Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет132/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   157
Пирамидалық жол үлкен ми жарты шарлары қыртысының қозға- 
ғьпп аймақтары нейрондарьшьщ аксондарынан кұралады. Жол жөнекей 
бүл аксондар аралық, ортаңғы, сопақша ми қүрылымдарына, торлы 
құрылымға  бүйір  тармақтар  береді  де,  сопақш а  мидың  төменгі 
бөлігінде олардың негізгі тармақтары дененің қарсы беткейіне өтіп, 
латеральдық пирамидалық жол құрайды. Бүл жол жүлынның бүйір 
бағанымен өтеді. Аксондардың карсы беткейге өтпеген бөлігі өздері 
басталған жақпен жүріп отырып, аяқталар сегмештерінде қарсы бет­
кейге өтеді. Осы талшықтарды тура пирамидалық жол дейді. Аталған 
екі жол талшықтары да жұлынның вентральдық мүйізшдегі мотоней- 
рондарда аяқталады. Бұл жолдардың құрамында үлпекті де, үлпексіз 
де талшықтар кездеседі, сондықтан тітіркеніс өр түрлі жылдамдыкден 
(1-100 м/с) еткізіледі. Пирамидалық жолмен келген импульстер ерікгі 
қимылдардың атқарылуын қамтамасыз етеді.  Бұл жолдың айқасқан 
жөне тура жол түрінде қосарлануы оның сенімділігін артгыра түседі.
Рубро-жүлындық  жол  (М онаков  жолы)  ортаңғы  м иды ң  қы зыл 
ядросы нейрондарының аксонынан құралады. Ядродан шығысымен 
бұл жол талшықтары мидың қарсы жартысына өтеді де, олардың бір 
бөлігі  миш ық  пен  торлы  құрылымға,  ал  қалған  бөлігі  жұлынның 
бүйір  мүйізіндегі  аралық нейрондарға бағытгалады.  Қызыл ядро  - 
жұлын жолы арқылы мишықтан, вестибулалық ядродан, жолак де- 
неден тарайтын импульстер өтеді де, бұлш ық ет тонусы мен еріксіз 
қимылдар үйлесімді басқарылады.
-  Вестибула-жулын  жолы Дейтерс ядросы  торшаларының өсінді- 
лерінен құралатын ең көне жол. Ол арқылы вестибулалық мүше мен
253


мишықтан таралатын импульстер жұлынның төменгі мүйізіңцегі мо- 
тонейрондарға беріледі де, бүлшық ет тонусы, қимыл үйлесімі, дене 
тепе-тендігі реттеледі. Бұл жол зақымданса қимыл үйлесімі, кеңістікті 
бағдарлағыштық қабілет бұзылады.
269-сүрақ.  Сопақша м и қандай қызмет атқарады?
Сопақша ми - ми сабағының (бағанының) маңызды қүрылымда- 
ры ны ң  бірі.  Ми  сабагы  деген  атпен  сопақш а  ми,  көпір,  ортаңғы 
ж әне аралық ми құрылымдарын біріктіреді.  Ми сабағының ішінде 
тармақталған тор түрінде торлы құрылым, немесе ретикулярлы фор­
мация, орналасады.
Адам мен барлық омыртқалы жануарларда сопақша ми жүлыны- 
ның жалғасы болып табылады,  сондықтан онда жұлынға төн қара- 
пайым сегментгік сипат сақталады. Сопақша миға да жүлын төрізді 
рефлекстік және өткізгіштік қызмет төн.
Сопақша мида нейроңдар шоғырланып, ерекше құрылым - ядро- 
лар пайда болады. Ядролар өр түрлі рефлекстік қызметтердің орта- 
лығы  болып  табылады.  Сопақша  ми  жұлын  мен  өз  ядроларынан 
басталатын ми жүйке тамырлары арқылы дененің барлық бөліктерімен 
байланысады.  Он  екі  ж үп  ми  жүйке  тамырларының  сегіз  жұбы 
(V-XII) осы сопақша мидан бастау алады.  Олар үштармақ,  өкеткіш, 
беттік, есту,тіл-жүтқыншақ, кезеген, қосымша және бүгақтық (тіл 
асты) жүйке тамырлары.  Сопақша мида тыныс алу, жүрек қызметін 
реттеу орталықтары, тамыр қозғағыш орталық, көмірсулар алмасуын 
ретгеу, ему, шайнау, сілекей бөлу, жұту, қарын,  үйқы безі сөлін бөлу 
орталықтары, жөтелу, түшкіру рефлекстерінің орталықтары, Дейтерс 
ңдросы жөне баска тіршіліктік маңызы зор оргалықтар орналасқан. Соны- 
мен қатар, сопақша мңца бас етгерінің, көздің, ішкі құлақ шьггырмағы- 
ньщ (лабиринтінің) афферентгікжүйкелерінің орлалықгары орналасады.
Сопақш а  ми  вегетативтік  қызметтер  мен  қанқа  еттері тонусын 
реттеуге қатысады. Бұлш ық ет тонусын реттеуде Дейтерс торшалары 
маңызды рөл атқарады.  Сопақш а ми мен ортаңғы ми арасын тіліп, 
Дейтерс торшаларының қызыл ядромен байланысын үзсе, жануар­
ларда децебрациялық сіреспе (ми сіреспесі) деген атпен белгілі құбы- 
лыс байқалады.  Мүндай жағдайда жазғыш етгердің тонусы күрт жо- 
ғарлайды да, жануарлардың денесі керіліп, аяқтары сіресе жазылады, 
басы кекшиіп, құйрығы қайқая көтеріледі. Мал қимылдау қабілетінен 
айырылады.  Сопақш а  ми  тонустық  рефлекстерді  ретгей  отырып, 
организмнің  қиымыл-өрекетін  (жүру,  түру)  қамтамасыз  етуде  ма- 
ңызды рөл атқарады.
С опақш а мидың өткізгіштік қызметінің арқасында мидың жо- 
ғары   бөлім дері  ж ү л ы н м ен   б айланы сады .  ш еткі  м үш елерге, 
254
вегетативтік қызметтерге ықпал етеді. Ж ұлынның барлы қ өткізгіш 
жолдары сопақш а ми арқылы  өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет