1.1 Күрделі етістіктің өзіндік сипаты
Күрделі етістіктер-тілдің сөзжасам құбылысына жататын белгілі сөзжасамдық үлгі арқылы жасалып, күрделі қимылды білдіретін лексикалық бірліктер. Олардың жасалуы мен беретін мағынасы тіл беліміндегі жалпы күрделі сөз атауларының теориялық негізіне сай келеді. Күрделі етістіктердің жасалуы тілдегі туынды сөздердің жасалу заңдылықтарымен ұштасып жатады, теориялық тұрғыдан да сөзжасамның қасиеттері күрделі етістіктіктерден аңғарылады.
Күрделі етістіктің өзіндік ерекшеліктері, нақтылы жасалу үлгісі, белгілері бар.
Соңғы кезге дейін күрделі етістік құрамында аналитикалық формалы етістіктер де (келе сал, айта бер, өте бер, келе бер, жүріп отыр, келе жатыр), фразалық тіркестер де (жүрек жұтқан, көз ілмеу, құлақ аспау, көні кепті, қарны ашты, ойға салды, іші қимады), құранды етістіктер де қызмет ет, риза қыл, жәрдем қыл, ғашық бол, көмек ет, сәлем айт т.б), кейде еркін сөз тіркестері де (күле қарау, жантайып жату, асыға кіру, күлімсірей кіру, ашулана шықты т.б) аталып келді.
Қазақ тілі білімінде бұларды бір-бірінен ажырата қарау Н. Оралбаеваның еңбектерінен басталады.
Күрделі етістік пен аналитикалық формасы тілдің жалпы саласына жатады. Бірі – сөзжасам нысанасы, екіншісі- морфология нысанасы. Сондықтан тіл білімінің қазіргі жетістігі бойынша бұрын күрделі етістік саналып жүрген сөздердің тобынан сөздердің аналитикалық формалы етістіктің бөлініп шығуы күрделі өзіндік лингвистикалық табиғатын ашып, оның жолдарын көрсетіп өзіндік белгілерін анықтауға әкелді. Күрделі етістікте екі сөздің тіркесуінен жасалады. Бір лексикалық мағынаны білдіреді. Екеуі қосылып жаңа сапалы туынды күрделі етістікке айналды.
Күрделі етістіктер қазақ тілінің бай лексикалық қабаттарының бірі. Көне жазба ескерткіштерінде күрделі етістіктің бірен-саран кездесетіні де байқалады: Бұны көру білің. Ofyr gafannin ati mur tar acidf ketti dakir ketti. Он оқығлыңа татыңа тегі буны көру білің. Tabrarda adyryl ty қаңлақтау.
Келтірілген мысалдардан күрделі етістіктіктерді жасаушы тірек сыңарлар көне түркі тілінде аз да болса күрделі етістік жасаушы элемент ретінде қолданыла бастағаны байқалады. Қазақ ауыз әдебиетінің: эпос, қисса-дастандар, шешендік сөздер, т.б жанрларында мынадай күрделі етістіктер: алып келген, еріп келді, қайтып келді, жауап қойған, қашып барды, барып кірді, кетіп барады, сұрап келді, ертіп апарды, кіріп келді, алып көрді, іздеп келді, сұрай жетті, әкеп берді, жиылып келді, келіп түсті, ерте барып, алып берді, сатып алса, жиып келдім, жылап келді, қағып кетті, естіп біл, алып қал, ілесіп барсын, жасап бер, тығып қой, арып сәл, ашып көр, ұрлап ал кездеседі.
Мысалы : Атамыз киік аулап кеткен екен,
Анамыздың мезгілі жеткен екен (Ғашықнама)
Қайт дегенге шытынып кете бермей,
Өлеңіңнің түбіне бір барып қайт (Айтыс)
Келе-келе кет, жөнел, қайт сияқты етістіктер тілімізде етістік жасаудағы белсенді сыңарға айналған. Мысалы: Бір-екі рет Ұлпаннан да бәйге алып кетті. Бір-екі рет Біжікен де бәйгесін шешесіне әкеліп берді (Мүсірепов).
Күрделі етістіктің пайда болуы кездейсоқ құбылыс емес. Олар сөзжасамдық заңдылықтарға негізделу нәтижесінде түзілген тұлғалар. Күрделі етістіктер құрамындағы жеке сөздер сөйлемге дербес мүше болу қасиетінен айрылып, сыңарлары жеке-жеке емес бір екпін мен айтылып лексикалану үрдісінен өту нәтижесінде пайда болған.
Сөз таптарының ішінде етістіктің алатын орны ерекше. Оның қолдану аясы кең әрі мағыналық қорлары өте мол, көне замандардан келе жатқан тілдік құбылыс. Мысалы, алып кет, беріп кет, кіріп шық, қашып шық т.б деген күрделі етістіктер семантикалық жағынан күрделі қимылды білдіреді.
Күрделі етістіктің сөзжасамдық құбылыс болуы оның тілдегі күрделі сөз атауының жасалу заңдылығына сәйкес болуына байланысты. Осы тұрғыдан алғанда күрделі сөздердің жасалуына ортақ заңдылық күрделі етістікке де ортақ.
Күрделі етістіктерді сыңарлары лексикалық мағына беру үшін ббір-бірімен тіркеседі, екі сыңары да лексикалық мағынаның жасалуына өз үлесін қосады. Мысалы: алып бар, кіріп шық, алып кел, бара кел, көре кел, алып қайт, беріп қайт, алып қал, алып көр сияқты күрделі етістіктерді талдап көрейік.
Осылардың құрамындағы сыңарлардың ешқайсысын қандай да болмасын грамматикалық мағына беру қызметін атқарып тұр деп дәлелдеуге келмейді. Бұл күрделі етістіктіктердің сыңарлары лексикалық мағына жасаушы- сөзжасамдық тұлға қызметін атқарып тұр. Осы күрделі етістіктің ішінде алып бар етісігін талдайық. Алып бар деген күрделі етістіктің лексикалық мағынасы алудың да, барудың да мағынасын қамтитын бір тұтас күрделі қимылдың аты. Оның мағынасы жеке алғандағы алу қимылына да, бару қимылына да, тең емес, олардың әрқайсысынан кең мағына.
Достарыңызбен бөлісу: |