5.Қорытынды.Сусыз тіршілік жоқ. ............ V. Оқушылардың ойлау белсенділігін артыруға арналған тапсырмалар. Жеке жұмыс.
1-тапсырма. Стақанға су құйып, оған бір түйір қант салыңыз. Не
байқадыңыз?
2-тапсырма. «Айналадағы дүниені бақылау күнделігіне» табиғаттағы су
айналымының сызбасын сызыңыз.
3-тапсырма. Арал теңізін құрып кетуінің себептері не деп ойлайсыз?
Үшінші кезең: Бекіту. Мақсаты: білім алушылар өтілген материал жайлы
ойтолғайды, пікірлеседі, талқылайды осы әрекеттер арқылы ізденеді,
зерттейді және шығармашылықпен өзіне қажетті білімді құрастырады, өз
бағасын береді.
Жеке жұмыс. «Судың да, сұрауы бар» тақырыбына эссе жазу.Суретін салуға да болады.
(6 сөйлемнен кем емес)
VI. Рефлексия.
VII. Бағалау. Өзін-өзі бағалайды.
VIII. Үйге тапсырма. Тақырыпқа байланысты мәліметтер іздеу. Суға
байланысты ырым-тыйым сөздер және мақал-мәтелдерді жинақтау.
5-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Өзендер Сабақтың мақсаты: а) Тәрбиелік: Жұмбақ, мәтін және түрлі деректер арқылы жануарлардың
пайдасын түсінуге, олардың құрып кетуінің алдын алуға күресуге баулу.
ә)Білімділік:Бунақденелілердің, қосмекенділердің және жорғалаушылардың
тіршілігі туралы білім алып, ең маңызды түйіндерді сызбаларға салуға, өз
бетінше жұмыс жасауға, ойын еркін жеткізе білуге мүмкіндік беру.
б) Дамытушылық: Пікірталас, ойтолғау, шығармашылық жұмыстар
атқаруға және дүниетанымдарының дамуына жағдай туғызу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту.
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық
Көрнекілігі: Кесте, сызба, жұмбақтар.