Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет135/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

 
 
 
 
Дүниетану пәнінен үлгілік сабақ жоспарлары 
 
 
1-сабақ. 
 
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар дүниесі. Сүтқоректілер 
 
Сабақтың мақсаты:
а) Тәрбиелік: Тыйым сөздер, жұмбақтар арқылы оқушыларды төрт түлікті 
құрметтеуге,сүтқоректілердің пайдасын жете түсінуге жетелеу. 
ә) Білімділік: Сүтқоректілердің тіршілігі туралы білім алып, ең маңызды 
түйіндерді сызбаларға салуға, өз бетінше жұмыс жасауға, ойын еркін жеткізе 
білуге мүмкіндік беру. 
б) Дамытушылық: Пікірталас, ойтолғау, шығармашылық жұмыстар 
атқаруға жағдай туғызу. 
 
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру. 
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту. 
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық. 
Көрнекілігі: Кесте, сызба, жұмбақтар. 
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта. 
 
Сабақтың кезеңдері: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау. 
Сақтайық қане тыныштық! 
Бүгінгі сабақ тым қызық. 
Ойлан, ойлан және ойлан, 
Есесіне бар сыйлық. 
Ол не сыйлық?... 
Санамызға білім тоқып, 
Биіктерге жетейік! 


ІІ. Сабақтың барысы. 
Бірінші кезең: Мақсаты: жаңа білімді бұрынғы біліммен байланыстыра 
отырып, өтілетін материалды жеңіл, ұғынықты меңгеру.
Тірек тапсырма: (Ой қозғау). (Интерактивті тақтада жазылып тұрады).
Жұмбақтың шешуін табыңыздар. 
Екі қолы селтеңдеп

Боксшы ма деп қаласың. 
Секіргенде елпеңдеп, 
Көре алмайсың қарасын. 
Австралия – мекені, 
Қане, қайсың табасың?
(Кенгуру) 
Арқасында тауы бар, 
Иір мойыны тағы бар. 
Шөлге төзіп, су татпай, 
Жолға төзіп, шаршамай, 
Жүре берер жануар. (Түйе) 
Тауға шықсаң қалың қар, 
Сайға түссең қалың қар, 
Байқаңдар қар астында 
Ұйықтап жатқан ... бар. (Аю) 
 
1. Жұмбақтың шешуіндегі сөздерді жалпы атауын не деп
атаймыз? 
2. Олар туралы қандай мәліметтер білесіздер? 
Демек, бүгінгі сабағымыз жануарлар дүниесі туралы болмақ. 
Оқушылар шағын топтарға бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет