтастыққа жеткізуі,
ӛткен кезең хикаясынан бүгінгі қауымға керектіні екшей
алуы, тарихи тәжірибені, үлгілі сабақты, ӛнегені алға тартуы
жағынан трилогия қазақ әдебиетінде оқшау орын алады.
Тарихтың тереңінде жатқан, тіпті тарихи зерттеулердің
ӛзінде жүйелі баяндалып, толық танылып болмаған заман,
адам шежіресін екшеп, жаңа сапаға келтіріп айта білуі
жазушының жаңалығы. 
Кӛрнекті 
жазушы 
І.Есенберлиннің 
«Кӛшпенділер» 
трилогиясында ХІҮ-ХҮ ғасырларда қазақ жерінде орын алған 


126 
тарихи, саяси оқиғалар, әлеуметтік қақтығыстар, жаугершілік 
заманының бейнесі және қазақ хандығының құрылуы туралы 
жағдайлар суреттеледі. Жазушы ӛзінің тарихи романдарында 
архив деректері мен тарихи фактілер арқылы халық бейнесін, 
ұлт бейнесін жасай отырып, ауыз әдебиеті үлгілерін шебер 
қолданған. Бұл туралы жазушының ӛзі «Мұхиттан ӛткен қайық» 
кітабында: «Айбол кітабына қайнар кӛз, қандай туындыларды 
пайдаланды? Бар қиындық міне осында болды. Бұл кезеңнен 
жазылған еңбектер аз да емес еді, бірақ оның бәрі қазақ 
даласының ішіне кірмей, сонау кӛз жетпес қиядан қараған, сол 
шығармаларды жазған Россия, Қытай, Иран, Түркия, ӛзбек, араб 
уәкілдерінің тұрғысынан қамтылған еді... Міне, осы қиындыққа 
жәрдем қазақ елінің ауыз әдебиеті, шежірелері, аңыз, кӛне 
әңгіме, жырлары кӛмекке келді... Айбол осы асыл қазынаны
молынан пайдаланғандықтан, оның бұл шығармасы ӛзге 
кітаптарынан бӛлек шежіре тектес, кей жері ауыз әдебиетіне 
ұқсас туынды болып шықты. Кӛне шежіре кейін құр ғана болған 
уақиғаны тізіп, айғақ та болмыс ретінде ғана баяндамайды, ол 
қазақ дәстүрінде, әсіресе ауыз әдебиеті заңдары бойынша, 
кӛркем тілді қызық дастанға айналдырады», – деп кӛрсетеді. 
Трилогияда қолданылған фольклор үлгілерінің молдығы 
мен әр алуандығы шығарманың кӛркемдік бояуын қалыңдатып, 
ұлттық белгілерін айшықтай түседі. Трилогияда кӛне фольклор 
кӛріністері – мифтік нанымдар, анимистік түсініктер, тотемдік 
ұғымдар, магиялық сенім-нанымдар кездеседі. 
Соның бірі монғолдардың бекзадаларын жерлеу дәстүріне 
байланысты аңызда: «ӛзге жұртқа қарағанда монғол халқы 
ӛздерінің бекзадаларын жерлеуде екі айрықша дәстүрі болған. 
Бірі – қабірге ӛлген сұлтанмен бірге бекзаданың құлын салу
зираттың ішіне қазан толы ет, құмыра толы сүт қою, садақа етіп 
күміс, алтын білезік, сақина, алқа тәрізді қымбат заттар салу 
дәстүрі. Құлды салу оның қожайынына деген адалдығын 
тексеруден туындаса, асыл заттарды салу арқылы бекзаданың 
жанын қинауға келген періштелер алтынды алып, ӛлікке тимей 
кетеді деп ойлаған. Екіншісі – бекзаданың зиратын тірі жан 
білмеуі үшін оны жерлеуге қатысқандарды түгел ӛлтіріп, қабір 
үстінен үйірлі жылқы ӛткізіп, жер бетін теп-тегіс ету дәстүрі. 


127 
Мұндағы ойлары кегі барлар бекзаданың ӛлігінен ӛшін алмасын 
және монғол халқының отқа табынатын кездегі түсінігі 
бойынша бекзаданың жаны о дүниеде тыныш серуен құруға 
тиісті деген ойдан шыққан», – делінген.
Кӛрнекті ғалым Ә.Қоңыратбаев «Қазақ фольклорының 
тарихында»: «аңыз дегеніміз – мифологиялық геройлар мен 
тарихи адамдар жайында айтылатын "әңгімелер"», – дей келіп, 
аңыздардың мифологиялық, этностық және тарихи-реалистік 
болып бӛлінетінін, олардың белгілі бір ғана елдің шетенінде 
тумай, халықаралық сюжет болатынын және Орта Азия, Алтай, 
шығыс елдеріндегі аңыздардың басында жылнама (шежіре), 
сарай хроникасы түрінде туып, жазба әдебиетінің қалыптасуына 
негіз болғандығына, ертегі, аңыз, эпос бір-бірімен сабақтас 
екенін, ертегінің аңыз, аңыздың эпостық жыр түрінде айтылуы 
мүмкін 
екендігіне 
тоқталады: 
«аңыздың 
шежірелік, 
жылнамалық-эпостық формалары келе-келе тарих ғылымына 
жол салған». Трилогияда кӛне қыпшақтардың ӛлген адамның 
жаны қонатын қуыршақ жасау дәстүрінен қалған адам тәрізді 
балбал тастар туралы аңыз арқылы да жазушы халықтың кӛне 
таным-түсінігін шебер кӛрсете білген.
Ал Шыңғыс ханның ӛз нӛкерлерімен екі рет аңға шыққанда 
ӛмір үшін күрескен жас қыран мен кәрі аждаһаның және жас 
айдаһар мен кәрі қыранның кескілескен тартысына куә болып, 
соның нәтижесі ретінде ӛз баһадүрлеріне: «Мына қыранның 
арманы жоқ. Ол алғашқы жолы ӛзінің қайратты кезінде 
тайталасқан жауын алысып жеңді. Бұ жолы ӛзі ӛлсе де 
балапандарын ажалдан құтқарып ӛлді. Мына аждаһаның 
балалары ӛсіп, ӛшін алғанша, анау шың басындағы ұядағы 
балапандар да қыран болады. Сендер де осы қырандай 
болыңдар. Ажал сағаты келгенше монғолдың ұлы тағына қауіп-
қатер туғызатын жауларыңды құрта беріңдер», – ӛсиет етеді. 
Бұл ретте аңыздардың кӛркем әдебиеттегі қызметі туралы 
фольклортанушы-ғалым 
С.Қасқабасов 
«Қазақтың 
халық 
прозасы» атты зерттеуінде: «Бір аңызды толық түсіну үшін 
кейде онда баяндалатын оқиғаны білу аз, сол аңыз пайда болған 
аймақты да жете білуге тура келеді, онда айтылатын басқа 


128 
фольклорлық шығармалармен танысу қажет болады», – деп 
кӛрсетеді. 
«Қаһар» романында келтірілетін «Абылайдың түсі» 
делінген аңыз – шығарманың идеясын айқындай түсуге аса 
қажет қызмет атқарған. Осылайша ауыз әдебиетінде сақталған 
сарынды ұғымды пайдалану романға қосалқы қуат қосқан 
Кенесары оқиғаларының ақырғы түсін тізіп баяндауға бармай, 
олардың жалпы түсінігін қаһарманның түсі ретінде айтудың ӛзі 
де үлкен кӛркемдік тәсіл. Бұл түсті толық баяндайтын болсақ, 
Абылай ханның ұлын сүндетке отырғызуға арналған алқалы 
жиында Абылай келелі мәселелер сӛз болатындықтан, Бұқар 
жырауды шақыртып, осы жерде данагӛй жырауға ӛзінің түсін 
баян етеді:
– Түнде түс кӛрдім. Табытта жатыр екенмін. Басыма ілінген 
Үш жүздің жалауын үш обыр жұрт жұлып әкеткелі тұр. 
Табытымның бір бүйірінде арыстан, екінші бүйірінде айдаһар 
отыр. Аяқ жағымда бір топ үрім-бұтағым. Уәлиден тараған бір 
ұрпағым маған Құран оқып жатыр. Қасымымнан ӛрбіген бір 
тентегім қолына қанжарын ұстап мені қорғап тұр. Ал мен ӛліп 
жатсам да, екі бүйірімде отырған арыстан мен айдаһарға кезек 
қарап, мыналардан қалай құтылам деп жанталасудамын. Осы 
түсімді жорып берші, Бұқар аға? 
Бұқар тұнжырап біраз отырды. Үй іші де тына қалды. Әлден 
уақытта барып жырау: 
– Түс жору – түлкі аулаумен тең, кейде ізіне дәл түсесің, 
кейде шет кетесің, сӛйтсе де жорып кӛрейін... 
– Сӛйлеңіз, кӛмекей әулие... 
– Қырыққа келмей табытта жатсаң – ӛмірің ұзақ болады 
екен. Басыңа жалау тігіліп, оған үш бірдей топ таласып жатса, 
үш жүзге хан болады екенсің. Бірақ хан атына ие болсаң да, 
халқыңа ие бола алмайды екенсің. Сен ӛлген күні үшеуі үш 
жаққа ыдырап кетеді екен. Табытта жатып, екі бүйіріңдегі 
арыстан мен айдаһардан қалай қашып құтылам деп қорықсаң, 
ӛле-ӛлгенше екі бүйіріңде тұрған екі мемлекетке жалтақтаумен 
ӛтеді екенсің... Ал аяқ жағыңда тұрған үрім-бұтағыңның ішінен 
бірі Құран оқып, бірі қанжар қайраса, Уәлидің ұрпағынан 


129 
шыққан бір тұқымың атын қағазда, ал Қасымнан туған бір балаң 
атағын майданда қалдырады екен. 
Абылай үндемеді. 
– Үндемей қалдың ғой, сұлтаным. Шешуім ұнамады ма? 
– Бір ұрпағым атын қағазда, екінші ұрпағым атағын 
майданда қалдырады екен. Сонда мен ӛзім қайда қаламын?.. 
– Басыңа үш жалау босқа тігілді ме? Ісіңді ел ұнатса үш 
жүздің жүрегінде қаласың! 
Абылайдың қабағы жадырап сала берді. Қазақ: «еркектің 
ақылы қырықтан бастап толады, алпыстан бастап солады», –
дейді. Абылай қазір қырықтан жаңа асып барады. Түсін 
жорыған сыншы жырау оның түпкі сырын дұрыс болжады. 
Абылай – қазақ елін ұлы елдер қатарында кӛргісі келді, хан 
болса сол ұлы елге хан болуды арман етті».
Сонымен қатар жазушы Шыңғыс хан әулетінің салт-
дәстүрін бейнелеу үшін аңыздарды кӛп қолданады, солардың 
ішінде Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегімді ӛлтіру үшін қолданылған 
«қан тӛкпей ӛлтіру» дәстүрі, хандарды жерлеу дәстүрі, Шыңғыс 
ханның ел билеу туралы тӛрт ұлына берген жауаптары туралы, 
Асан Қайғының қазақ руларына таңба үлестіру жайындағы 
аңыздар шығармада орынды қолданылып, түсінік беріледі. 
Жазушының бір шеберлігі аңыз, әпсана, хикаяларды тарихи 
фактімен байланыстыра отырып, шығарманың ӛн бойында 
тігісін жатқызып қолдана білген. 
Жазушы аңыздарды роман сюжетіне кірістіре келіп, оның 
қай 
аңыз 
екендігін 
анықтай 
кететіні 
де 
кездеседі: 
«Алашаханның жақсы кӛретін баласын тағы құлан үйірі басып 
ӛлтіріпті. Қатты ашуланған хан құлан біткенді қыруды 
бұйырады. Кімде-кім оларды қырып бітірсе, соған ғажайып кӛп 
сыйлық пен ең сұлу кіші қызын бермекші болады. Домбалық 
деген батыр ханның тілегін орындаймын деп уәде береді. Ӛзінің 
Иней, Қабан деген жүйрік аттарын мініп құландарды қуады, 
қайда қашса да қоймай, бейшараларды қырады. Ақырында бес-
ақ құлан қалады. Олар Шу ӛзенінен ӛтіп құмға қашады. Осы 
құландардың Шудан ӛткен жерін Бесқұлан дейді. Құмға қуып 
шыққан батырдың аттарының жете алмай зорығып ӛлген 
жерлерін Иней, Қабан деп атапты. Ханның қызын алам деп құм 


130 
арасында қаңғып ӛлген Домбалық батырдың моласы деп 
қазақтар Шудың теріскей жағындағы моланы кӛрсетеді, бұған 
«Бесқұлан» аңызы куә»; «Шыңғысхан ӛзге балаларынан 
тұңғышы Жошыны анағұрлым жақсы кӛрген. Сӛйтсе де 
айтқанына кӛне қоймайтын Жошыны жоюға Ұлытау бойына 
әдейі арнап кісілер жіберген: Жошы аң аулап жүргенде қастары 
монғол әдісімен отыз жеті жасында омыртқасын үзіп ӛлтіреді. 
Бұл хабар Ұлы Ордаға жетеді. Шыңғыстың Жошыны жақсы 
кӛретінін білетін хан тӛңірегіндегі адамдар бұл хабарды естірте 
алмайды. Және оның үстіне ӛзі арнап кісі жібергендіктен, 
Жошының қаза табатынына шек келтірмеген әміршінің ӛзі де 
«кімде-кім Жошының қаза тапқанын естіртсе, соның басын 
аламын», – деген. Бұған «Ақсақ құлан – Жошы хан» аңызы куә. 
Трилогияда кӛптеген тарихи аңыз, әңгімелер романның кең 
ауқымына жарасымды 
қабысып кеткен. Фольклорлық, 
мифологиялық, аңыздық оқиғаларды «тірілту», оларды жазба 
әдебиеттің жан-жақты дамуына жарата білу – жалпы әдебиетте 
жиі байқалып жүрген құбылыс. Қазақ ауыз әдебиетінде 
Шыңғыс немесе Темучин туралы аңыз-әңгімелер кӛптеп 
кездеседі. Шыңғыс туралы аңыз, болмаса, «Шыңғыс айтыпты» 
деген сияқты аңыздар топтамасын «Алмас қылыш», 
«Жанталас», «Қаһар» романдарынан кездестіреміз: «Шыңғыста 
аяушылық жоқ, залым, пұтқа табынушы, ол әлемнің тӛрттен 
бірін тітіркенткен. Оның қолданған заң-тәртіптері ӛте қатал, 
тіпті мұсылман болған кейінгі тұқымдары да ескі ережелік 
саясатына пайдаланған. Шыңғыс ӛлім тӛсегінде жатып, жақын 
туысқандарын шақырып бір байлам садақ оғын беріп, сындыр 
дегенде ешкім сындыра алмайды. Шешіп бір-бірлеп бергенін 
бәрі сындырған. Бұл не жұмбақ дегенде, егер бірліктерің болса 
әркім сендерге азық, керісінше болса сендер әркімнің жемі 
боласыңдар деген».
«Қаһар» романындағы Қоңырқұлжа атты кейіпкердің де 
есіне әкесі айтқан аңыз түседі: «Дүниеде не қызық?» деп 
сұрапты Шыңғысхан бір күні ӛзінің нӛкер, нояндарынан. Бір 
батыры: «Дүниеде бүркіт салып, түлкі ілген қызық», екіншісі: 
«Ғашық болған сұлуыңды құшқан қызық», ал үшіншісі: «Алтын 
таққа отырып жұртқа әміріңді жүргізген қызық», – депті. Сонда 


131 
Шыңғысхан: «Жоқ, білмедіңдер. Қастасқан жауыңды алдыңа 
салып айдап, қатын, қызын бауырыңа басып құшып, мал-мүлкін 
талан-тараж етіп тартып алғаннан дүниеде қызық ештеңе жоқ», 
– деген екен. 
Профессор З.-Ғ.Бисенғали аңыздық фабуланы, сюжеттерді 
кӛркем 
шығармаға, 
әңгімеге, 
повеске 
айналдырудың, 
пайдаланудың оңай емес екенін және әңгімелер айтылуында 
жайнап тұрған әдемі хикая қағазға кӛшкенде ӛзіндік күйін 
жоғалтып, ӛңінен айрылып, бозарып шыға келетіні жиі 
кездесетін 
жәйт 
екенін 
айтады. 
Осындай 
кӛркемдік 
қиыншылықтарға қарамастан, жазушы І.Есенберлиннің тарихи 
трилогиясында халық ауыз әдебиетіндегі танымал аңыздармен 
қатар, «Сұңқар ӛлген тӛбе» аңызы, «Бесқұнан» туралы аңыз, 
оба, молалар туралы аңыздар да кӛркемдік қажеттілігіне орай
қолданылған. 
Қазақ тарихи романында миф пен аңыздарды символдық 
мәнде пайдалану шығарманың кӛркемдік шешіміне еш нұқсан 
келтірмейді. Қайта тарихи романның әлеуметтік-философиялық 
танымын тереңірек танытып, халықтың басынан кешкен тарихи 
ӛмір жолын жан-жақты суреттеуде, шығарманың кӛркемдік 
қасиетінің барынша айшықтала түсуіне қызмет етеді. Мифтер 
мен аңыздарды тарихи романдарда дәуір шындығының ӛткені 
мен бүгінгісін және ертеңгі болашақ ұрпақтың санасына тәлім-
тәрбиелік мораль ұсынып қана қоймай, кӛркемдік-эстетикалық 
қасиеттерді терең игеру үшін де қажет болып отыр. 
Әдебиеттанушы А.Мәуленов «Қазіргі қазақ прозасындағы 
аңыздар мен мифтердің кӛркемдік қызметі (І.Есенберлин, 
Ә.Кекілбаев, Т.Әлімқұлов шығармашылығы)» тақырыбындағы 
кандидаттық 
диссертациясында: 
«І.Есенберлиннің 
«Кӛшпенділер» 
атты 
тарихи 
тақырыпқа 
жазылған 
шығармасында аңыз, миф, хикаялар жаңаша сипат алып, 
мазмұндық-фомасын ӛзгертіп, романның стильдік ӛрнегін 
байытып, сюжеттерін ширықтыра түсті. Осы кезге дейін онша 
мән берілмей келе жатқан миф, хикая, әпсана-хикаят 
жанрларының кӛркем прозадағы кӛп мағыналық, кӛп 
қабаттылық қызметі айқын кӛріне бастады», – деп келтіреді. 


132 
Фольклор және ауыз әдебиеті үлгілерінің ұрпақ санасын 
қалыптастырудағы қызметі ғасырлар қойнауында қалыптасқан 
құндылықтар әлемінде сақталып келеді. І.Есенберлиннің қазақ 
халқының тарихын танытуды мақсат тұтқан «Кӛшпенділер» 
трилогиясында жазушы ӛзіне тән стиль шеберлігіне салып, 
халық мұраларын шығарманың жанды ӛзегіне айналдыра білген.
Бұл 
ретте 
академик 
Р.Бердібай: 
«І.Есенберлиннің 
«Кӛшпенділер» атты трилогиясында кӛптеген тарихи аңыз 
әңгімелер романның кең ауқымына жарасымды қабысып кеткен. 
Фольклорлық, мифологиялық, аңыздың оқиғаларды «тірілту», 
оларды жазба әдебиеттің жан-жақты дамуына жарата білу – 
жалпы 
әдебиетте 
жиі 
байқалып 
жүрген 
құбылыс. 
І.Есенберлиннің тарихи романында әлгіндей аңыздаулар 
айрықша кӛркемдік элемент болып қосылған. Белгілі 
творчестволық 
мақсат 
тұрғысынан 
шығарма 
сүйегіне 
«сиыстырылған» ертегілік қабаттар ірі идеяларды, тың 
бейнелерді кӛрсетуге қолайлы», – дейді («Сарқылмас қазына», 
20-64 бб.).
Ғалым Р.Нұрғалиев «Тұңғиық дарын» атты мақаласында 
(«Білім және еңбек», 1985, №1) Ілияс Есенберлиннің ежелгі 
аңыздарды, ауызекі әңгімелерді халықтық мифологияны кӛркем 
шығармада творчестволықпен пайдалану барысында кӛп 
жаңалықтар, соны ӛрістер ашқанын, сӛйтіп, тарихи романның 
жаңа бір ұлттық, жанрлық роман-шежіре үлгісін тудырғанын 
атап кӛрсетеді. 
Ал жазушының інісі Р.Есенберлин «Мен үшін ерекше адам» 
деген мақаласында ағасының фольклор мен ауыз әдебиеті 
үлгілерін қалай жинағандығы жӛнінде ӛз естелігінде былай 
дейді: «Атбасар қаласынан қырық шақырым жердегі Батауан 
кӛлі жанында қай кезде мұнда пайда болғандары белгісіз, 
ӛздерін қырғызбыз деп атайтын, бірақ қазаққа сіңіп кеткен 
қырғыздар тұратын. Солардың ішінде тамаша ән салатын, 
домбырада ойнайтын, кӛптеген дастандарды жатқа білетін 
Қақбай деген ақын болды. Ілияс әсіресе Қақбайды тыңдағанды 
жақсы кӛретін. Ол Атбасарға жиі келіп тұратын. Қақбай 
келгенде мен Ілиясқа хабар жіберетінмін. Ілияс бізге сол 
уақыттарда үзбей келуші еді. Бір бұрышқа жайғасып алып, 


133 
Қақбайды бар ынтасымен тыңдайтын. Ілиястың Асан қайғы, 
Бұқар жырау, Едіге, Қобыланды, Абылай, Кенесары, т.б. да 
«Кӛшпенділер» 
мен 
«Алтын 
Орда» 
трилогияларының 
кейіпкерлерін алғаш рет сол Қақбайдан және басқа да ақындар 
мен шешендерден естігенін ӛз кӛзім кӛрді. «Ақтабан 
шұбырынды», «Алқакӛл сұлама» хикаяларын да Ілияс тұңғыш 
осы адамдардың аузынан естіді. Әрине халқымыздың 
ұмытылмайтын, қасіретке толы әні «Елім-айды» да сол кезде 
ұйып тыңдаған болатын. Осы бір аттары тарихқа беймәлім 
қарапайым жандар бүлдіршіндей жас Ілиясқа бүкіл саналы 
ӛмірінде есінен кетпейтін қазақ фольклоры мен ӛз халқының 
тарихына деген ыстық ықылас пен шынайы қызығушылық 
шоғын тұтатып берді» («Егемен Қазақстан», 2005, 26 ақпан). 
І.Есенберлиннің «Кӛшпенділер» трилогиясында кеңінен 
қолданылған фольклорлық мотивтер және этнографиялық 
материалдар тарихи роман жазуда маңызды орын алады. 
Жазушы қазақ халқының бұрынғы дәстүрлерін, салттарын 
жаңғыртып, түркі, монғол халықтарының ӛте ертедегі тұрмыс 
кӛріністеріне тоқталады, бұл баяндау тәсілін жандандырып, 
романтизм рухын береді де, тарихи роман жанрын қызықты 
етеді. Романдағы жазушының кеңінен қолданған мифологиялық 
ертегілері, аңыз-әпсаналары шығарманың кӛркемдік, танымдық 
құндылығын арттыра түседі. Жазушының шығармашылық 
тұлғасының ӛзіндік ерекшелігі, халық тұрмысы мен фольклорын 
терең білгендігі, тарих пен әдебиет саласындағы кең құлашты 
танымы оның тарихи романдарында кӛрініс береді. 
Қазақ тарихи романында миф пен аңыздарды символдық 
мәнде пайдалану шығарманың кӛркемдік шешіміне еш нұқсан 
келтірмейді. Қайта тарихи романның әлеуметтік-философиялық 
танымын тереңірек танытып, халықтың басынан кешкен тарихи 
ӛмір жолын жан-жақты суреттеуде, шығарманың кӛркемдік 
қасиетінің барынша айшықтала түсуіне қызмет етеді. Мифтер 
мен аңыздарды тарихи романдарда дәуір шындығының ӛткені 
мен бүгінгісін және ертеңгі болашақ ұрпақтың санасына тәлім-
тәрбиелік мораль ұсынып қана қоймай, кӛркемдік-эстетикалық 
қасиеттерді терең игеру үшін де қажет болып отыр. 


134 
Трилогияда қолданылған фольклор үлгілерінің бірі – ертегі. 
Қазақ ауыз әдебиеті мұрасының ӛте күрделі саласының бірі
ертегілер ғасырлар бойында ауызша таралып, ӛңделіп, екшеліп 
келген халықтық проза ретінде бұрын романның да, повестің де, 
хикаяның да қызметін атқарып келген. Ертегілер – қазақ ауыз 
әдебиеті мұрасының ӛте күрделі саласының бірі. Ертегі жанры 
туралы зерттеуші Т.Барласұлы: «Ертегі – рухани тәрбиелік мәні 
аса зор, кӛзіміз кӛріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен 
ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын, материалдық әлеммен 
бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян 
етілген кӛрінісі», – дейді (Сӛз атасы – ертегі, Құраннан сыр 
шертеді // «Қазақ әдебиеті», 2000, №39). Ӛзіндік шыншылдығы 
мен әлеуметтік мәні жағынан қарағанда ертегілер кӛрнекті 
кӛркем құбылыс болып табылады. Оның маңызды ерекшелігі 
мынада: ертегілерде жекелеген құбылыстар фантастикалық 
бейнелермен әсірелеп кӛрсетілгенімен, шын мәнінде олардың 
мазмұны объективті болмыстың кӛрінісі болып табылады. 
Ертегілердің кӛркем эпостың басқа жанрларынан ерекшелігі 
ертегіні қалай түрлендіріп айтса, тыңдаушы сол күйінде 
қабылдап, айтушының шеберлігіне тәнті болады.
Ауыз әдебиетінің кӛркем әдебиетке тірек болуы тек қазақ 
әдебиетіне ғана емес, әлемдік әдебиетке де тән құбылыс. Осы 
заманғы жазба прозалық, әсіресе романдар мен повестердің
бірталайында тікелей ертегілік, мифологиялық оқиғалар кӛптеп 
кездеседі. Қазақ әдебиетінде де шығармаға мифтік, ертегілік 
оқиғаларды пайдалану жиі кездеседі. Қазақ ертегілерінде ескі 
түрінен басқа берірек заманда шыққан жаңалау әңгімелер де 
бар. Мәселен, ӛлең ӛлшеуіне түскен батырлар әңгімелерінің
барлығы ертегі болып кеткен, батыр әңгімесін кӛп ел құмартып 
тыңдайтын болғандықтан, ел қиялы бергі замандардың 
батырларын да ертегінің қаһарманы қылып жеткізген. Ауыз 
әдебиетінің 
жанрлары 
– 
аңыз, 
ертегі, 
әңгімелердің 
профессионалдық әдебиетке ӛз ішінен қаншама ӛзгеріс жасап 
келе жатқанын есте тұту шарт. Бұл тек қазақ әдебиетіне ғана 
емес, әлемдік әдебиетке де тән құбылыс. Осы заманғы жазба 
прозалық, әсіресе романдар мен повестердің бірталайында 
тікелей ертегінің, мифологиялық ситуациялардың араласып 


135 
жүретінін кӛреміз. І.Есенберлиннің тарихи трилогиясында 
әлгіндей аңыздаулар айрықша кӛркемдік элемент болып 
қосылған. Белгілі творчестволық мақсат тұрғысынан шығармаға 
енгізілген ертегілік қабаттар ірі идеяларды, тың бейнелерді 
кӛрсетуге қолайлы. Қазақ ертегілерінде ескі түрінен басқа, 
берірек заманда шыққан жаңарақ әңгімелер де бар. Мәселен, 
ӛлең ӛлшеуіне түскен батырлар әңгімелерінің барлығы ертегі 
болып кеткен, батыр әңгімесін кӛп ел құмартып тыңдайтын 
болғандықтан, ел қиялы бергі замандардың батырларын да 
ертегінің қаһарманы етіп жеткізген. 
«Алмас қылыш» романындағы Қотан жырлаған «Орақ 
толғауы», «Едіге жыры», «Қара Қыпшақ Қобыланды» қиссасы – 
барлығы жоғарыда айтып кеткен ертегі түріндегі батырлық 
әңгімелер. «Қаһар» романында кездесетін «Наурызбай – 
Қаншайым» қиссасынан келтірілген үзінділер, «Сұңқар ӛлген 
тӛбе» аңызы, тарихшылар жазып қалдырған, еш жеңілуді 
білмейтін, тас жүрек Кенесары туралы аңыз-ертегілер жоғарыда 
айтып кеткен ертегі түріндегі батырлық әңгімелердің айғағы. 
Қазақ фольклорының келесі бір маңызды, кӛлемді түрі – 
батырлық жырлары. Бұл шығармаларды қазақ халқының осы 
кезге дейін ұлт болып қалыптасуының отансүйгіштік негіздегі 
тарихнамасы деп айтуға болады. Бұл ретте ғалым 
О.Нұрмағамбетова «Батырлар жыры – халықтың ӛткен ӛмірінің 
жанды кӛрінісі. Оның күші – халық мүддесін қорғайтын 
рухында, қоғамның ілгері басуына қажет қасиеттерді адам 
санасына, жүрегіне сіңіре білуінде. Сондықтан да батырлар 
жырының әлеуметтік, мәдени, тәрбиелік маңызы орасан күшті» 
екенін атап кӛрсетеді. Қазақ халқының мыңдаған жылдық 
тарихы бар қаһармандық жырларының кӛркемдік, тәрбиелік 
бітімі сан алуан құпияға толы және ұрпақ тәрбиесіндегі жеке 
тұлғаның рухын шарықтатып, елдіктің маңызына ден қояды.
Трилогияда Қабанбай, Бӛгенбай сынды батырлардың
ерлігін, елі үшін жан аямай күрескер шеберлігін танытатын
жырлар Үмбетей, Жиембет, Тәтіқара сынды жыраулар
атынан айтылады. Бұл жыраулар заманының қал-жағдайын,
мақсат-мұратын жырлаған қазақ әдебиеті тарихында елеулі
орын алған жыраулар болып табылады. Олар жырлаған


136 
толғаулар батырлар мен сұлтандарға, хандарға, күрес
алдында рух, жігер, күш берсе, енді бірде, қаһары қатты
хандарды райынан қайтарып, тоқтата білген.
Осы трилогияның кӛркемдік қуаты жағынан ең биігі – 
«Қаһар» романының оқушыға ерекше әсерлі, тартымды 
болуының себептері бар. Ең алдымен қазақ әдебиеті мен 
фольклорында Кенесары – Наурызбай бастаған қозғалысты 
суреттеудің ұзақ тарихы бар еді. ХІХ ғасырдың бірінші 
жартысында қазақ даласын дүбірлеткен бұл қозғалыстың сыры 
мен сипаты мейлінше шытырман болатын. Алдында қазақ 
бұқарасының отаршылдық қысымдарға қарсы кӛтерілісі ретінде 
бой кӛрсеткен бұл оқиғаның ақыры Кенесарының монархиялық 
мақсатына ұласып, трагедиямен біткені белгілі. Осы қозғалыс 
кезінің ӛзінде-ақ Кенесарыны дәріптейтін ӛлеңдер мен аңыз 
әңгімелер кӛп тараған. «Наурызбай – Қаншайым» атты жыр 
халық арасында кӛп айтылып келген. Сонымен қатар әуел 
бастан-ақ Кенесары – Наурызбай бастаған қозғалыстың 
қайшылықты, халыққа жат сипаттары да әлгіндей мадақ 
шығармалармен қатарласа әңгіме болып жүрген. Мұның ӛзі 
жалпы сол қозғалыстың қатпарлы, астарлы табиғатына 
байланысты еді. Орыс патшалығының күшіне қарсы шығарлық 
қуаттың жоқтығына кӛзі жете тұрса да, Кенесарының күресті 
тоқтатпай, соңына ерген елді сарсаңға, апатқа душар еткені нақ 
осыны дәлелдейтін. Бұл қозғалысты біреулердің тәуелсіздік 
үшін қозғалыс деп, екіншілердің кертартпа әрекет деп бағалап 
келген себебі осыдан. Тіпті соңғы жылдарға дейін 
тарихшыларымыздың ӛзі де Кенесары – Наурызбай қозғалысын 
танып, түсіндіруде толық, бір ауызды пікірге келе алмаған еді. 
Бірақ тарихта анық орын тепкен, талай жылдарға созылған, 
халықтың санасында із қалдырған бұл оқиғаның мәні мен 
ерекшелігін ашып кӛрсету – ғылым алдындағы да, кӛркем 
әдебиет алдындағы да міндет болатын. Міне, осы міндетті 
І.Есенберлиннің тамаша атқарып шығуы оның әдеби ерлігі 
болды. «Қаһар» романы – қазақ әдебиеті үшін жаңалыққа толы 
туынды.
Жазушы «Алмас қылыш» романының желісінде тарихи 
фактілерге негізделген оқиғаларды баяндау барысында кӛркем 


137 
суреттеулермен, шынайы бейнелеулермен қатар әдемі ӛрілген 
ауыз әдебиеті үлгілерін шебер қолданады. Роман оқиғасы жарты 
ғасырдан астам уақытты қамтитындықтан, жазушының 
баяндауында лирикалық шегініс жасау, монолог, диалог арқылы 
халықтың арғы-бергі тарихын шолу, шешендік сӛздер, мақал-
мәтелдер, киім үлгілері арқылы сол кезеңнің шынайы суретін 
бейнелеу, мифтік ұғымдар туралы аңыздар арқылы түркілер мен 
монғолдардың 
кӛне 
наным-сенімдеріне 
шолу 
жасауы 
шығарманың ӛн бойына кӛркем қуатты ӛң беріп тұрады. 
Жазушының тарихи архив мұраларын кӛркем шындыққа 
айналдыруда қолданған бұл әдістері туындының құндылығын 
кӛтеріп, жазушылық шеберлігін арттыра түседі. 
Сӛз болып отырған романның жанрлық ерекше бітімі
бар. Мол оқиға мен кӛп кейіпкерді шетінен толық суреттеу
бір шығарма кӛлемінде мүмкін еместігін ескерген автор
негізгі күшті баяндау мен кейіптеуге салады. Бірақ, бұл
құрғақ баяндау емес, бояулы, нақышты, адам мінезі мен
әрекетінің түпкі сырын паш ете алатын күрделі, қызықты
ғибратты әңгіме. Қаһармандардың түр-келбеті де, сӛйлеген
сӛзі де, ойы да, тартыс, қайшылықты күресі де осынау 
баяндаудың ауқымына сыйып кеткен. «Жанталас» романының
бүкіл оқиғалық, сипаттамалық, талдау, кӛркемдеу жүгін екі
ғана айтушы – автор мен шежіреші қарт Бұқар жырау
әңгімесі арқалаған. Осыдан барып шығармада кейіптеп 
айтушы қызметі маңызды орынға шығады. Қандай кӛркем
туындыда да кейіптеуші мен баяндаушының дәнекерлігі
елеулі орынға ие. Дегенмен «Жанталаста» айтушының 
міндеті мүлде ӛзгеше. Бұл ретте жазушы ауыз әдебиетінің
ӛміршең дәстүрлерінен үлгі алған. «Жанталаста» суреттелетін
қаһармандардың бәрі дерлік аңыз, жыр арқылы халық
санасынан орын алған жандар болатын. Сол фольклор
туындыларында қалыптасқан эпикалық бейнелерді
тӛмендетіп алмай, оларға реалистік нақтылық, даралық
келбет дарыту оңай емес. Сӛз болып отырған шығармада
Баянның жауға қарсы кӛзсіз ерлігі, отты отаншылдығы,
намысшылдығы баяндалған. Жауға қарсы ӛшпенділік, таза
халықтық ұғым, айнымаған намыс, ар Баян басынан


138 
табылады. Ол қалмақ қызының азғыруына ерген сүйікті інісі
Ноянды атып ӛлтіргенде де дәл осындай биік елдік дәстүр
тұрғысынан кӛрінеді. 
Бұл секілді аңыздар мен шежірелер шығармада жеке
ӛзіндік қызмет атқармайды. Олар қаһармандар бейнесін
ашуға, сонымен бірге тарихта болған оқиғалардың шынайы
суреттелуіне кӛп кӛмектеседі. Сонымен бірге баяндаушы сол
тарихи аңыздардың дәнін, негізгі ұйтқысын және бағытын
ашуға ұмтылады. 
Бұқар жырау атынан берілген тӛрт дүркін аңыз-әңгімеде
тарихи құбылыстардың бағасы бүгінгі түсінігімізге орайлас
беріледі. Сонымен «Жанталас» романында тек XVII-XVIII
ғасырлардың тарихнамасы беріліп қоймай, олардың сыры 
мен шынына да талдау жасалады, тарихтың кӛркем пішінге
түскен желісі беріледі. Атап кӛрсетерлік бір мәселе сол – 
шығармада фактілер мен қиялдап айтулар бірлестікке,
кӛркемдік шындық деңгейіне кӛтерілген. Кейіпкерлердің іс-
әрекетінің нақтылы жүйесін емес, сол құбылыстардың мәнін
ашуға кӛңіл бӛлінген, психологиялық талдаулардан гӛрі
тұжырымдап, шолып, шежірелеп айту басым шыққан.
«Жанталастың» жанрлық ерекшеліктерін сӛз еткенде есте
боларлық жайлар осы. 
Тарихи дәуірдің ерекше бояуын жасау үшін трилогияда 
халық ӛмірінің атрибуттары – олардың айналысқан ісі, қолӛнері, 
киімі, этнографиялық детальдары, жоралғылары, ырымдары 
орнымен қолданылған. Халық ӛмірінің беймәлім және ӛзінен ӛзі 
сӛйлеп тұрған суреті оқырман алдында сан алуан бейнесімен 
беріледі. Адамдар ӛмірінің сол кезеңдегі ӛмір философиясы, 
олардың рухани санасы және дүниетанымы халық тұрмысында 
және этнографиялық суреттерде кӛрініс тапқан. Ілияс 
Есенберлиннің тарихи трилогиясында тарихи оқиғаның 
халықтық үлгімен берілгендігінің кӛркемдік сипаты аңыз бен 
ақиқат туралы философиялық пайымдауларды айқындай түседі.
Жалынды 
жазушы 
Ілияс 
Есенберлиннің 
тарихи 
романдарының идеялық-кӛркемдік ерекшеліктері арнаулы 
зерттеулерді 
керек 
ететін 
күрделі 
құбылыс. 
Оның 
«Кӛшпенділер» трилогиясында қазақтың ауыз әдебиеті мен 


139 
кӛркемдік дәстүрі қалыптастырған тәсілдер орын тауып, 
қызғылықты қаланған. Тарихтың құбылмалы сан кезеңдерін 
шынайы түрде кӛркемдеп, құбылтып айтушы бейнесі осы 
романдарда кең түрде кӛрсетілген. Тарихтың кӛмескі беттерін 
шежіре, аңыз, тіпті ертегі түрінде дана ақындарға, Қазтуған, 
Қотан, Бұқар жырауларға айтқызу тәсілі де жарасымды. 
Баяндаудың тартымдылығы, қызықтылығы және бірінен бірі 
табиғи туындап отыратындығы трилогияны құрайтын «Алмас 
қылыш», «Жанталас», «Қаһар» романдарын қазақ әдебиетінің ең 
жақсы, сұрыпталған ӛмірімен, дәстүрлерімен үндестіреді. 
Қазақ халқы кӛшпелі ӛмір сүрсе де, замандар бойы 
зергерлік ӛнерін дамытып отырған, оның негізі – халық 
шеберлігі, халық даналығы. Тоқыма ӛнері, неше түрлі сауыт-
сайман, ер-тұрман, ақ берен, наркескен, дулыға, қанжар секілді 
құралдар жасау ел болып ұйымдасу идеясынан туған. Кӛрнекті 
фольклортанушы 
ғалым 
С.Қасқабасов 
«Елзерде» 
атты 
зерттеуінде «киімге қарап бір адамның ғана емес, бүкіл 
халықтың эстетикалық, этикалық, тұрмыстық ерекшеліктері 
жайлы түсінік алуға болатынын» атап ӛтеді. «Алмас қылыш» 
романында ел билеушілер киімінің ӛзінен ұлылық пен байлық 
дәстүрі кӛрініп тұрады: «Басында қошқар мүйіз етіп ойған 
алтын тәжі, тор кӛз жеңіл қорасан сауыт сыртынан киген алтын 
зерлі, Герат шеберлері тоқыған қызғылт торқа шапаны күн 
сәулесіне малынып, Әбілқайыр қара орда есігін ашты. Тӛр 
алдында басына қара құндыз бӛрік, үстін жағасын қара 
құндызбен кӛмкерген қара мақпал шапан киген алтын белбеулі 
Керей мен Жәнібек сұлтан отыр». 
Ал «Қаһар» романында Табын Жоламан батырдың кӛшін 
суреттегенде жазушы: «Адамдарының киімдері де Арқа 
ӛңірінікінен басқаша. Бастарына кигендері кеуделеріне дейін 
жабатын түйе жүн далбағай, етек жағы айбалтаның жүзіндей 
қайқиып келген әшекейлене кестеленген оқшима қалпақ... 
Тымақтары да бӛтен. Үстін барқытпен тыстап, етегін терімен 
кӛмкерген киіз. Шошайған тӛбесінің құлақ тұсынан бастап 
жоғары қарай алты салалы етіп оқа ұстаған. Жарғақ шалбар, 
түйе жүн шекпен, кең құлаш етік, ақ таңдақ, арша не болмаса 
тобылғы түстес етіп боялған жұмсақ тонның, шолақ сәнді 


140 
пешпенттердің етек, ӛңіріне оқалап зер салған... Ал әйелдерінің 
киімі Арқа тектес. Оқалы қамзол, зерлі шапан. Кәмшат бӛрік, 
күміс тізген үкілі сәукеле. Оқамен зерлеген, күміс теңге қадаған 
жер сүзген мол қос етекті барқыт, бәтес кӛйлек. Анда-санда 
шетіне ши барқыт тұтқан, белі қыналған, жібін жіңішке етіп 
иірген шекпен қамзол, пешпент. Күміс шолпы, алтын жүзік, 
меруерт алқа, сом білезік, сәнді сырға – бәрі де бүкіл қазақ 
әйелдеріне жарасты дүние. Дегенмен, әйелдерінің де киімінде 
ӛзгешеліктер бар. Кіші жүзде кимешек орнына күнгейлік киеді. 
Жас келіншектер осы бір кестеленген сәнді жаулықтың кейде 
құлақ тұсына, тӛбесіне де үкі тағады. Ал қыздары Орта жүздің 
қыздарындай аш белін қынар күміс белбеу, үкілі тақияға әуес 
емес», – дей келіп, киім үлгісі арқылы қазақ халқының 
жергілікті ерекшеліктерін кӛрсетеді. 
І.Есенберлиннің «Алтын Орда» трилогиясында Дешті 
Қыпшақ ханының ордасындағы бекзадалар суреттелген: «Оң 
жағында үлкен баласы Тыныбек. Бұл қарасұр келген қою 
мұртты, үлкен қой кӛзді кісі. Жасы қырықтар шамасында. Киген 
киімі де, отырған отырысы да, Дешті Қыпшақ байларына 
ұқсайды. Сыртын түйе жүн шекпенмен тыстаған күзен ішік, 
белінде кіселі, кездік қыналы, жалпақ күміс белбеу, аяғында 
кәдімгі саптама етік. Басында елтірі бӛрік. Дене бітісі де 
байларға ұқсайды, қомақты, етжең. Одан кейін ханның екінші 
баласы Жәнібек отыр. Бұл ашаң бойлы, аққұба келген, ойлы 
кӛзді сымбатты кісі, бұл да отыздардан асып кеткен. Үстіндегі 
киімі ауыл салдарыныкіне ұқсайды. Күмістеген кебіс, мәсі, 
оюлаған барқыт шалбарының балағы сала құлаш, үстіндегі 
қысқа жібек белбеумен орап тастағын пешпент басында кӛк 
барқыт тысты қырдың қызыл түлкісімен кӛмкерген сәнді бӛрік. 
Бәрінің кигендері арзанқол киім, тек белдеріндегі алтын 
жалатқан күміс белбеулері ғана қымбат бағалы...». Жазушының 
бұл суреттемесі бекзадаларды ерекшелейтін арнайы атрибуттар 
болатынын кӛрсетеді. Хандарға тән осындай белгілер Ӛзбек 
ханның тұлғасын бейнелеуде кездеседі: «Қосындарының 
алдында желмен ойнаған ақ тудың астында теңбіл кӛк, жалын 
құйрық, қаз мойын сәйгүлік мінген Ӛзбек ханның ӛзі. Тұтқасына 
алтын әріптермен ӛзінің есімі жазылған, қисық кӛк құрыш 


141 
қылыш белінде. Бір жағында – сүйек сапты қабы күміспенен 
оюланған ұзын қанжар. Ӛткір ұшты кӛк құрыш найзасын ағаш 
ерінің биік қасына кӛлбете ілген. Ері айдаһарлардың 
бейнелерімен ойылған жалпақ сом күміспенен қақталған. 
Қорамсасында сүйек басты ысқырық дыбысты әйгілі жебелері. 
Ерінің сол жағында жезбенен әшекейленген жеңіл темір қалқан. 
Сүйек бунақты садағын арқасына іліп алған. Үстінде темір 
торлы сауыт, басында сондай темір дулыға». Бұл бейнелеуде 
ерте замандағы жауынгердің бес қаруы суреттелген. 
Этнографиялық 
детальдармен 
қатар 
трилогияда 
фольклорлық жанрлардың ең кӛне түрлері мифтер, аңыздар, 
әпсана-хикаяттар, ертегілер, ғұрыптық фольклор түрлері, 
фольклордың адам ӛліміне байланысты мұң-шер жырлары 
(ӛлімді естірту, кӛңіл айту, жоқтау) кӛптеп кездеседі.
Романдағы ӛлімді естірту үлгісі әлем әміршісі деп 
есептелген Шыңғыс хан мен Ұлы Жыршының диалогы арқылы 
шебер ӛрнектелген. Қаһарымен әлемді тітіреткен атақты 
Шыңғыс хан сүйікті ұлы Жошыны ӛлтіртуге кісі жібере отырып, 
оның ӛлімін естірткеннің басын аламын деп айтады. Сонда бұл 
хабарды естіртуге ешкімнің батылы бармағанда, Ұлы Жыршы 
салтанатты кеште ханның сұрауымен жырын бастайды:
Теңіз башынан бұлғанды, 
Кім тұндыра, а ханым? 
Терек түптен жығылды 
Кім тұрғызар, а ханым? – дейді. Сонда Шыңғысхан: 
Теңіз баштан бұлғанса, 
Тұндырар олым Жошы дұр. 
Терек түптен жығылса, 
Тұрғызар олым Жошы дұр, – дейді. Сонда Ұлы Жыршы 
алғашқы ӛлеңін тағы қайталайды, бірақ бұл жолы кӛзінен жасы 
парлап ағады. Ананың жылап отырғанын кӛрген Шыңғысхан: 
Кӛзің жасын тӛгілтер, 
Кӛңілің шерлі болғай ма? 
Жырың кӛңіл үркітер 
Жошы ӛлген болғай ма? – деп сұрайды. Сонда Ұлы Жыршы 
түркі жырымен: 
Сӛйлемеске еркім жоқ, 


142 
Сен сӛйледің, а ханым! 
Ӛз жарлығың ӛзіңе 
Жӛн ойладың, а ханым! – деп Жошының ӛлгенін естіртеді. 
Сонда жаратылғалы кӛзінен жас шықпаған Шыңғысхан 
еңкілдеп жылап: 
Құлын алған құландай 
Құлынымнан айрылдым! 
Айрылышқан аққудай 
Ер ұлымнан айрылдым! – деп теріс қарап, бүк түсіп жатып 
алады.
Бұл естіртуде Ұлы Жыршы Жошы секілді қадірлі ұлдың 
ӛлгенін естірту үшін «теңіздің былғануы», «теректің құлауы» 
секілді ауқымы кең ұғымдарды пайдаланып, жыршылық 
шеберлігін байқатады. Ханды мазмұнды диалогқа шақыра 
отырып, ӛзінің психологиялық іс-қимылы арқылы Жошының 
ӛлгенін алдымен ханның ӛзіне айтқызып, жазадан құтылады.
Туындыға ден қойсақ, үш жүздің басын біріктіре
бастаған кездің бірінде Абылайға баласы Жанайдың жау
қолынан қаза тапқанын естірткенде «аһ» ұрып жатып
алғанда, оған Қазыбек би мен Тәтіқара жыраудың тоқтау
айтқандығы былай келтірілген: «Сонда Қаз дауысты
Қазыбек: 
– Уа, Абылай, үш жүзің үш аққан ӛзен еді, солардың
табысқан жеріндегі сен бір бәйтерек едің. Бәйтеректі дауыл
ұрмас па, жапырағы оның түспес пе, бұтағы оның сынбас
па? Құдай ма едің тетігін ұстаған бұл жалғанның, бұның
не бір балам ӛлді деп жатып алғаның? – десе, Тәтіқара
жырау: 
Үш жүздің баласы 
Ақылдасып, сырласып, 
Хан кӛтерсек деп еді. 
Үш жүздің баласын 
Бір баласындай кӛрмейді, 
Ат құйрығын үзіңдер, 
Аллалап атқа мініңдер, 
Хан талау етіп алыңдар», – деп ашулана сӛйлейді. 
Аталы сӛзге ден қойған Абылай сабырға келеді. Шығарма


143 
желісіндегі осындай үлгілерден халқымыздың сӛзге тоқтаған,
сӛз қадірін түсінген дана екендігін аңғарамыз. 
Жазба әдебиет мұрасын кӛркем әдебиетке негіздеп
қолдануда І.Есенберлин реалистік әдебиетке тән тәсілдерді
пайдалана білген. Романдағы қаралы үйдің сипаты мен жоқтау 
жырының классикалық үлгісі Қара Қыпшақ Қобыланды 
батырдың қолынан мерт болған Ақжол бидің ордасында 
отырған әкесі Қотан жырауға тән: «Орданың сырты қандай 
болса, іші де сондай қан жылаған екен. Алтын, күміспен 
зерлеген қара сырлы уық, кереге, бақан. Абажадай қара 
шаңырақтан жерге салбыраған қара шуда жіптен ӛрген 
шашақты тұжырма. Үй іші адамның зәресін алып, құтын 
қашырғандай… 
Жырау сыбырлай зарлап, «Қара Қыпшақ Қобыландыда нең 
бар еді, құлыным!» жырын айтып, ұзақ сарнайды. Біресе ӛзі 
тоқтап, кәрі қобызын аңыратты. Әлден уақытта қарт жырау 
«Аһ» ұрып әзер тоқтады», – деп жазушы кӛкірегі қайғыдан қарс 
айрылған 
жыраудың 
бейнесін 
сӛзбен, 
іс-қимылмен, 
психологиялық толғаныспен шебер бейнелейді. 
Сонымен қатар қаралы кедей үйінің бейнесі бейнеленген. 
«Бұлар ауылға кіре шеткі қараша үйден қарлыққан кәрі дауысты 
жоқтау естіді. Ӛлік бар жерде бата оқымай кетпейтін қазақтың 
ескі дәстүрі, Есіркеген қараша үйге қарай беттеді. Қасындағы 
жендеттері де қарсы болған жоқ, сыртта тұрып қалды. Ол үйге 
кіріп келгенде ең алдымен кӛргені шоқпыт тымақ, жыртық 
шекпен, жылап-сықтап отырған кілең кедей болды. Сол жақта 
сұлайып қыр мұрынды, мұрты жаңа тебіндей шығып келе 
жатқан жас жігіт жатыр. Түрі ӛлген адам тәрізді емес, жаңа ғана 
ұйықтап кеткен секілді. Басында екі бүйірін таянып, ақ шашын 
жайып, кәрі шандыр бетін жоса-жоса қылып тырнап тастаған 
шүйкедей қара кемпір: 
Атаңа нәлет, хан Кене, 
Басыңа түссін ойран-ай, 
Суалдырдың кӛзімнің, 
Қарашығын ойбай-ай! – деп қарлыққан дауыспен зар 
еңірейді. 


144 
Ӛліктің кеуде тұсында қарындасы ма, әлде жұбайы ма, бір 
келіншек отыр. Жүзі ақ шүберектей, жасқа толы тостағандай 
қара кӛзі шарасынан шығардай боп керегеге қарап қатып қалған. 
Есіркеген бата оқыды да шығып кетті. Бірақ әлгі сурет кӛз 
алдында тұрды да қойды». 
Жазушының «Алтын Орда» трилогиясында келтірілген 
жоқтауда сүйгенін жоғалтқан жас сұлудың қайғы жұтып, 
қамыққан күйін шебер суреттейді. Жәнібек ханды жерлегенде 
Тайдолланың жылағанын кӛрген адам, кӛзіне жас алмай 
қалмаған. Бұның жоқтауы да ӛзгеше болған. Ол қанатына оқ 
тиген аққудай сыңсып, адамның есінен кетпес бір мұң айтқан: 
Кӛгілдір кӛл су үстінде, 
Жалғыз аққу зар жылайды. 
Сырын айтпай ол ешкімге 
Кӛктен ажал тек сұрайды... 
Неге сонша қайғылы екен
Балапанын атты ма жау? 
Қандай кесел жанын жеген, 
Әлде емес пе жүрегі сау? 
Жоқ, жоқ, аққу ауру емес, 
Балапаны о да тірі... 
Шері бірақ мәңгі бітпес, 
Тынбас және қайғылы үні... 
Сорлы аққудың айтары мол, 
Жан серігі оққа ұшты... 
Сүйе алмайды, біледі ол,
Екінші рет бӛтен құсты... 
Тау қызының қайғысын жұрт енді түсінген Жарымен бірге 
ӛмірдің ең қызығы махаббатын да мәңгі жоғалтқан жас аруды 
енді ерекше аяған. 
Қазақта ӛлгенге ас беріп, ат шаптыру абыройлы іс саналып, 
жоғары деңгейде ӛткізіледі. Кісі қайтқаннан кейін үй тігіліп, 
жақын-сыйластарға хабарланады. Тӛре болса «хан ием», 
болмаса «бауырым» деп дауыс салып кӛріседі. Туды байлап 
берген соң әйелдер шылаушын (қаралы әйелдің басындағы 
орамалды айтады) шарт байлап, қыздары дауыстап «жоқтау» 
айтады.


145 
«Кӛшпенділер» 
трилогиясы 
тарихымыздың 
кӛмескі 
беттерін айқынырақ суреттеп, ӛткен ӛмірдің даңқты да, қасіретті 
де белестерімен таныстырады, тарихтың опық жегізген ӛкінішті 
құбылыстары мен ілгерішіл нұрлы дәстүрлері туралы мағлұмат 
береді. Яғни тарихи романдардың халықтық белгісін білдіретін 
салттық, ғұрыптық фольклор шығарманың мазмұндылығын, 
айшықтылығын одан әрі дамыта түседі. Бұл туралы академик 
Р.Бердібай ӛзінің «Фольклортану пәніне мән берсек» деген 
зерттеуіне: «Салттық поэзияны халықтың ежелгі наным-сенім 
ғұрыптарымен байланыстыра зерттегенде ғана оның түп 
негіздері ашылмақ. Фольклор шығармаларында байырғы 
анимизм, тотемизм, антропоморфизм, фетишизм, магия 
қаншалықты, қалай қабысып жатқанын аңғармай, кӛне жанрлар 
табиғатын сенімді ашу мүмкін емес... Ауыз әдебиеті 
жанрларындағы салт пен ғұрыпқа қатысты ақындарды 
этнографиялық мәнбелер (источник) кӛмегімен ғана айқындауға 
болатыны кәміл», – дейді. Фольклор үлгілерінің барлығы дерлік 
трилогияда кездеседі, мұның арасында мақал-мәтелдер, қанатты 
сӛздер, бата сӛздер, шежірелер, айтыс үлгілері, жырлар, 
шешендік толғаулар бар. 
Халқымыздың ерекше қастерлейтін рухани мұраларының 
бірі шежіре. Халық тарихының ажырамас бір бӛлігі болып 
табылатын шежірелер туралы Ш.Уәлиханов: «Қазақ шежіресі 
бұрыннан келе жатқан дәстүрден ауытқымайды, олар шығу 
тегін таратқанда ортақ бір кіндіктен тарайтындығын қатты 
діттейді», – деп кӛрсетеді («Таңдамалы»,108-б.). Қазақ 
халқының шежіресі негізінен ауызекі түрде тарап отырған, оны 
орақ ауыз шешендер, құйма құлақ шежірешілер немесе 
жыраулар жырлап, жекелеген ру, тайпаның беделді батыр, 
билерінің ерлік дәстүрлерін ӛнеге ретінде ӛлеңмен де 
ӛрнектеген.
«Алмас қылыш» романында кӛптеген хикаят, шежірелер 
келтірілген. Жазушы Қазақ тарихының белді-белді үш кезеңін, 
жеке хандық, яки тәуелсіз мемлекет дәрежесіне жетуі, Ақтабан 
шұбырынды, Алқакӛл сұлама атты отан соғысы, Кенесары хан 
бастаған ұлт-азаттық кӛтерілісі оқиғаларын суреттегенде 
нақтылы күнтізбелік деректерге, шежірелерге сүйенеді. Бұдан 


146 
басқа халық эпосының тарихи шындыққа жақын беттері, ақын-
жыраулар ӛлеңдері, Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и 
Рашиди» мен Рашид ад-Диннің, Джувейннің, т.б. еңбектері 
«Орыс шежірелерінің толық жинағы», екі жүзден аса дерек 
пайдаланылған. Шежірелер легі Қазтуған мен Қотан айтысында 
молынан кездеседі. 
Қазтуған жырау: 
«Алаң да алаң, алаң бар,
Бата алмай жау алаңдар. 
Сақтан шыққан Кей сақ бар, 
Кейсақ-Қайсақ, Қыпсақ-Қыпшақ боп 
Он екі атаға таралар, – деп Мұхамет пайғамбар тумастан 
мың жыл бұрын, Ескендір Зұлқарнайынды Жиделібайсынның 
жеріне кіргізбей тоқтатқан Сақ елінің патшаларын фарсы жұрты 
кей деп атап, одан патшаның таңдаулы әскерін кейсақ деп, одан 
Қыпсақ туып, Қыпсақтың Қыпшаққа айналғанын бір толғап 
ӛтті. 
Қотан жырау: 
Жусанды деме қараған, 
Жұлдызды жарық ай деме, 
Қытайдан шығып тараған, 
Хундуға қарсы қол шықса, 
Жорықта болған маймене, 
А-лунь – Арғын руы, 
Қыпшақпен қатар жаралған, – деп кӛне заманда Солтүстік 
Қытайдан батысқа қарай Хундулар аттанғанда Арғындар түркі 
тұқымдас елдермен бірігіп бас кӛтергенін, ақыры Этиль күшіне 
шыдай алмай, сонау Ертістен әрі Жоңғар тауына қарай кӛшіп, 
Хундулар ӛтіп кеткеннен кейін, Жетісуға келгенін асқақтата 
жыр етіп ӛтті. Әрі қарай Қыпшақтың, Арғынның ерліктері мен 
жеңілістері жырланады.
Ал «Қаһар» романында «Шыңғыс шежіресінен» алынған 
біраз қиссалар келтірілген. Мұнда Абылайдың немересі, Қасым 
тӛренің ортаншы ұлы Кенесары туралы, оның ата-бабасы, 
олардың ерліктері туралы жырланған: «Нысанбай ақын, ақ 
киізге молдас құрып отырып алып, Қасым тӛренің алдында 
Шыңғыс шежіресінің біраз жерін қисса етіп айтып берген. Ол 


147 
монғолдармен іргелес Керӛлең, Онан ӛзендерінің бойында 
кӛшіп жүрген Керей руының қалайша Шыңғысханның алғашқы 
жемі болғанын күңірене жыр етті... Енді Нысанбай жырау 
қарағайлы кәрі домбырасын екіпендете ұрып, Шағатай мен 
Жошы ұрпақтары неше жүз жыл бойы осы ұшы-қиыры жоқ кең 
даланы билегенін мақтан етті. Осыдан соң Нысанбай жырау әр 
жүздің әйгілі хандары Әбілмәмбет, Барақ, Нұралыларға қысқа-
қысқа сӛз тастап, үш жүздің басын қосу жолында күрескен, 
кейін Абылай деген атпен хан болған Әбілмансұрға тоқталған. 
Дауысы қарлығып болдыруға айналған Нысанбай тек ел 
жатарда ғана Абылайдың қарақалпақ әйелінен туған Уәлидің 
Ресейге қолшоқпар болып кеткенін, қалмақ қатынынан туған 
Қасым тӛренің әке жолын қуып, қазақтың басын қосамын деп 
бәйек болып жүргенін мадақтай келіп, кенет оқшау отырған 
Кенесарыға қарай: 
Абылай жолы ауыр жол: 
Батыр Кене, біліп қой, 
Абылайдай берік бол, 
Алам десең абырой, – деп ұзақ жырын бітірген. 
Шежірелерде белгілі жүз, тайпа, бұдан тараған аталар 
таратылып айтылумен қабат, осы аталардың заманындағы 
халықтың тұрмыс-тіршілігі, ірі-ірі тарихи оқиғалар, елдің бір 
жерден екінші жерге қоныс аударуы, бір ел мен екінші елдің 
арасындағы қарым-қатынастар, сол заманғы тарихи адамдар, 
хандар, батырлар, билер, шешендер, ақын-жыраулар және 
олардың ел есінде қаларлық істері мен сӛздері жайында құнды 
да құнарлы деректер сақталып отырды.
Трилогияда сол кездегі халық тіршілігі, тұрмыс қалпы,
кӛшпенді жұрттың этикасы мен эстетикасы, мінез-құлқы,
ӛнері түгел қамтылған. Ерлігімен, адал, момындығымен,
даналығымен, жыраулығымен ел есінде қалғандар да, 
зұлымдығымен, қорқау арамдығымен, опасыз оңбағандығымен
халық 
қарғысын 
арқалағандар 
да 
кездеседі. 
Бұл
айтылғандардың бәрін де автор фольклор мұралары арқылы
жеткізе білген. Мәселен, Ақтабан шұбырынды заманындағы 
халықтың шерлі жүректен шыққан мұң-наласын автор
былайша жеткізген: «Сонымен Бӛгенбай қолындағы аз 


148 
әскермен, бір тӛбенің бауырында, ӛзінен әлдеқайда кӛп
жауының жолын тосып жатты. Кӛп кешікпей-ақ алыстан
талмаусырап бір қайғылы үн естілді. Жауынгерлер тына
қалды. Кӛп дауыс қосылып бір зарлы ән айтып келеді: 
Қаратаудың басынан кӛш келеді 
Кӛшкен сайын бір тайлақ бос келеді. 
Ән жоқтау тәрізді. Шерлі жүректен шыққан ащы
запырандай. Бүкіл халықтың қайғысы осы бір ӛкси
айтылатын ӛлеңге сыйып кеткендей, адамның жүрегін
тырнап әкетіп барады».
Тарихи романға тән тағы бір ерекшелік – тарихи ӛлеңдер 
мен жырлардың қолданылуы. Тарихи ӛлеңдер – белгілі оқиғалар 
негізіне құрылған кӛлемді жырлар. Бұл санатқа трилогиядағы 
Қотан жыраудың баласы Ақжол би ӛлгенде айтқан жоқтауы, 
«Ақтабан шұбырынды, алқакӛл сұламадан» кейінгі қаралы 
халық жағдайын бейнелейтін «Қаратаудың басынан кӛш 
келеді», «Елім-ай» ӛлеңдері жатады. Бұл ретте А.Байтұрсынов 
ӛзінің «Әдебиет танытқышында»: «Тарихи жыр деп тарихта бар 
мағлұм оқиғалар турасында ӛлеңмен шығарылған сӛздер 
айтылады. Қазақта ӛз тілінде жазылған тарих болмағанымен 
қазақта болған оқиғалар, қазақтан шыққан адамдар турасында 
басқа жұрттың тарихында жазылған мағлұматтар бар. Халықтың 
ӛзінің есінен кетпеген, қазақ басынан кешірген оқиғалары толып 
жатыр. Солар туралы ӛлең етіп шығарылған сӛздер болса, солар 
тарихи жыр болады», – деп сипаттама береді. Тарихи ӛлеңдер 
тарихи жырлардың қалыптасуына ықпал етеді, «Қазақ тарихи 
жырларының мәселелеріндегі» академик С.Қасқабасовтың 
пікірінше, «тарихи ӛлеңдер қоғам дамуының әр кезеңінде туып 
отыратын оперативті жанр және ӛте ескі жанрлардың бірі». 
Тарихи ӛлеңдердің тарихи шындықты бейнелеуде атқаратын 
қызметі зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет