Нормативтік сілтемелер


Қазақ тілін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер



бет15/24
Дата22.04.2023
өлшемі126,75 Kb.
#85617
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
3.2 Қазақ тілін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер


Оқушылардың білім сапасын көтеру – қазіргі өзекті мәселердің бірі. Сондықтан да осы салада батыл қадамдар жасалып, өзгерістер енгізілуде. Бағдарлама оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, оқуға қабілетін жақсартады. Білім беру негізін түсіну, ойлануға жүйелі білім беру, өзінің шығармашылық жұмысын жетілдіріп отыру, кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы, ақпараттық – коммуникациялық технологияны дұрыс меңгеру қажет. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мен мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мән-мәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Тәуелсіз еліміздің болашағы жастардың қолында. Әйтсе де, оған дұрыс бағыт бағдар берушінің бірі ата – ана болса, тағы бірі ол – біз, яғни мұғалім. Осы өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Мектеп жұмыс пен оқушы жетістіктерін өрістеуіндегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болу үшін әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты білікті болуды талап етеді. Жаңаша білім берудің жетекші мақсаты әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтарының негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден – жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемдеөзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға,өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпал тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтиды. Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашанда өмірде өз жолын таба алады. Жиырмасыншы ғасырдың басында–ақ Дьюи мектептің оқушылар «тобы» қатарға құрылған парталармен бөлінген орындарда отыру үшін құрылған көңілсіз орын болып табылатындығын көре білген. Бұл, ол айтқандай, материалды тыңдаушылардың белсенді емес тобына бірқалыпта беруге болатындығының анық айғағы болды. Шындығында, ол сыныптарды бір нәрсе жасауға емес, «тыңдауға» арналған орын деп санады (1990). Топтық жұмыстар оқушылардың белсенділігін, сенімділігін арттырады. Топқа бөлудің де өзінше мәні бар екенін оқушылар сабақ барысында түсіне бастады. Сабағымда «Кең ауқымды дәріс» әдісін пайдаланамын. Берілген тақырып бойынша өздеріне бұрыннан таныс ақпараттың тізімін дәптерлеріне жазу, содан соң жұпта талқылау, шағын топта және жалпы тақырып бойынша ақпаратты тақтаға жазу, оқушылар дәптерлеріне толықтырып жазып алады. Оқушылар тапсырма бойынша топпен бірлесе жұмыс жасады, өз ойларын ортаға салып постер арқылы қорғап шықты. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда, тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден – бір тиімді бағдарлама деп есептейміз. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сынипікіркөзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуынқамтиды. Тапсырма беру кезінде жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдаланудың маңызы зор. Мысалы, бір сабақта РАФТ (роль/аудитория/ форма/тақырып) әдісін пайдаландық.
- оқыған мәлімет бойынша өз ойын талдайды;
- проблема бойынша өз көзқарасы бойынша рефлексия жасай алады;
- ұсынылған проблема бойынша өз көзқарасын шығармашылық тұрғыдан
көрсете алады;
- сыныптастарына ұсынылған проблема туралы өз елестетуін жеткізе
алады;
- таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі артады.
Выготскийдің оқытудағы сөздің, сөйлеудің негізгі рөлі туралы пікірі эмпириялық зерттеуде қолдау тапқан. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге aсатынын көрсетті. Сындарлы оқыту нәтижесінде мұғалім мен оқушыда мынадай жетістіктерді байқауға болады:
- жұмысына қызығушылық танытады;
- жоғары нәтижеге жетуге ұмтылады;
- озық ойлы оқушы қалыптастырады;
- шығармашылық бағытта жұмыс жасайды;
- жеке қабілеттерін айқындап отырады;
- әр оқушыныңізденімпаздық қабілеті дамиды;
- жұпта,топта бірлесіп жұмыс істей алады;
- бір – бірінің сөзін тыңдайды, құрметтеуге үйренеді;
- оқушының жеке қабілеті айқындалады;
- еркін қиялдайды, сергиді. Сабақты қорыту кезеңінде бағалау критерийлері жазылған парақшалармен бағалау жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау, сонымен бірге оқушылардың бірін-бірі бағалауы жүзеге асты. Оқушыларға да ең ұнағаны осы тәсіл болды, себебі оқушылар өз деңгейлерін білді. Сабақта кері байланыс жүзеге асты. Зерттеу нәтижесінде Бағдарламаның оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерінің тиімділігі:
1. Бір – бірінің пікірін тыңдайды, ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланады.
2. Өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға, бір – біріне құрметпен қарауға ұмтылады.
3.Өз ойын ашық, еркін айтуға , пікір алмасуға, бірін – бірі бағалауға, мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастырады.
4. Достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздестіріп, қиындықты шешуге көмектеседі.
5. Белсенді шығармашылықпен ойлаудың негізі қаланады.
Выготскийдің айтуына қарағанда, «баланың мәдени дамуындағы кез келген қызмет екі түрлі келбетте сахнаға екі мәрте шығады: біріншісі-әлеуметтік, содан соң - психологиялық санат ретінде баланың жан дүниесінде көрініс табады». Бұны осы дәрежеде ерікті зейінге, логикалық жадыға және түсініктердің қалыптасуына қолдануға болады. Әр сабақтың соңында «Қабырға газеті» әдісін пайдаланып көрдік. Бір күнгі бір сабақтағы тақырыптарды орындап болған соң, оқушылар кіші топтарда түрлі-түсті қағаздардан өздерінеұнаған түсті таңдап, өзәсерлерін, пікірлерін, өз сезімдерін білдіреді. Көңіл-күй парақшаларына смайликтер қыстыру арқылы да сабақтан алған әсерлерін білдіреді. Кейбір оқушылар сабаққа дейінгі көңіл-күйі қобалжулы болса, осы жаңа әдіс бойынша өткізілген сабақ арқылы көңіл-күйінде өзгешелік болғандығын жасырмай смайлик арқылы білдірді. Қорыта айтқанда, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін түсіністікпен қарау керек. Оқушылар қысқағана жауап беретін мұғалімнің сұрағымен салыстырғанда диалогтік сұхбаттасуда мұғалімдер де, оқушыларда білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтікөзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Осы жаңа әдіс тәсілдерді пайдалану арқылы оқушыларды шынайылыққа, өзіне деген сенімділікке тәрбиелейміз. Біздің болашағымыз – жастар, сондықтан олардың сапалыбілім алуына бар күш жігерімізді жұмсауымыз керек. Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың ынтасын арттырып, қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет