Суға салдым.
ІІ. Сабақтың барысы
Бірінші кезең: Мақсаты: жаңа білімді бұрынғы біліммен байланыстыра
отырып, өтілетін материалды жеңіл, ұғынықты меңгерту.
Тірек тапсырма: Қанатты сөздердің мәнін түсіну.
Су мен жер туралы ой - бұл түптеп келгенде адамның өзі туралы ой.
Ш. Айтматов
Ата-бабаларымыздан ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалған ұлағатты
сөздерінің қадірін жете біліп, күнделікті өмірде қолдана алу. Ойларын
дәлелдеу. (Ойтолғау)
.
Олай болатын болса бүгінгі сабағымыз, тіршілік нәрі - су туралы болмақ.
ІІІ. Жаңа сабақ
Екінші кезең: Жаңа білімді меңгеру.
Мақсаты: дербес тұрғыда әрекеттер
іске асады.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген тірек сызба бойынша жұмыс жасау.
(Мәтінді оқушылар жеке-жеке оқып шығады).
Су - тіршілік көзі
Қазақ халқы «Сулы жер - нулы жер» дейді. Су - табиғи байлық.
Ғаламшарымызда алғашқы тіршілік суда дамыған, сусыз тіршілік жоқ. Адам
денесінде 63% су бар. Су болмаса тірі ағза өледі. Су санитарлық және
шаруашылық тұрмысқа да керек. «Тазалық - денсаулық кепілі» дейміз. Су
болмаса, тазалық та болмайды.
Су
денсаулық
жақсарту
мен
денешынықтыру
шараларына
пайдаланылады. Судың емдік қасиеті өте зор. Мысалы, белгілі Ессентуки
суы құрамында сода және ас тұзы, тағы да
басқа минералдық элементтер
бар. Ақжайық суында гидрокарбонат элементтері бар.
Су еріткіш. Егер минерал тұздарды ерітетін су болмаса, өсімдік
тамыры, өсімдік тіршілігіне соншама қажет заттарды өз бойына сіңіре алмас
еді.
Қазіргі кезде өндірістің бірде-бір саласы сусыз жұмыс істеп және дами
алмайды. Мысалы, 1 кг қағаз өндіруге 100л, 1т цемент өндіруге 4500кг су
қажет.
Су - иіссіз, дәмсіз, түссіз сұйықтық. Ол
мөлдір, аққыш. Оның пішіні
болмайды. Су - еріткіш. Су табиғатта сұйық күйде, сондай-ақ қар және мұз,
бу түрінде кездеседі. Қазақстанның өзен-көл аз жерлерінде еспе суы мен
терең қабат аралық жерасты суының үлкен маңызы бар. Халық еспе суын
көне заманнан-ақ пайдаланып келген.
Республика аумағында жетіспеген аса артезиан алаптары табылды.
Мысалы, Мойынқұмда 300-500м тереңдікте 50мың
шаршы км жерді алып
жатқан тұтас жер асты «теңізінің» бар екені анықталды. Оның суы ішуге де,
егін суаруға да жарамды. Таяу жылдар ішінде жерасты суы бұдан да кең
пайдаланылатын болады.
Қазақстанда жер астынан ыстық (термальды) су табу үшін үлкен
барлау жұмыстары жүргізіліп отыр. Термальды жерасты суы өнеркәсіпті,
сондай-ақ үйлерді, жылыжайды, фермаларды
және моншаларды жылыту
үшін пайдаланылады.
Республиканың бірталай өңірінде өте тереңінен атқылап, жер бетіне
шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Олар
температурасы және құрамындағы газдар мен тұздардың түрі жағынан
әртүрлі болып келеді. Алмаарасын,
Сарыағаш, Жаркентарасанда адам
ағзасына шипалық әсері бар демалыс орындары, емханалар салынған.
Ғаламшарымызда су мүлде кездеспейтін жер жоқ. Жер қабаттарының
бәрі судан түзілген. Жердің су қабығы гидросфера деп аталады.
Гидросфераның көп бөлігін - 96,5% -ын Дүниежүзілік мұхиттың тұзды
суы, аз бөлігін құрлықтағы және атмосферадағы су құрайды.
Бұлар -
өзендер, көлдер, мұздықтар, жер қыртысында - жерасты суы. Атмосферада
су тамшылары мен мұз түйіршіктері болады.
Жердің біртұтас су қабығы - Дүниежүзілік мұхит, құрлықтағы су,
атмосферасындағы су - гидросфераның үш бөлігі. Гидросфераның барлық
бөліктері өзара байланысты. Материктер мен аралдар біртұтас Дүниежүзілік
мұхитты төрт бөлікке - төрт мұхитқа бөледі. Олар: Тынық мұхит,
Атлант
мұхиты, Үнді мұхиты, Солтүстік мұзды мұхиты.
Достарыңызбен бөлісу: