Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет43/70
Дата10.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#66801
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70
Жерің анау – шала илеген терідей,
Желің мынау – дарымшының деміндей.
Көлің анау – насыбайлы түкірік,
Күнің анау – ауылнайдың мөріндей (І.Жансүгіров).
Өлеңнің эстетикалық сапасын көтеріп, ақынның сезімін дәл жеткізіп
тұрған фразеологиялық тіркестердің образды мағыналары. Шала илеген
терідей – қыртысы жазылмаған, дарымшының деміндей – сасық,
жағымсыз, ауылнайдың мөріндей – бедері кеткен, әлсіз, насыбайлы
түкірік – жасылдың көкпен былғанып, ақ араласқан түрі, міне, алдымен
осындай образдарды дұрыс қабылдау арқылы реалистік суреттен
эстетикалық әсер алып, ақынның көңіл күйін, жан сезімін тереңірек
ұғуға болады.
Осыған қарағанда жазушы тілінің байлығы тек сөз санының
молдығымен ғана өлшенбейді. Қаламгер белгілі бір көркемдік мақсатқа
сай жалпыхалықтық тілдің қойнауынан алуан түрлі сөз алып, шығарма
тілінің байлығын еселей түсуі мүмкін. Сонымен бірге сөзге жаңа
мағыналық реңк, өзгеше мазмұн беру арқылы да тіл қазынасын байытып,
қорабасын молайтып отырады. Сондықтан жазушының тіл байлығы, бір
жағынан ана тіліміздің сөздік қорын қаншалықты игерді, пайдалана білді
деген сандық өлшеммен бағаланса, екінші жағынан, қаламгердің сөзге
дағдыдан тыс мағына үстеуі, мазмұн беруі, сөзді жаңа қызметке жегуі
тәрізді сапалармен де бағаланады. Осылардың барлығы, түптеп келгенде
жазушы тілінің байлығы болып есептеледі.
Көркем әдебиет тілінде жұмсалатын метафора, эпитет, теңеу, сөз
мағыналарын ауыс мәнде құбылта қолдану т.б. ертеден келе жатқан
көріктеуіш тәсілдер. Сөз кестелеудің бұл тәрізді дәстүрлі түрлерінің ауыз
әдебиеті мен байырғы әдеби тіл мұраларында және жаңа әдеби тілімізде
жасалған небір айшықты, классикалық үлгілері бар. Көріктеу қуаты мол,
қолдану мүмкіндігі шексіз мұндай өміршең дәстүрлі тәсілдермен қатар
кейінгі кездердегі әдеби процестерде пайда болған, көркем қолданысқа
айнала бастаған тәсілдер де жоқ емес. Олар әдеби тілдің стильдік
салаларының саралана түсуіне орай пайда болды.
75


Қоғамдық қызметінің өрістеуімен байланысты әдеби тіліміз көркем
әдебиет стилі, публицистикалық стиль, ғылыми стнль, ресми стиль
делініп, стильдік арналары саралана түсті. Осы үрдіс жаңа бір көркем
тәсілдің пайда болып, көркем үлгі ретінде сөз шеңберлерінің қаламында
өңделе түсуіне бірден-бір түрткі жайт болды. Көркем әдебиет тіліне тән
тіл ресурстарын (экспрессиялы-эмоциялы сөздер, эстетикалық мәндегі
образды қолданыстар, фразеологиялық тіркестер, мақал-мәтелдер т.б.)
көріктеуіш тәсілдің дәстүрлі үлгілерін асқан шеберлікпен қолдана
отырып, әйгілі қаламгерлеріміз өзге де функционалдық стильдерден тіл
бояуының соны түрін, сөз өрнектерінің жаңа нақышын тапты.
Көркем проза тіліндегі сөз табиғатын айтқанда олардың кейбір
қасиеттерін әдеби тілдің өзге де функционалдық стильдерімен
(публицистика стилі, іс қағаздары стилі, ғылыми стиль, сөйлеу тілі стилі)
байланысты қарауға тура келеді. Өйткені тілдік құралдардың (сөз, сөз
тұлғалары, синтаксистік құрылымдар) кейбірі белгілі бір стильдік
тармақтарға тән таңбаға ие болса, енді бір саласы барлық стильге ортақ
болып келеді. Осы ортақтық әдеби тілдің тұтастығын сақтайды. Бұлар
бейтарап реңктегі тілдік құралдар деп те аталады. Бірақ әдеби тіл қарым-
қатынас қызметін өтеу барысында тұтастығын сақтауға да (интеграция),
іштей сала-тармақтарға жіктелуге де (дифференциация) бой ұрады. Бұл
үрдіс қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы деп аталатын
диалектикалық зандылықты еске түсірсді. Әсіресе жіктеліс процесінің
нәтижесінде кейбір тілдік құралдар мен амал-тәсілдер қоғамдық өмірдің
белгілі бір саласында жиі әрі белсенді жұмсала келіп, сол салаға тән
сипат алады. Осылайша көркем әдебиеттің, публицистикалық
әдебиеттің, іс қағаздары тілінің, сөйлеу тілінің өзді-өзіне тән белгілері
қалыптаса түседі де, бұл белгілердің барлығы тағы бір ортақ системаға
топтаса келіп, сөйлеу тіліне қарама-қарсы тұратын кітаби тіл (книжная
речь) жүйесін түзеді. Кітаби тіл жүйесіне жататын тілдік құралдарға
негізінен көтеріңкі леп, асқақ үн (публицистикалық стиль),
интеллектуалдылық (ғылыми стиль), пунктуалдылық немесе дәлме-
дәлдік (іс-қағаздар стилі) тәрізді функционалдық-стильдік реңктер
басым болып келеді. Ал сөйлеу тілі реңкіне тән тілдік құрылымдардың
кітаби тіл реңкіндегі элементтермен салыстырғанда мазмұны бәсеңдеу,
экспрессиялық реңкі күшті болып келеді. Енді осы айтылғандарға
76


күнделікті өмірдегі тіл жұмсау дағдыларынан бірер мысал келтіруге
болады.
Әдетте амандасуымыздың аман-есенсіз бе, сәлеметсіз бе,
ассалаумағалейкум, армысыз тәрізді синонимдік қатары бар. Оларды тіл
жұмсауымызда ретіне қарай қолдана береміз. Ал радио, теледидар
дикторлары соңғы хабарды армысыздар!, ассалаумағалейкум! деп
бастамайтыны белгілі. Сәлеметсіздер ме, құрметті жолдастар!, Кеш
жарық! немесе Қайырлы таң! тәрізді сөз орамы радио, телевизия тілінің
дәстүріне айналды. Микрофон арқылы өзгеше амандасу құлаққа мүлде
жат естілер еді. Сондай-ақ -уда тұлғасы «Цех коллективі шикізатты
тиімді пайдалануда», «Механизаторлар жасыл орақты
ұйымшылдықпен өткізуде» тәрізді газет хабарларында, радио
репортаждарында жиі жұмсала келіп, публицистика стилінде орныға
түсті. Ал мұндайларды үйреншікті ортасынан «көшіріп», өзге жерге
(стильге) «қондыру», болмаса газет бағанасынан мүлде аластау көпе-
көрнеу зорлық тәрізді көрінер еді.
Немесе баяндауыштың құрамында айтылатын болып табылады,
болып есептеледі, бірінен саналады тәрізді етістіктерді ресми жағдайда,
ғылыми баяндауларда орынды болғанымен, оларды көркем шығарма
немесе сөйлеу тілінде жұмсаудың ешбір лайығы жоқ. Ешбір адам
сөйлеуде жігіт көркі сақал болып табылады, сөздің көркі мақал болып
табылады демес еді. 
Бұл айтылғандардан байқарымыз – әдеби тіл стильдерінің өзді-өзіне
тән қалыптасқан немесе қалыптасып келе жатқан тілдік амал-тәсілдері
бар. Солар арқылы стильдік жіктеліс тереңдей түспек. Олай болса,
стильдік жіктелісті қазіргі әдеби тіліміздің дамуындағы негізгі бағыттың
бірі деуге болады. Бұл үрдістің көркем шығарма тіліне де тікелей қатысы
бар. Өйткені, кейбір сөздердің, грамматикалық тұлғалар мен
синтаксистік құрылымдардың қалыптасқан стиль аясын сезінбей, я
болмаса ескермей екінші бір стильде, мысалы көркем әдебиет тілінде
жұмсай берсек, шғарманың тіл өрнегімен үндеспей селкеуленіп тұрады. 
Эксперессиялық-стильдік қызметі жағынан да фразеологиялық сөз
орамдары біркелкі болып келе бермейді. Осымен байланысты бір алуан
фразеологизмдер тілдік қарым-қатынастың белгілі бір саласында ғана
жұмсалып, әдеби тілдің белгілі бір стильдік тармақтарына телулі болса,
кейбірі барлық салада еркін қолданыла береді. Осымен байланысты
77


қазақ әдеби тілінің айналымындағы фразеологизмдерді негізінен үш
топқа бөлуге болады: 1) кітаби тіл (книжная речь) реңкіндегі
фразеологизмдер, 2) сөйлеу тілі (разговорная речь) реңкіндегі
фразеологизмдер, 3) бейтарап реңктегі фразеологизмдер. Бұлардың
ішінде бейтарап реңктегі фразеологизмдерде бағалауыштық (оценочный)
қасиет болмайды және сан жағынан да өзгелермен салыстырғанда аздау
болып келеді. Сондықтан фразеологизмдердің бұл тобына арнайы
тоқталып жатпаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет