Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


«10- 12 » балл – «5» ( өте жақсы )  «7- 9» балл – «4» ( жақсы )  «6 - 1» балл – «3» ( қанағат )



Pdf көрінісі
бет132/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

 
«10- 12 » балл – «5» ( өте жақсы ) 
«7- 9» балл – «4» ( жақсы ) 
«6 - 1» балл – «3» ( қанағат ) 
 
 
 
14-сабақ. 
 
 Сабақтың тақырыбы : 11-ден 20-ға дейінгі сандарды құру, оқу, жазу 
және салыстыру. 
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік мәні: Топ мүшелері оқу материалын меңгеруге бір-біріне 
көмектеседі. 
Білімділік: Оқушылар ондық пен бірліктерді ажыратып, өрнек, мысал 
құрастыруға жаттығады. 
Дамытушылық:  Мысал, тапсырмаларды орындау арқылы ауызша 
есептеу қабілетінің дамуына жағдай жасалынады, қорытынды жасауға 
дағдыланады. 
 
Р/с Тапсырмалар 
Бағалау критерийі 
Балл Қорытынды 
балл 

Викториналық 
сұрақтар 
1.Нақты дәлелмен сөйлеу 
2.Уақытты үнемдеу 
 
 

Үш таңбалы 
сандарды қосу мен 
азайту 
1.Нақты 
тақырып 
бойынша сөйлеу 
2.Сауатты талдау 
 
 

Жұлдызшаның 
орнына амал 
таңбаларын және 
белгісіз санды қой: 
1.Уақытқа талдау 
2.Ой жылдамдығы 
 
 

«Кім жылдам?» 
Тапқырлық және 
жылдамдық 
 
 

Есеп 
шығару, 
сынау жұмысы 
1.Шартты жаза білу 
2.Сұрағын анықтау 
3. Сауатты есеп шығару 
 


Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту. 
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы. 
Оқыту формалары: Жеке, топтық, жұптық. 
Көрнекілігі: Аялдамалар. 
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер. 
 
Сабақтың кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 
Психологиялық дайындық. 
Бір, екі, үш, 
Сынып іші тып-тыныш. 
Жалқаулықты тастаймыз, 
Сабақты біз бастаймыз. 
Оқушыларды топтарға бөлу (өрнек,теңдік,теңсіздік). 
ІІ. Ой қозғау. 
«Өрнек» тобына: 
Жасырын санды тап: 
2+*=9 *-5=3
Екі құлағы бар, 
Он екі аяқты. 
"Теңсіздік "тобына: 
*+30=100 8+*=10 
Туысқан бес кісі, 
Бірінен бірі кіші. 
Бәрінің аты бір, 
Ең кішісі шеткісі. 
"Теңдік "тобына: 
100-*=10 90-*=20 
Жоқ өзінде бас та, 
Қас та, мойын да. 
Ұзындығы жазулы,
Тұр бойында. 
ІІІ. Өткен материалды бекіту: 
– Олай болса,біз бүгін сабағымызда "Математика "еліне саяхат 
жасаймыз,білімімізді ортаға салайық. 
Бәріміз бірге ұранымызды айтайық. 
Біз ақылды баламыз, 
Жауабын тез табамыз. 
Туын ұстап білімнің, 
Саяхатқа шығамыз. 
 1-саяхат "Математикалық оқулық"аялдамасы.  
Оқулықпен жұмыс. № 1 Сандарды алдымен өсу, содан кейін кему ретімен 
ата (жеке). 
 
2-саяхат "Математикалық турнир"аялдамасы. 


2-тапсырманы орындау. Сандарды ата (жұппен). 
 
3-саяхат"Бос орындарды толтыр"аялдамасы: 
І топ ІІ топ ІІІ топ 
15 = 1онд.5 бірл. 14= 1онд.4бірл. 13=1онд.3бірл. 
18 = 12= 16=
11= 17= 19 =
4-саяхат "Математикалық эстафета"аялдамасы: 
ІҮ. Сергіту аялдамасы. 
«Қара жорға» әуенімен жаттығу қимылдарын жасау. 
 
Ү. Қорытынды. 
19 санын сатылай кешенді талдау. 
Анықтама. І топ 
Жазылуы. ІІ топ 
Оқылуы. ІІІ топ 
Мағынасы. І топ 
Қасиеті. ІІ топ 
Сандық сәуледе кескінделуі. ІІІ топ 
Салыстыру. І, ІІ, ІІІ
 
ҮІ. Бағалау: 
– Бүгінгі сабақта нені үйрендіңіздер? 
– Қандай тапсырманы тез шығардыңыздар? Тез шығарғандарыңызға 
қуандыңыздар ма? 
ҮІІ. Үй тапсырмасы. 
15-сабақ. 
 
Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлуді пысықтау 
 
Сабақ мақсаты: 
Тәрбиелік: Ұлттық ойындары арқылы балаларды ұйымшылдыққа, 
жылдамдыққа, тапқырлыққа, қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтеуге 
бағыттау. 
Білімділік: Көбейту және бөлудің кестелік жағдайы туралы білімдерін
есептерді шығаруда қолдана білуге машықтандыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабілеттерін 
арттыру арқылы шығармашылықпен жұмыс істей білуге дағдыландыру. 
 
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту. 
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы. 
Оқыту формалары: Топтық жұмыс. 
Көрнекілігі: Ұлттық ойындар, дидактикалық үлестірмелер. 


Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер. 
Сабақ типі: Бекіту сабағы. 
Сабақтың түрі: Ойын сабақ. 
 
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
– Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше болмақ. Сабағымызға 
қонақтар келіп отыр. Қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басты иіп бәріміз. 
б) Психологиялық дайындық:
Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде. 
Математиканы оқимыз, 
Миымызға тоқимыз. 
– Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!
II. Тірек білімдерін белсендіру:
1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады? 
2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?
3. Нөлді санға бөлгенде, неше шығады?
4. Санды нөлге бөлуге бола ма?
5. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады?
6. 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады?
7. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды 
орындаймыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет