Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет133/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   157
270-сүрақ.  Артқы мига қандай қүрылымдар жатады,  олар  қан- 
дай қызмет атқарады?
Артқы миға көпір мен мишықты жатқызады.
Көпір  -  негізінен  өткізгіштік  қызмет  атқарады.  Ол  мидың  ал- 
дыңғы,  соңғы бөлімдері мен мишықты байланыстырады.  Көпірдің 
сұр затында ми жүйкелерінің Ү-ҮІІІ-жұптарының ядролары, торлы 
құрылым ядролары жөне көпірдің өзіндік дербес ядролары орналаса­
ды.  Ми жүйкелерінің сезімтал талшықтарымен  көпір дөм  сезу ре- 
цепторлары мен көз етгері және бас  терісінің рецепторларынан сиг- 
налдар қабылдап, осы жүйкелердің эфферентгік талшықтарымен бас- 
сүйек еттерінің қимылдарын реттейді. Көпірдің рефлекстік қызметі 
сопақша мидың қорғаныстық жөне қоректік рефлекстерін толықты- 
рып отырады.
Мишық - көпір мен сопақша мидың үстіңгі жағында орналасады. 
Ол  көлемді  бүйір  бөліктерден  -  жарты  шаралардан,  жөне  соларды 
біріктіретін құртшадан тұрады.
М иш ық алдыңғы жол арқылы ортаңғы мимен, ортаңғы жол арқ- 
ылы- көпірмен, артқы жол арқылы- сопақша мимен, ал көпір арқы- 
лы үлкен ми жарты шараларымен байланысады.  М иш ы қ рецептор- 
лармен жөне эффекгорлармен тікелей байланыс түзбейді, бірақ оған 
өте көп афференттік импульстер жетіп отырады.
Мишық  дене қимылдарының үйлесімін, дене кейпін жөне дененің 
тепе-тендігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Оның  осерімен бұлшық 
ет тонусы өзеріп, қимыл-өрекет кезінде жеке ет топтарының жиыры- 
лу күтіті реттелініп, артық, ебетейсіз қимылдар байқалмайды. Мишықгы 
сылып тастаса бүлшық ет тонусы бүзылады  (атония),  қимыл  үйле- 
сімдігі, атқарылатын қимыл мен бүлшық епің  жиырылу күшінщ арасын- 
дағы сөйкестік бұзылады (атаксия), теңселмелі қимылдар пайда бола­
ды (астазия), бүлшық етгердің жиырылуындағы үйлесімдік бұзылады 
(асинергия), организм тез қажиды, өлжуаздық байқалады (астения).
М иш ық организмнің вегетативтік қызметіне де  эсер етеді.  М и- 
шықты тітіркендіргенде көздің қарашығы үлкейіп, артерия қысымы 
жоғарылайды, тамырдың соғуы жиілейді, бүлшық етге биохимиялық 
қалыптастыру процесі күшейеді. М ишықты алып тастаса ас қорыту 
жолының қимылы баяулап, қарын мен ішек сөлінің бөлінуі азаяды, 
қуат шығыны аргады, бүлшық етгің нәрлену процесі бұзылады. Осы- 
дан мишықта симпатикалық жөне парасимпатикалық нервтену орта- 
лығы орналасады деген болжам жасалған.
255


47-сурет .
Ортащы ми:  1-митіректері/аяқтары/, 
2
-көз қозғағыш нерв,  3-қызыл ядро, 
4-көз қозғағыш нерв ядросы, 5-ортаңғы сұр 
зат, 
6
-ми суағары, 7-алғы қос төмпешік, 
8
-қара төсемік.
271- сурақ.  Ортаңгы м и қандай қурылымдардан ту рады жэне олар 
қандай қызмет атқарады?
Сүт қоректілерде ортащы ми дорсальдық жөне базальдық (негіздік) 
бөлімдерден тұрады. Дорсальдық бөлімге төрт төмпешік жатады.  Бұл 
құрылымның аддыңгы қос төмпешігінде көрудің, артқы қос төмпешік- 
те - естудің бағдарлық рефлекстерінің орталықтары орналасады. Осы 
орталықтардың қатысуымен көз, құлақ қимылдап, бас тітіркендіргіш 
көзі орналасқан ж аққа қарай бұрылады.
Ортаңғы  мидың  базальдық  бөлімін  оны ң  сабақтары  құрайды. 
Әрбір сабақ үш қүрылымнан  — бүркемеден,  қара төсеміктен жөне 
табан негізден түрады. Бүркемеде қызьш ядро жөне шығырлық жүйке 
мен көз қимылдық жүйке (III, ІҮ ми жүйкелері) ядролары орналаса­
ды. Бүл жүйкелер көз алмасының етгерін жүйкелеңдіріп, көз қимыл- 
дарының үйлесімділігін қаМтамасыз етеді.
Қызыл ядро дене  қимылын реггейтін маңызды қүрылым. Рубро- 
жүлындық жол арқылы ол жүлын мотонейрондарымен байланыса- 
ды.  Қызыл  ядро сопақш а  мидағы Дейтерс ядроларының қызметін 
тежеп, дененің кеңістіктегі кейпіне қарай бұлшық ет тонусын өзгертіп 
отырады. Қызыл ядро дененің қалыпты кейпі мен тепе-теңдігін қам- 
тамасыз ететін тонустық рефлекстердің атқарылуын ретгеуде маңыз- 
ды орын алады.
Қара  төсемік  қызметі  өлі  толық  зерттелмеген.  Ол  бүлшық  ет 
икемділігін, қимыл үйлесімін реттеуде маңызды рөл атқарады деген 
болжамдар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет