Образования



бет190/248
Дата30.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#40969
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   248
Кілт сөздер: инклюзивті білім беру,әлеуметтік интеграция, Ұлттық білім саясаты, «Инклюзивтілік индексі: мектептік білімді дамыту», ресурстық орталық.


Кіріспе. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңда «Кемтар балалардың дене, психика және өзге де қабiлеттерiнiң орнын толтыру немесе оларды қалпына келтiру, олардың әлеуметтiк құқықтарын iске асыру, неғұрлым толық әлеуметтiк бейiмделуiне жәрдемдесу болып табылады» - делінген еді [1]. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік ортаға бейімдеудің негізгі бағыты оларды жалпы білім беру үрдісіне қосу, яғни инклюзивті білім беру болып табылады.
Әлем жұрты педагогикалық жүйені жетілдіру басымдықтарының бірі ретінде инклюзивті білім беру концепциясының теориялық негіздерін жалпы білім беретін мектептердің тәжірибесіне енгізудің тиімді жолдарын іздеуге негіз болды.
Ғылыми әдебиеттер мен практикадағы «Инклюзивті білім беру» термині жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту процесінің негізгі компоненттерін ашу үшін қолданылады. Инклюзивті білім берудің орталық идеясы - ауыр физикалық және ақыл-ой кемістігі бар балаларға қатысты дискриминацияны жеңу, бұл барлық адамдармен қарым-қатынаста теңдікті білдіреді, бірақ мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше жағдай жасайды[2].
Дамуында кемістігі бар балаларды шет елдерде инклюзивті оқыту өткен ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап жүзеге асырыла бастады.
«Интеграция» және «инклюзия» - бұл екі термин, бір-бірінің орнына жиі қолданылады, өйткені көптеген мұғалімдер мен мектептер оларды синоним деп санайды. Кейбір мұғалімдер өздерінің интеграциялық бағдарламаларын инклюзивті деп санайды, ал басқа мектептер, инклюзивті жұмыс істей отырып, өз жұмысын интеграция ретінде анықтайды. Сонымен қатар, осы терминдер арасындағы айырмашылық айтарлықтай маңызды. Негізгі айырмашылық интеграцияның «сыртқы» көздеріне ие болуында. Интеграциялық бағдарламалар әр түрлі қабілеттері бар балаларды бұрыннан қалыптасқан мектеп өміріне және мектеп құрылымына тартуға бағытталған [3]. Бұл интеграциялық бағдарламалардың мақсаты - «қалыпқа келтіру» немесе балаларға бұрыннан бар оқыту моделіне сәйкес келуге көмектесу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет