Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық



Pdf көрінісі
бет33/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
№ 2 ж ұм ы с
.
Үрмебұршақ тұқымжарнағынан протопластарды бөліп 
алу 
Кажетті материалдар мен аспаптар: 
Үрмебұршақ өскіндері. 
5%-тік кальций гипохлориті; ПШО 13М ортасы; 2%-тік 
мейцелаза ерітіндісі; 2%-тік розим HP150 ерітіндісі; 0,03%-тік 
мацерозим R10 ерітіндісі; 0,02-0,1%-тік метил көгінің ерітіндісі. 
Центрифуга; микроскоп; нейлон елеуіші (сито); айналмалы 
шайкағыш. 
Жұмыстың орындалутәртібі: 
1.
Үрмебұршақтың 3-6 күндік өскіндерінің тұқымжарнақтарын 
кесіп алады. 
2.
Тұқымжарнақтарды 5%-тік кальций гипохлоритінде 10 мин 
стерильдейді де, стерильді дистильденген сумен 3 қайтара 
шаяды. 
3.
Тұқымжарнақтардан ені 1 мм болатын кесінділер дайындап, 1 
сағат ПШО 13М ерітіндісінде инкубациялайды (плазмолиз 
эффектісін тудыру үшін). 


4.
Кесінділерді, құрамы төмендегідей, ферменттік ерітінді 
қоспасына салады: 2%-тік розим HP150, 2%-тік мейцелаза, 
0,03%-тік мацерозим R10 (рH 5,8), Кесінділерді осы ортада 16-17 
сағат 27 С-да шайқағыш аппаратта (30 айналым/мин 
жылдамдықта) инкубациялайды. 
5.
Инкубациялық қоспаны пораларының диамстрі 64 мкм елеуіш 
арқылы өткізіп, әрі тұқымжарнақтардың кесінділерін 
жайлап сыға отырып, протопластарды бөліп алады. 
6.
Қоспаны 120g жылдамдықта 10 мин центрифугалау арқылы 
протопластарды бөліп алады да, 3 қайтара ПШО 13М ортасымен 
шаяды. 
7.
Тіршілікке қабілетті протопластарды анықтайды. Ол үшін 
протопластарды мстил көгімсн (0,02-0,1%) бояйды. Тек өлі 
клеткалар ғана боялады. 
8 тарау бойынша бақылау сұрақтары 
1. Соматикалық будандастыру деген не? 
2. Протопластарды бөліп алудың қандай әдістері бар? 
3. Протопластарды жасанды жағдайда қалай өсіруге болады? 
4. Протопластардың тіршілікке қабілеттілігін аныктау. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет