Мазмұны Кіріспе Көшпенділер Қазақтың Қасым, Хақназар хандары Тарих-и-Рашиди Қазақ Хандығының құрылу тарихы "Қазақтың ханы Абылай" Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі Кіріспе



бет2/4
Дата12.04.2023
өлшемі32,96 Kb.
#81847
1   2   3   4
"Көшпенділер"
Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" атты алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы бүгінгі күні Қазақ Хандығына қатысты деректері мол көркем шығармалардың көшін бастайды. Бұл шығарма - қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі, партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Трилогия "Алмас қылыш", "Жанталас", "Қаһар" деген бөлімдерден тұрады.
Көшпенділер трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни, XV-XIX ғасыр аралығындағы Қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі.
1. Алмас қылыш романында ХV–ХVІ ғасырларда Қазақ Хандығының құрылуы, Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясы суреттеледі.
2. Жанталас романында ХVІІ –ХVІІІ ғасырлардағы Қазақстанның шетел басқыншыларымен күресі және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі сипатталады. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы, Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңілістері туралы жазылған.
3.Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері және Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік, даналық істері баяндалады. Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері суреттеледі.
Шығарма кейіпкерлері – негізінен, тарихи тұлғалар, Шыңғысхан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы – ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар. Бұлар – ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар.
1. Алмас қылыш романында - Әбілқайыр хан, Жәнібек хан, Керей хан

2. Жанталас романында - Қасым хан, Хақназар хан, Абылай хан, Бұқар жырау


3. Қаһар романында - Асан қайғы, Қазтуған, Кенесары хан, Ағыбай батыр сияқты тарихи, аты аңызға айналған тұлғалар басты кейіпкерлер ретінде суреттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет