Монография «Елтаным баспасы»


«Қазақ  тілінің фразеологиялық сөздігі»



Pdf көрінісі
бет17/162
Дата21.12.2023
өлшемі13,68 Mb.
#141913
түріМонография
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   162
Байланысты:
httpswww.kaznu.kzcontentfilespagesfolder21141Verstka.pdf

«Қазақ 
тілінің фразеологиялық сөздігі»
. Автор сөздікке 11 мыңға жуық 
фразеологиялық тіркестерді енгізген. 
Əрине, бұл сөздікте қазақ тілінің барлық тұрақты тіркестері толық 
қамтылды деуге болмайды. Фразеологиялық тұтастық, бірлік, тізбек деп 
аталған түрлеріне мысалдар жинақталған. Қазақ фразеологиясы үшін 
бұл сөздік өте қажетті жəне күні бүгінге дейін сұранысықа ие құнды 
еңбек болды. 
Өткен ғасырдың 70-жылдарынан былай қарай қазақ фразеологиясының 
зерттелу барысында алдымен фразеологияны жеке лингвистикалық 
пəн ретінде анықтау үшін көптеген еңбектер жазылды. Осы кезде 
фразеологизмдердің тақырыптық-мағыналық топтары анықталды. 
(Ə.Қайдар, Р.Жайсақова). Қазақ фразеологиясының жалпы корпу-
сы анықталған соң, енді оның тілдік ерекшеліктерімен қоса, ұлттық 
мəдени аспектілеріндегі прагматикалық жақтары, фразеологизмдерді 
жасаған халықтың этнос ретінде тіл арқылы əлемді қалай таныды, өзін 


20
өзгелерге ұқсамайтындығын қандай салт, дəстүрмен көрсеткендігін тіл-
дегі қалыптасқан тұрақты тіркестер айтып бере алатындығын ғалымдар 
ұсынған этнолингвистика саласы да фразеологиямен қатар сөз етілді. Бұл 
ретте фразеологизмдердегі этнос мəдениеті, яғни этнолингвисткалық 
зерттеулер (Ə.Қайдар, М.М.Копыленко) қалыптаса бастады.
Ұлт тілінің өзіне ғана тəн поэтикалық ерекшелігі фразеологизмдердің 
жасалуына, қалыптасу кезеңі мен тұрақтылыққа жету кезеңіне игі əсерін 
тигізеді. Мəселен, параллель фразеологизмдер деп аталған (І.Кеңесбаев) 
«айрандай аптап, күбідей күптеп», «ұзын арқау, кең тұсау» т.б. «жа-
рыса жұп құрайтын» тіркестер тобы фразеологиялық қордың ішінде 
бір төбе. Ғылыми үрдіс бойынша мұндай тіркестер тілдік терминмен 
дəйектеліп, 
қос тағанды фразеологизмдер
деп ғылыми айналымға 
енгізілді. («Қос тағанды фразеологизмдердің тілдік жəне поэтикалық 
табиғаты» С.Сəтенова, 1997). Сөйтіп қазақ фразеологиясының тұлғалық 
ерекшеліктерінің тағы бір түрі айқындалды.
Қазақ ұлтының мəдени өмірінің ерекшеліктері ретінде фразеоло-
гизмдер менталдық бірліктер деп аталады. Өйткені ұлт мəдениетін 
танытудағы рөлі айырықша назар аудартып, ерекше бағаланады. Бұл 
ұлт тіршілігінен жəне ұлттың менталдық өрісінен хабардар ететін 
фразеологизмдердің мағыналас түрлерінен анық байқалады. Соған орай, 
фразеологизмдердің семантикалық категориялары талданып жаңа із-
деністермен толықтырылды. («Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-
мəдени аспектілері» (Г.Смағұлова, 1998).
Ал қазақ фразеологиясының семантикасы жəне тұрақты тіркес 
мағыналарының ішкі формасы туралы арнайы зерттеу монографиялық 
еңбекте қарастырылды. («Қазақ фразеологизмдерінің семантикасы». 
Р.Авакова, 2003). 
Сондай-ақ, тұрақты тіркестерді салыстырмалы жəне салғастырмалы-
типологиялық бағыттағы зерттеулер («Түркі фразеологиясы». А.Нұрма-
ханов, 1998., «Поэтикалық фразеологизмдердің этномəдени мазмұны». 
Қазақ жəне монғол тілдерінің материалдары бойынша. Г.Сағидолдақызы, 
2003. Салыстырмалы түркі фразеологиясы. Қ.Қалыбаева. 2009) жəне 
құрылымы жағынан сөз тіркестері (номинатив мəнде) мен сөйлемге (ком-
муникатив мəнде) ұқсас болып келетін фразеологизмдер арнайы бөліп 
қарастырылып, олардың тілдік жəне қолданыстық табиғаты талданған 
(А.Байтелиев. «Қазақ тіліндегі номинативтік жəне коммуникативтік 


21
фразеологизмдердің тілдік табиғаты мен контексте қолданысы» 2009) 
т.б. еңбектер қазақ фразеологиясының теориялық мəселелеріне өзіндік 
үлес қосқан ғылыми еңбектер болып саналады. 
Бұл ретте фразеология саласының көш басында тұрған акад.
І.Кеңесбаевтың еңбектерінен бастап, күні бүгінге дейін фразеологиялық 
зерттеулерді жеке-жеке сөз етсек, онда хронологиялық тəртіп бойынша 
анықтама да түзуге болады. 
Ең бастысы өткен ХХ ғасырдың екінші жартысы қазақ фразеоло-
гиясының тақырыптық жəне лексика-семантикалық ерекшеліктерінің 
сипатталуымен құнды. Бұл қазақ фразеологизмінің корпусын қалып-
тастыруға негіз болған ізденіс нəтижелері деп бағалаймыз. Сондай-ақ, 
бұл бағыт жалпы лингвистикалық зерттеулердің оның ішінде фразеоло-
гия да бар, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет