М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет24/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78
 
№6 практикалық сабақ


181 
Тақырыбы.  Тарихи романның жанрлық түрлері 
Жоспары:
1. Тарихи романдағы «готикалық» проблемасы 
2. Тарихи роман инварианты 
3. Тарихи романдардың жанрлық ерекшеліктері 
4. Тарихи роман жанрының жинақтаушылық сипаты 
5. Оқу және талдау: Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры», «Үркер», 
«Елең-алаң» 
Әдістемелік нҧсқау. Бұл сабақ топтық жұмыс түрінде 
ӛткізіледі. Сабақта студентке тӛмендегі жұмыстарды орындау 
ұсынылады. 
Бақылау сҧрақтарына жауап беру:
1. 
Тәуелсіздік кезеңіндегі тарихи романдардың 
ерекшелігі неде? 
2. 
Тарихи романдардағы ел бірлігі идеясы мен 
«Мәңгілік ел» идеясының үндестігі. 
Глоссариймен танысу:
Кӛркемдік ойлау – ӛнер туындысын жарататын және 
одан эстетикалық нәр алып қабылдайтын ақыл-ой қызметінің 
ерекше бір түрі. Мұның ғылыми-теориялық ойлау жүйесінен 
ӛзгешелігі бар. Кӛркемдік ойлаудың табиғаты мен мәні – 
дүниені кӛркемдік тұрғыдан игерудегі рухани қабілет 
екендігімен анықталады. Образдық-сезімділік тұрғыдан әлемді 
тану, адам болмысына үңілу, тіршілік-тұрмыс мәнін бағалау
кӛңіл-күй құбылыстары және қиял еркімен жүзеге асатын 
суретті, бейнелі ұғымдар синтезі кӛркемдік ойлаудың 
ерекшелігі болып табылады. Кӛркем сананың эмоциялық 
белсенділігі, эстетикалық сезімнің кемелдігі, сергектігі, тез, 
шапшаң шабыттану, болжағыштық, тұтанғыштық қасиеттер 
кӛркемдік ойлаудың тегеурін-қуатын танытады. Эстетикалық 
талғам, қиыннан қиыстыру, метафоралық толғам-кӛркемдік 
ойлаудан туындайды. Ал осының негізінде идея, концепция 
жасалады. 
Кӛркемдік қиял – кӛркемдік ойлау ерекшелігі, 
суреткердің дүниеде, ӛмірде болатын, болуы мүмкін нәрселерді, 
жай-жағдайларды қиял арқылы елестету қабілеті, бейнелеп 
кӛрсету тәсілі. Кӛркемдік қиял шындық пен шарттылықтың 


182 
бірлестік-тұтастығына негізделеді. Кӛркемӛнерде тақырып 
таңдау, оның тереңіне бойлау, ӛмір құбылыстарының ішкі 
қабаттарына барлау жасау, солардың әлеум.-эстетикалық мәнін 
ұғыну, сан алуан кейіпкердің бейнесін, жан дүниесін, жүріс-
тұрысын суреттеу кӛркемдік қиялға байланысты. Бұл жерде 
ескертетін жай – кӛркем әдебиетте шындыққа сай келетін ӛмір 
кӛрінісі де, сондай армандау, қиялға берілу арқылы жасалатын 
әдемі елес түріндегі болжам негізіндегі шығармалар болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет