Судың перманганатпентотығу қабілетін анықтау Судың перманганатпен тотығу қабiлеті
Əдістің принципі. Əдіс судың құрамындағы заттардың күкірт қышқылдық ортада калий перманганатымен тотығуына жəне іле-шала калий иодидінің қосылуына негізделген; бөлінген йодты (оның мөлшері реакцияға түспеген калий перманганатының мөлшеріне эквивалентті) натрий тиосульфатымен титрлейді. Тотығу процесі өткеннен кейін қосылған калий перманганатының 40%-ы қалу керек (титрлеуге жұмсалған 0,01н натрий тиосульфатының
көлемі 6 мл.
Су сынамаларында «белсенді» хлорды анықтау Жұмыс мақсаты. Табиғи жəне құбырлық судағы «активті» хлорды анықтау.
Əдістің принципі. Анықтау əдісі хлор мен калий иодидінің ерітіндісі арасындағы тотығу-тотықсыздану реакциясына жəне бос иодты натрий тиосульфатымен титрлеуге негізделген:
Жұмыс барысы
1. Зерттелуге арналған судан 900 мл 1 литрлік конустық құтыға құйып алып, оған 5 мл «мұзды» сірке қышқылын жəне 1 г калий иодидін қосады. Араластырып, иодтың қоңыр түсі жоғалғанға дейін 0,01 М натрий тиосульфатымен титрлейді.
Осыдан кейін 1мл крахмал ерітіндісін құйып, ерітіндідегі көгілдір түс жоғалғанға дейін титрлейді.
2. Дəл осындай титрлеуді таза дистилляцияланған хлоры жоқ судың 900 мл-де жүргізіп, соңында титрлеуде түзету жасау, яғни таза дистилляцияланған суға жұмсалған тиосульфаттың көлемін шегеріп тастау.
3. Хлордың мөлшерін есептеу:
Жұмысты тапсыру үшін:
Табиғи судағы «белсенді» хлордың мөлшерін есептеудің сонғы нəтижесі жəне табиғи жəне құбырдан алынған судағы нəтижелерді салыстыру.
Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:
а) «белсенді» хлор дегеніміз не? Суда ол қандай қосылыстар күйінде болады?
ə) хлорды анықтаудың алдында не себептен су сынамаларын (тіпті, консервациядан кейін де) сақтауға болмайды?
250 мл конус пішінді құтыға 50-100 мл зерттелетін су алып, 2-4 тамшы 0,1% метилоранж қосып, араластыра отырып, 0,05-0,1 н тұз қышқылы ерітіндісімен сары түстен əлсіз қызғылт түске дейін титрлейді.
Жалпы сілтілікті: