Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет10/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Төртінші деңгейдегі мақсат – оқушылардың алдыңғы игерген білім, 
білік, дағдыларын жинақтаумен қатар шартты белгілермен жұмыс 
жасаудың әдіс-тәсілдерін сауатты меңгеру және өз беттерінше жұмыс 
жасау барысында іскерлік дағдысы қалыптасады. 
Бесінші деңгей. Мақсат: бұл деңгейде оқушылар талдау арқылы 
аңғарымпаздыққа, мұқият тыңдауға, ойын әрі жалғасытырып кетуге 
машықтанады. Талдау үлгілері көбінесе ауызша орындалады, мұндағы іс-
әрекет көбінесе ойын түрінде жүргізіледі.
Алтыншы деңгей. Жат жазу. Мақсат: Оқушылардың сатылай 
кешенді талдау арқылы меңгерген білімдерін жатқа жаздыру. Сол арқылы 
әр 
оқушының 
теориялық 
материалды 
қаншалықты 
тиянақты 
меңгергендігін анықтау, орфографиялық, пунктуациялық сауаттылық 
деңгейінің қаншалықты артқандығына көз жеткізу.
Жетінші деңгей. Уақытқа талдау. Уақытқа талдаудың басты 
қағидалары – әр сөйлемді, сөзді, дыбысты сауатты талдау, анық, айқын 


айтуға дағдыландыру. Егер алдыңғы деңгейлерде жұмыс тиянақты, ширақ, 
жігерлі жүргізілетін болса, бұл деңгейдегі талдау өз нәтижесін береді. Тез, 
әрі қатесіз талдап үйренген бала уақытқа талдау кезеңін қызыға 
орындайды. Уақыт мерзімінен шығу мұғаліммен талдауды жүйелі, 
үздіксіз жүргізіп отыруды талап етеді.
Сегізінші деңгей. Компьютерлік талдау. Бүгінгі таңдағы мектеп 
оқушылары білімді нақты, қысқа, компьютермен алуды мақсат етеді. 
Сондықтан мұғалімдерге өмірдің ағымынан қалмай сабағын 
компьютермен оқытуды жолға қоюы тиіс. «ОСКО» технологиясымен білім 
алған әр оқушының компьютермен жұмыс жасау машықтығы 
қалыптасады. Компьютерді мақсатты түрде нағыз оқу құралына 
айналдырады. Мүмкіндігіне қарай екінші деңгейден бастап компьютерлік 
талдауды енгізе беруге болады. Бұл білім алушылардың ақпараттық 
құралдармен сауатты әрі жұмыс жасау машығын қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет