Өзендер Өзен дегеніміз - көлден, мұздықтардан, жер астынан шығатын судан,
жылғалардан оймақ арқылы ағатын су ағыны. Өзеннің басталатын жері -
оның бастауы. Өзен ағатын аңғар түбін арна, ал бастауға жақын жағын
жоғарғы ағыс, одан кейінгісін орта ағыс, ал оның сағасындағы суды төмен
ағыс дейді. Өзеннің теңізге, көлге немесе басқа өзенге құятын жері саға деп аталады.
Өзендердің ағыс жылдамдығы сағаларында төмендейді, сөйтіп тасқындар
жинақталып, өзен сағасы тарам және тармаққа бөлінеді, атырау пайда
болады. Өзеннің саласы болады, мысалы, Жайық өзенінің оң жақ саласы -
Шаған. Негізгі өзен барлық салаларымен қоса өзен жүйесін құрайды.
Бетіндегі судың бәрі бір өзенге келіп қосылатын құрлық ауданы өзен алабы деп аталады. Кішкентай болса да, әрбір өзеннің өз алабы болады. Амазонка
өзеннің алабы - ең үлкен алап, оның ауданы 7млн. квадрат км. Өзен ағысы
қыста бір қалыпта болады. Көктемде қар суы арнаға сыймай, су тасиды.
Жазда су төмендейді (тау өзендері болмаса). Қар ерігенде және қатты
жаңбыр жауғанда су тасиды. Сондықтан қыста қар тоқтату керек, ағаштар
отырғызып, су қоймаларын жасау керек.
Өзеннің ағу бағыты мен жылдамдығы оның ағын өтетін жер бедеріне
байланысты. Жазық жер өзендері кең аңғарлармен баяу ағады. Тау өзендері
тезірек ағады, олардың аңғарлары тар әрі терең, ирелеңдері аз болады.
Арнаға көлденең тұрған қатты жыныстар мен тас үйінділерінен шоңғарлар
пайда болады. Олардан өткен өзен көбіктеніп аспанға шашырайды, кеме
жүзе алмайды. Биіктен құлап ағатын өзен сарқырама түзеді. Мысалы,
Оңтүстік Америкадағы Ориноко өзені алабындағы Анхель
сарқырамасының биіктігі - 1054 м. Қазақстанда Алтайда Көккөл (70м), Іле
Алатауында Аюлы (30м), Жоңғар Алатауында Мұздыбұлақ, Тянь-Шаньда
Күркілдек (54м) сарқырамалары бар.
Өзендер жаңбыр суынан, еріген қар мен мұз суынан, жерасты суынан
қоректенеді.
Жер суы арнаның түбіндегі, жағалықтағы тау жыныстарын басқа
жерге көшіреді. Су ағыны күшті болса, арнаны жарып кетеді, оны эрозия
әрекеті дейміз. Төмендегі ағыста жыныстар таяз жерлерге жиналып, аңғар
аралдары пайда болады. Мұнда аккумуляция - өзен әкеліп жинақтаған
материал пайда болады. Өзеннің атқаратын қызметінің нәтижесінде жер
бетінде жыралар пайда болады. Су су арнасын тереңдете береді де,
арнаның екі жағы саты тәрізді керіледі, оны террастар деп атайды.
Ө зеннің маңызы зор. Жағасында халық мекендейді, гидроэлектр
станциялары салынады, жер суарады, суын ішеді, балық аулайды.