Микрокомпоненттерді анықтау үшін сынама алу ережелері


Судың перманганатпен тотығу қабілетін анықтау



бет3/15
Дата02.12.2022
өлшемі102,28 Kb.
#54418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Судың перманганатпен тотығу қабілетін анықтау
Судың перманганатпен тотығу қабiлеті
Əдістің принципі.
Əдіс судың құрамындағы заттардың күкірт қышқылдық ортада калий перманганатымен тотығуына жəне іле-шала калий иодидінің қосылуына негізделген; бөлінген йодты (оның мөлшері реакцияға түспеген калий перманганатының мөлшеріне эквивалентті) натрий тиосульфатымен титрлейді. Тотығу процесі өткеннен кейін қосылған калий перманганатының 40%-ы қалу керек (титрлеуге жұмсалған 0,01н натрий тиосульфатының
көлемі 6 мл.

4 лабораторная работа


Су сынамаларында «белсенді» хлорды анықтау
Жұмыс мақсаты.
Табиғи жəне құбырлық судағы «активті» хлорды анықтау.
Əдістің принципі.
Анықтау əдісі хлор мен калий иодидінің ерітіндісі арасындағы тотығу-тотықсыздану реакциясына жəне бос иодты натрий тиосульфатымен титрлеуге негізделген:

Жұмыс барысы
1. Зерттелуге арналған судан 900 мл 1 литрлік конустық құтыға құйып алып, оған 5 мл «мұзды» сірке қышқылын жəне 1 г калий иодидін қосады. Араластырып, иодтың қоңыр түсі жоғалғанға дейін 0,01 М натрий тиосульфатымен титрлейді.
Осыдан кейін 1мл крахмал ерітіндісін құйып, ерітіндідегі көгілдір түс жоғалғанға дейін титрлейді.
2. Дəл осындай титрлеуді таза дистилляцияланған хлоры жоқ судың 900 мл-де жүргізіп, соңында титрлеуде түзету жасау, яғни таза дистилляцияланған суға жұмсалған тиосульфаттың көлемін шегеріп тастау.
3. Хлордың мөлшерін есептеу:



Жұмысты тапсыру үшін:


Табиғи судағы «белсенді» хлордың мөлшерін есептеудің сонғы нəтижесі жəне табиғи жəне құбырдан алынған судағы нəтижелерді салыстыру.
Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:
а) «белсенді» хлор дегеніміз не? Суда ол қандай қосылыстар күйінде болады?
ə) хлорды анықтаудың алдында не себептен су сынамаларын (тіпті, консервациядан кейін де) сақтауға болмайды?

Жалпы кермектілікті анықтау


250 мл конус пішінді құтыға 50-100 мл зерттелетін су алып, 2-4 тамшы 0,1% метилоранж қосып, араластыра отырып, 0,05-0,1 н тұз қышқылы ерітіндісімен сары түстен əлсіз қызғылт түске дейін титрлейді.
Жалпы сілтілікті:

теңдеумен есептейді.
Мұнда:
V1 – титрлеуге кеткен тұз қышқылы ерітіндісінің көлемі, мл;
H1 – тұз қышқылының нормальдылығы;
V зерттелетін су көлемі, мл.

5 лабораторная работа






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет