Мазм ұ н ы кіріспе


Ноғайлардың этникалық ықпалы



бет19/20
Дата02.12.2023
өлшемі314,5 Kb.
#132756
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Ноғайлардың этникалық ықпалы олардың өзге этностардың қалыптасуына тікелей және жанама үлес қосуымен ерекшеленеді. Ауызша шежіремен бірге қарақалпақ эпостары да ноғайлардың туыстығын айғақтайды.
ХҮІ ғ. ауа көшулердің барысында қазақ құрамындағы ноғай компоненті нығая түсті. Ол әсіресе, ХХ ғ. дейін Қоңырат тайпасының арасында ноғай және маңғытай рулары атауының сақталуы түрімен де көрінеді. Ал Кіші жүз территориясы тұтастай Ноғай Ордасының иелігін қамтуының өзі де екі халықтың тұтастану деңгейін танытады.
Мәдени ықпал ретінде ноғайлардың көрші елдерге материалдық және рухани тұрғыдағы ықпал әсерін қарастыратын болсақ, онда ХҮІ ғ. бастап көшпеліліктің біртіндеп отырықшылыққа ұласу процесін басшылыққа алуымыз керек. Ноғайлар өзге көшпелі хандықтарға қарағанда отырықшылыққа алғашқы болып тартылды, соған сәйкес шаруашылық жүргізумен бірге отырықшы өркениеттің үрдістері де өзге халықтарға ноғайлар арқылы тарады. Ресейдің атты әскері негізінен ноғай жылқысынан жасақталды [44, 110]. Ал оның қару-жарағы да ноғай қару-жарағын үлгіге алды [12, 40].
Ноғайлық дәстүрлер көрші елдерге кең тарағандығын ноғай пеші, ноғай қамшы (нагайка), ноғай күресі, ноғай тоны деген атаулардың көп кездесуі де аңғартады.
Малдың күтіміне байланысты Ставрополь тұқымды сиырлардың, Дағыстандағы ноғай қашырларының өсірілуі де көп жайды аңғартса керек.
Өзге елдерге миграция барысында ноғайлар рухани мәдениет дәстүрлерін де таратты. Османлылар Дешті-Қыпшақ тілін ноғай тілі деп атады, қалмақтар Ресеймен жазба қатынастарын ноғай тілінде жүргізді. Еуразиялық түркі халықтарында ноғай, татар, башқұрт, қазақ, қарақалпақтарға ортақ батырлық дастандар циклы қалыптасты, ол Қырымның қырық батыры немесе Ноғайлы жырлары деп аталды. Ноғайлардың негізін қалаушы Едіге тұлғасы да осы халықтардың қасиетті тұлғаларының біріне айналды.
Қорыта айтқанда, тарихи және этнографиялық материалдар соңғы бес ғасырда ноғай халқы еуразиялық өркениетке елеулі үлес қосқандығын айғақтайды. Демек, Ноғай Ордасының тарихы – адамзат тарихының құрамды бөлігі ретінде дербес қарастыруға әбден лайық тарих.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет