Əр жерде жүрген жерің сайран керей,
Соятын қонағына тайдан керей,
Біраз күн қолым тиіп бармай қалсам,
Өлердей сағынамын қайран керейі —
деп мақтап ап, ақырында:
Көрмесем кетіретін дамылымды,
Бармасам алатұғын сабырымды,
Еншалла құдай білед деп айтайын,
Ешуақыт көрген емен забырыңды.
Құдайдан күні-түні мен тілеймін,
Кереймен бірге қыл деп қабырымды!
дегенде, қасындағы керейлер еңкілдеп жылап жібереді.
Ыбырай суырып салма ақындығының үстіне,
жалықпайтын жыршы
екен. Ол қақ өмірінен де, шығыстық елдер, əсіресе — фарсы, араб өмірінен
де көп оқиғаны жыр ғып айтады. «Еркөкше» дейтін жырды ол бір түнге
жеткізді. Фарсыдан келген «Тотының тарауын», арабтан келген «Мың бір
түнді» өлеңдеткен ол əлденеше күнге созады.
Қулық қып айтатын күлкілі кеңестерінде түп жоқ. Орындауы — нағыз
артист.
Ыбырайдың өмірбаянын оның əн-өлеңдерінің тарихын жасауда,. 1930
жылы колхоздық құрылыста асыра-сілтеудің құрбаны болған оның ардақты
есімін тірілтуде, бірталай қатынасым
болған менің Ыбырай туралы
жазғандарым көп, сондықтан ол туралы бұл арада ұзартпаймын.
Қысқартқанда айтарым: балалық шағымда өнеріне қатты қызыққан
«осындай болсам-ау!» деп арман еткен адамымның бірі — Үкілі Ыбырай.