Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


Азаланды аһ ұрды  (А. Шамкенов); Азалы



Pdf көрінісі
бет154/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

Азаланды
аһ ұрды 
(А. Шамкенов);
Азалы
– 
қайғылы, қаралы, мұңды.
Бөжейдің асы өтті, қаралы жыл 
толды, енді 
азалы 
күндер бітті дегеннің белгісі еді
(М. Әуезов).
Азалы
ақ көрпесін сілке тастап, Жер күлімдер өзіне шырай беріп 
(Абай). 
Азан 
– 
діни. Елді намазға шақырғанда, дүниеге келген нәрестеге ат 
қойғанда айтылатын намаздың кіріспе діни дұғасы.
Араб сөзі – 
азанун
/призыв на молитву/, 
намазға шақыру
(АРС., М., 1958,34).
Молдалар аспай-
саспай 
азан
айтып, намаз оқуға кірісті
 (Айни); 
Азан айтып қойған аты 
– шын, ең алғаш қойылған ат.
Жетінші кенже 
баласына «барлық ұлым бай болып өссін» деген үмітпен молдаға 
азан 
шақыртып, ат қоярда
құлағына «Жеті байлап» айқайлаған 
(Д. Еркінбеков); 
Бес азан
– 
молдалардың намазға шықыратын бес уақыттағы азаны.
Молдалар айтар 
бес азан.
Үлкендерге жолымен Қашпа бала қашпа деп, 
Алдынан шықты ер Қазан 
(«Қобыланды батыр»);
Азаншы
– 
діни. Азан айтып, жұртты намазға шақырушы.
Село 
мешітінің мұнарасынан 
азаншының 
шақырған дауысы діншілерге намаз 
сағатының жақындап қалғанын ескертті
(М. Ибрагимов).
Мешіт 
азаншысы
да, шіркеу қоңыраушысы да ашулы топқа үрейлене қарайды 
(Ә. Сәрсенбаев).
Азар
– 
қорлық, реніш, азап.
Бұл сөз дәл осы мағынасында қазақ, қырғыз, 
қарақалпақ т.б. көптеген түркі тілдерінде кездеседі. Парсы тілінде 
азар
– 
реніш, 
қорлау /
обида; оскорбление/
 (ПРС. М., 1959,35). 
Н.А. Баскаков


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет