МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев


қайтадан кеңес құру және «салатул-



Pdf көрінісі
бет27/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   155
қайтадан кеңес құру және «салатул-
хауф» (қатер намазы)
Келіп жеткен хабарлар жаңаша бір дағдарыстың 
хабаршысындай еді. Сахабаларына әуелі жол бағытын 
өзгертуді бұйырды. Сөйтіп, Аллаһқа мадақ атып, 
лайықты түрде оған тағзым еткеннен кейін көпшілікке 
былай деді:
– Уа, мұсылмандар! Өз пікірлеріңді ортаға салып 
маған кеңес беріңдер. Не айтасыңдар? Құрайыш 
Ахабиш тайпаларының аузын майлап, Бәйтуллаһты 
тауап жасауымызға бөгет жасамақ. Бұл жағдайда 
не істейміз? Бәйтуллаһқа төтесінен тартып, бізбен 
қақтығысқа 
дайын 
отырғандармен 
соғысуды 
қалайсыңдар ма? Әлде, соларға болысып жүрген 
айналадағы тайпалардың сазайын берейік пе? Мұндай 
жағдайда ол тайпалар біздермен жағаласуға уақыт та 
таппай қалатын болады. Әлі-ақ Аллаһ оларды масқара 
етіп, сазайын береді. 
Хазірет Әбу Бәкір (р.а.): 
– Ең дұрысын Аллаһ пен расулы білсе керек! 
Алайда біз бұл жерге соғысу ниетімен келмедік. Кіммен 
болса да соғысу ойымызда жоқ. Сондықтан, біз өз жо-
лымызбен жүрейік. Біздің Бәйтуллаһты тауап етуімізге 
бөгет жасайтындар шықса, солармен ғана соғысамыз, 
– деп, өз пікірін ортаға салды. 
Усайд ибн Худайр да осыған ұқсас пікір айтты. 
Көпшілігінің ойы да, ниеті де бір жерден шығып жатты. 
Бәрі де хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) ойын құптайтынын 
білдіріп жатты. Осы тұста Миқдад ибн Әсуәд суыры-
лып алға шығып:
– Уа, Расулаллаһ! Аллаһтың атымен ант етейік, 
біздер Исраилұлдарының хазірет Мұсаға (а.с.) 
айтқанындай саған: «Сен және Раббың барыңдар да 


67
Ұмра сапары және Хұдайбия
өздерің соғысыңдар. Біз осы жерде отыра тұрамыз» 
демейміз. Керісінше, біз: «Бізді Раббыңның және 
өзіңнің қалауыңа қарай алға баста! Біз сенімен бірге 
соғысуға дайынбыз» деп айтамыз, – деп ағынан жа-
рылды.
Сахабалардың бойынан жалындаған жігерді 
байқаған Аллаһ расулы: 
– Ендеше, Аллаһтың атымен жолымызды 
жалғастырамыз, – деп бұйырды. Бәрі қайтадан жолға 
түсті. Усфан мен Дәжнан арасындағы Ғамим деген 
жазыққа жеткенде сол жерде ат суытып, түнеді. 
Мүшріктер жағындағы Халид ибн Уәлид жолды 
шаңдатуынан мұсылмандардың қай тұста екендігін 
ұғып, меккеліктерге хабар жіберді. Сөйтіп өздері де 
тегіс атқа қонып, Ғамим деген жерге келді. Мүміндер 
мен құбыланың арасында тұрып, Аллаһ елшісі мен са-
хабаларын алыстан бақылаумен болды. 
Бұл жағдайлардан хабардар Аллаһ расулы 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
әуелі сахабаларды бөліктерге бөліп, сапқа 
тұрғызды. Аббад ибн Бишрге атты әскермен сақадай 
сай дайын тұруын бұйырды. Өйткені, енді кез-келген 
заматта күтпеген жайттар орын алуы мүмкін еді. 
Екі жақ та демдерін іштеріне тартып, қас-
қабақпен аңдысу басталды. Бәрі соғысқа әзір тұрса 
да, ешбір жақ шабуылға шықпады. Осы тұста бесін 
намазының уақыты кірді. Жаратушының сүйіктісі 
Аллаһ расулы хазірет Біләлға үн қатып, азан оқуын 
бұйырды. Ғамимда тек хазірет Біләлдің азан айтқан 
дауысы ғана жаңғырып жатты. Азан оқылу барысын-
да пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
құбылаға бетін 
бұрып, намазға тұрды. Сахабалар да сап түзеп намазға 
тұра бастады. Осылайша, дереу намаздарын бітіріп, 
барлығы өздерінің тиісті жасақ құрамаларына қайта 


68
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
оралды. Осының барлығын көріп, тамашалап тұрған 
Халид ибн Уәлид өкініп:
– Шабуылды бастап, шаруаларын бітіретін сәтті 
жіберіп алдық. Жарайды, олар үшін намаз – бала-
шағаларынан және өз жандарынан да артық санала-
ды. Тағы да бір оңтайлы сәті түсері күмәнсіз. Келесі 
бір намаз уақытында шабуылды бастап, қапыда 
қалдырамын, – деп байлам жасады. Ойы екінді 
намазының уақытында шабуылға бастап, барлығын 
қылышпен жайратып салу болатын. 
Алайда Халидтің ойлағаны болмады. Өйткені, осы 
аралықта Жәбірейіл-Әмин келіп, Аллаһ расулына жаңа 
үкімдер жеткізді. Жаңа келген аятта Аллаһ тағала: 
«(Ей, Мұхаммед!) Сен (соғыста) мүміндер арасында 
болып, олармен бірге намаз оқымақ болған кезіңде, 
олардың бір бөлігі сенімен бірге намазға тұрсын, 
қару-жарақтарын жанынан тастамасын. Сәжде жасап 
болғаннан кейін, олар сендердің арттарыңа барып 
тұрсын (күзетсін), намаз оқымаған екінші бір топ адам 
қару-жарағын ала келіп, сақтықты күшейте сенімен 
бірге намазға тұрсын. Кәпірлер сендердің қару-жарақ, 
керекті бұйымдарыңның жоқтығын пайдаланып
оқыстан тап беруді ойлайды. Егер жаңбыр әуресімен 
немесе ауру себебімен қаруларыңды қойып қойсаңдар 
оқасы жоқ. Сонда да сақ болыңдар. Күдіксіз Аллаһ 
кәпірлер үшін күйзелтуші және опық жегізетін бір 
азап дайындады. 
Намазды өтеп болған кездеріңде Аллаһты түрегеп 
те, отырып та, жамбастап жатып та еске алыңдар. 
Бейбіт кездеріңде намаздарыңды толық өтеңдер. Намаз 
мүміндерге сөзсіз белгілі уақыттарда өтелетін парыз. 
Жауды өкшелей қууда босаңсымаңдар. Сендер 
қиналсаңдар, жау да сендер сияқты қиналады. Бірақ 


69
Ұмра сапары және Хұдайбия
олар үміт етпеген нәрсені (шәһиттікті, сауапты, 
жеңісті) сендер үміт етесіңдер. Аллаһ бәрін білетін 
хикмет иесі»
22
– деп бұйырды.
Әрбір оқиға жаңа бір үкімнің түсуіне себеп болуда 
еді. Мұсылмандар үнемі Аллаһтың қамқорлығында 
болатын. Хақ тағала оларды сәт сайын ізгілікке қарай 
бағыттап отырды. Халид ибн Уәлид күтпеген жерден 
шабуылдаймын деп екінті намазы уақытын тосу-
мен болды. Алайда, Аллаһ тағала мүміндерге қатерді 
алдын-ала ескертіп, қалай әрекет ету керектігін де 
білдірген болатын. 
Екінді намазының уақыты кіріп азан оқыла 
бастағанда шабуылға дайындала бастаған Халид ибн 
Уәлид сахабалардың бір бөлігінің Аллаһ расулының ар-
тында ұйып, намазға тұрып, бір бөлігінің сапқа тұрмай 
қарауылдап тұрғанын көріп, аң-таң болды. Өйткені, 
жаңа ғана түскен аятта айтылған үкім дереу жүзеге 
асырыла бастаған еді. Сүйікті пайғамбарымыз 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
сахабаларымен бірге қатер жағдайындағы 
намазды оқып жатты. Осы жағдайға қарай сахабаларды 
екіге бөлді. Әрбір рәкатты сахабалардың бір бөлігімен 
оқып, бір рәкаттық уақыт болса да қарауылда күтіп 
тұрған келесі бір топ сахаба майданда болудың шарт-
тарын орындаған болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет