М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет26/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78
Ӛмірбаяндық жанр – жазушы ӛз түсындағы қоғам жайын 
ӛз кӛрген-білгенімен ұштастыра, тарихи тұрғыдан баяндайтын, 
деректі кӛркем шығарма. Сондықтан, мұндай шығарма жазатын 
автордың ӛмірлік тәжірибесі сӛз етуге тұрарлық, басқаға да үлгі-
ӛнеге боларлық дәрежеге сай келуі керек. Кӛптеген ақын-
жазушылар кезінде Ӛмірбаяндық жанрға қалам тартқан. Онда 
автордың тек ӛмірбаяны ғана қамтылып кана қоймай, ішкі жан 
дүниесі, ой-сезімі, арман-мүддесі, айнала ортадағы адамдармен 
қарым-қатынасы, тіпті, ӛз басы нені идеал тұтқаны арқау 
болады. Сондай-ақ, жеке тұрмыстық жайлар ғана емес
автордың ӛзі ӛмір сүрген қоғамға қатынасы туралы айтылып, 


184 
түрлі әлеуметтік жайлар мен оған деген кӛзқарас білініп 
отырады. Жазушының басынан ӛткен елеулі деген оқиғалар 
қамтылады. Ӛзі кӛріп-білген, кӛңілге түйген жайлар, саясат 
және қоғамдық күрес ахуалы тілге тиек етіледі. Автор ӛзін үнемі 
жақсы жағынан кӛрсетумен шектеліп қоймай, кейде жаза 
басқан, қателескен, қиындыққа тап келген сәттерін де бейнелеуі 
орынды. Бір сӛзбен айтқанда, автордың ӛз түлғасы келелі оқиға-
лармен ұштасып, тар кӛлемде қалмауының мәні зор. Сондықтан 
кез келген автор Ӛмірбаяндық жанрда шығарма жазуға ұмтыла 
бермейді. Осы ретте В.Г.Белинскийдің  шығармаға  тар  ӛмірба-
яндық мағынада емес, адамзаттың, қоғамның, уақыттың үлкен 
ӛкілі де бола білу керек деген түжырымды пікірінде терең 
мағына бар. Ӛмірбаяндық жанрдағы шығармаларға жататын 
үздік туындылар ретінде М.Горькийдің "Менің университет-
терім", С.Сейфуллиннің "Tap 
жол, 
тайғақ 
ке-
шу", С.Мұқановтың "Ӛмір мектебі" аталуға лайық. 
Ҧсынылатын әдебиет тізімі: 
1. 
Алпысбаев Қ. Тарихи шығарма: таным мен 
кӛркемдік. – Алматы, 1999. – 346 б. 
2. 
Балтымова М.Р. Қазақ әдебиетіндегі тарихи 
проза: Оқу құралы. – Ақтӛбе, 2016. – 200 бет. 
3. 
Бердібай Р. Тарихи роман. Оқу құралы. – 
Алматы: «Санат», 1997. – 336 б. 
4. 
Сыдықов Т.С. Қазақ тарихи романы. – Алматы: 
Ер-Дәулет, 1996. – 252 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет