Образования


Зерттеу материалдары мен әдістемесі



бет191/248
Дата30.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#40969
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   248
Зерттеу материалдары мен әдістемесі. Қазіргі таңда Европа елдерінде, АҚШ-та, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Оңтүстік Африкада мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру жүйесін дамытудың жалпы тенденциялары анықталған. Бірақта, жалпы білім беретін мектептерде аталған процесті ұйымдастыру тәсілдерінде айтарлықтай айырмашылықтар бар.
Мысалы, Англияның ұлттық білім беру саясатына сай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үрдісіне жергілікті білім беру органдары жауапты. Көрсетілген ведомствалар мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу жетістіктеріне жүйелі бақылау мен мониторинг жүргізіп, мектептің ата-аналармен белсенді және үйлесімді қарым-қатынас ортануына, балаларға мектеп ішілік қолдау көрсетуге назар аударуда.
Ата-аналардың білім беру мекемелерінің білім алу қажеттіліктері бала құқықтарын сақтамау шағымдары 2002 жылы қабылданған Трибунал заңымен реттеледі Ангия үкіметі ақшалай қаражатты бөлу туралы өз шешімдерін қабылдап барлық балаларға арнайы білім беру қажеттіліктерін қолдау үшін федералдық бюджеттің басым бөлігін бөледі. Шет елдік зерттеушілер мектептің қаржылық жүйесі ашық емес болғандықтан оны қадағалау қиын. Бұл үрдістің басқару жүйесін одан әрі жетілдіру үшін қаражаттар балалардың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмсалады[4,5].
2003 жылы Англияның Білім департаменті қосымша білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа іс-қимыл жоспарын шығарды. Оның мақсаты - білім берудің қол жетімділігін арттыру, оқыту мен оқудың стандарттарын көтеру, ата-аналар мен тәрбиешілер арасындағы серіктестік қатынастарды құру арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға өз мүмкіндіктерін іске асыруға көмектесу. Қазіргі уақытта, инклюзивті білім беру саясатының орталығында Білім министрлігі 2004 жылы «Әр бала маңызды» (ECM) құжатын әзірледі. Бұл бағдарлама 2020 жылға дейін балалардың тағдырын тоқтата алатын және әр баланың өз әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін шара ретінде уақтылы, қажетті көмек көрсетуге бағытталған. Оның назары «әлеуметтік оқшаулау - адамды қоғамнан шеттетуге» қарсы күреске бағытталған [6].
АҚШ -та мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру жүйесі ел заңнамасымен реттеліп, ұлттық білім беру саясатына сай іске асады.Алайда мектептің ұйымдық құрылымын өзгерту мәселесі мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру ортасының шектеулі шарттарын құру жергілікті білім беру органдары мен мектеп әкімшілігінің міндеттері.
Жаңа Зеландияның Ұлттық білім беру саясаты мүмкіндігі шектеулі балаларға қатынасы бұл балалардың жалпы білім беретін мектептерде білім алуға құқықтарын реттейді және 2014 жылға қарай ол жергілікті білім беру органдарына инклюзивтік мектептер құруды 100% қамтамасыз етуді тапсырды. Жалпы білім беретін мектептерде әр баланың қажеттілігін ескере отырып, жалпы мектеп бағадарламасына сай әрбір баланың қабілеттерін және мүмкіндіктерін дамытуға тиімді стратегиялар және қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді [7,8].
Финляндияда мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру мәселелері ұлттық деңгейде шешіледі. Фин педагогтары мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерде оқи алатынына 90% сенеді.
Францияда 1989 жылғы білім туралы заңда елде тұратын барлық балалар мен жасөспірімдерге, әлеуметтік шығу тегіне, мәдени деңгейіне және ұлтына қарамастан білім алу құқығы бекітілген. Сол заң арнайы білім берудегі интегративті тенденцияларды да растады.[9]
Жалпы білім беретін мектеп аясында аталған сыныптардан басқа, мүмкіндігі шектеулі балаларға білім алудың басқа нұсқалары қарастырылған. Атап айтқанда:
1. Бала жалпы оқу жоспарына сәйкес қалыпты сыныпта оқи алады, бірақ мектепте және одан тыс жерде болған кезде қосымша көмек алады (медициналық процедуралар, педагогикалық-психологиялық көмек және қолдау және т.б.). Мысалы, қимыл-қозғалыс бұзылыстары бар балалар әдеттегі сабаққа және сонымен бірге мектепте ашылатын немесе жақын жерде орналасқан бейімдеу орталығына бара алады.
2. Оқушыға білім беру қалыпты және қосымша бағдарламаларды үйлестіре алатындай етіп құрылымдалған (мектеп жағдайында немесе оның сыртында). Мысалы, жалпы білім беретін мектепте оқитын көру қабілеті бұзылған бала жалпы оқу жоспары бойынша оқиды және сонымен қатар Брайль шрифтін меңгереді. Сондай-ақ, есту қабілеті зақымдалған және жалпы білім беру бағдарламасы бойынша құрдастарымен бірге оқитын оқушы белгілі бір сағаттарда музыкалық немесе дене ритмикасы (верботональды әдіс) бойынша сабаққа қатыса алады.
3. Оқушыны арнайы сынып пен арнайы бағдарламада оқыту жалпы білім беру бағдарламасының кейбір пәндерін құрдастарымен бірлесіп оқуымен ұштастырылуы мүмкін.
4. Білім беру арнайы сыныпта және арнайы бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады, бірақ бала жалпы мектепте бос уақытты өткізуге, яғни спорттық шаралар, экскурсияларға қатысады және құрдастарымен көптеген режимдік сәттермен (таңғы ас, түскі ас) бөліседі.
Білім берудің оқу бағдарламаларын өзгертуге зияты терең және ауыр зақымдалған балалар мен жасөспірімдерге ғана рұқсат етілетінін атап өту маңызды. Дамуындағы басқа бұзылыстарында, әдетте, қосымша «көмек» стратегияларын, әдістері мен құралдарын қолдана отырып, жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына сәйкес оқиды.
Исландияның жалпы білім беру Заңында инклюзивті білім беру барлық балалардың білім алуына жетекші рөл атқарады. Сонымен қатар арнайы мектептер мен арнайы сыныптар жұмыс істейді. Жалпы Ұлттық білім беру бағдарламасында білім мазмұны, обьектісі, мақсаттары көрсетілген. Білім беру бағдарламасының деректемелері, әдістері, құрылымын әр мектеп өзі реттейді. Исландияның педагогтары мүмкіндігі шектеулі балалардың қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне қарай дифференциалды әдістер арқылы базалық білім беруге бағытталған.
Швеция интеграция идеясын ілгерілету сәтті шыққан елдердің бірі болып саналады. Мұнда интеграциялық үдерістер үлкен дәрежеде саяси процестердің көрінісіне айналды. 1986 жылы елде социал-демократиялық үкімет билікке келді, ал 1989 жылы орта білім туралы жаңа заң, ал 1990 жылдан бастап арнайы тәрбиешілерді даярлаудың қайта қаралған бағдарламасы қабылданды. 1995 жылы мұғалімдердің, тәрбиешілердің және директорлардың рөлін басқаша анықтайтын жаңа білім стандарты шықты. Стандарт 5 және 9 сыныптардың соңына дейін жетуі керек білімнің міндетті деңгейін ғана белгілейді. Білім министрлігі мұғалімдерден оқу мақсатына жететін оқыту әдістерін өздері анықтай алады деп күтеді.
Австрия, Бельгия, Франция, Греция, Люксембург, Нидерланды, Щвейцарияның арнайы білім беру педагогтары әрқашан мектеп қызметкері емес, бірақ мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақта, сабақтан тыс уақытта, педагогтарға бағдарлама құрастыруға, материалдарды бейімдеуге қатысты топтық немесе жеке кеңестер жүргізеді[10]. Инклюзивті білім беру жүйесінде осы моделдерді жүзеге асыру бағалы. Себебі, мүмкіндігі шектеулі балаларға жалпы сыныпта екі педагогтың мақсатқа бағытталған қолдауы көрсетіледі. Біздің ойымызша жалпы және білім беру педагогтары мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру процесінде кәсіби шеберлік, білім, дағдыларын дамытуға бағытталған.
Италияда міндетті білім беру тек 1928 жылы көрмейтіндер мен сөйлеу тілінде кемістігі бар балаларға (егер оларда қосымша бұзылыстары болмаса) қолданыла бастады. Мүмкіндігі шектеулі балалар құқық бұзушылық жасөспірімдерге арналған арнайы сыныптарда немесе мекемелерде оқуы керек еді. 1948 жылғы Италия Конституциясы бұл жағдайды түбегейлі өзгертті. 34-бапқа сәйкес мүгедектер білім алуға және жұмыс істеуге құқылы деп танылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жүйелі сабақтарға біріктірудің себебі мүмкіндігі шектеулі балалардың одан әрі дамуына деген қамқорлық пен жауапкершілік болды.
Қазіргі таңда мектепте білім берудің барлық табалдырығында арнайы педагог Бакалавр дәрежесі мен сертификатталған педагог болуы тиіс. Университетті бітірген соң аталған арнайы педагогтар Ұлттық білім беру бағдарламасына сай құрылған жылдық курстардан өтеді. Білім Министрлігінің шешімі бойынша Университеттер арнайы педагогтарды дайындауда жауапкершілік алады. 2011 жылдан бастап Италияның білім министрлігі арнайы педагогтардың жұмысына жаңа талаптар енгізді: мүмкіндігі шектеулі 4 балаға жеке қолдау көрсету, ерте қолдау көрсету 2 балаға.
Германияда инклюзивті білім беруді енгізу баяу жүрді. Дамуында физикалық, психикалық, әлеуметтік немесе эмоционалды мәселелері бар әр бесінші баланың біреуі ғана жалпы білім беретін мектепте оқуға мүмкіндігі болатын. Елде заң мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепке міндетті түрде баруды реттейді. Егер бала оқуда құрдастарынан артта қалып жатса, мектеп басшылығы олардың ерекше білім беру қажеттіліктері бар деген қорытынды жасайды және қай мектепке бару керектігін шешеді (арнайы немесе жалпы білім беру, дегенмен бұл оқушыларға қосымша білім беру көмегін ұсынады). Егер ата-ана баласын беруден бас тартса, мектеп басшылығы ата-ананың шешіміне сотқа шағымдана алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет